Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерiн белгiлеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 02 желтоқсандағы № 14188 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2011 жылғы 23 желтоқсанда № 5-1-173 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 8853 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 622 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы ішкі су жолдарының жағалау белдеуін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 910 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 34, 469-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі су жолдарының жағалау белдеуін пайдалану ережесінде:
      4-тармақ алып тасталсын;
      5-тармақтың бірінші абзацы алып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Жағалау белдеуінде орналасқан объектілерді салу немесе қайта жаңарту жобалары міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылуы тиіс.".
      2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов