"2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 261 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қызылорда облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 29 маусымдағы N 293 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 14 шілдеде N 4272 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 06 желтоқсандағы N 330 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 22.04.2016 № а-4/73 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6)–тармақшаларына сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбекшілдер ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Еңбекшілдер ауданы әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т.Хамитов