Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 21 маусымда № 15240 болып тіркелді.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26 және 50-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _____________ Д. Абаев

      2017 жылғы 5 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 22 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _____________Қ. Бозымбаев

      2017 жылғы 20 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 11 сәуірдегі
№ 161 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 10.06.2025 № 125-НҚ (10.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 04.06.2025 № 109-НҚ (10.06.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 04.06.2025 № 106-НҚ (10.06.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.