Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты бөлу және пайдалану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 257 Қаулысы

      «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңын және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражат бөлу;
      2) Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты пайдалану қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.30 № 597 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың іске асырылу барысы туралы есептер берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жарты жылда бір рет, есептіден кейінгі айдың 10-күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      5. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2011 жылғы 11 наурыздағы 
№ 257 қаулысымен     
бекітілген        

Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты пайдалану қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңын және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленген.
      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл – халықтың денсаулығын анықтайтын өмір салты, қоршаған орта, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың факторларын жақсарту жөніндегі мемлекеттік органдардың, жеке және қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылы;
      2) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері – денсаулық сақтау мәселелері және олардың іске асырылу мониторингі бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде іске асырылатын іс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асыратын білім және ғылым, денсаулық сақтау, туризм және спорт, байланыс және ақпарат, еңбек және әлеуметтік қорғау, ішкі істер, төтенше жағдайлар саласындағы орталық уәкілетті органдар.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.10.18 № 1188 Қаулысымен.
      3. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру бюджет заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

2. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі

      4. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылы шеңберінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға пайдаланылады.
      5. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылға нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану бюджет заңнамасына, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде бас бостандығынан айыру орындарындағы және одан босатылған адамдардың арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер қамау орындарындағы АИТВ инфекциясы профилактикасының бағдарламасын іске асыруға және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік сүйем бас бостандығынан айыру орындарындарында АИТВ/ЖИТС-пен күрес үшін үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін дамытуға пайдаланылады.
      7. Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар мен одан босатылған адамдардың арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша іс-шараларды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтаудың жергілікті уәкілетті органдары жүзеге асырады.
      8. Бас бостандығынан айыру орындарындағы және одан босатылған адамдардың арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары жүзеге асырады.
      9. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер витаминді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдерін мектептердегі балаларды тамақтандыру рационына енгізу үшін балалар мен оқушылардың дұрыс тамақтануын, балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануына және физикалық және психологиялық денсаулығына байланысты ауруларының профилактикасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың арасында тірек-қимыл аппараты ауруларының профилактикасы бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеуге пайдаланылады.
      10. Білім және ғылым саласындағы орталық уәкілетті орган балалар мен оқушылардың дұрыс тамақтануын, балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы мен физикалық және психологиялық денсаулығын қалыптастыруға байланысты аурулардың профилактикасын қамтамасыз ету жөніндегі тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай ұйымдастырушысы болады.
      11. Мектеп жасындағы балалардың арасында тірек-қимыл аппараты ауруларының профилактикасы бойынша, витаминді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдерін мектептердегі балаларды тамақтандыру рационына қосу бойынша іс-шараларды өткізуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру жергілікті уәкілетті органдары жүзеге асырады.
      12. Денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы орталық уәкілетті органдар облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттерді аударуды бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

3. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдардың іс-шараларын іске асыруға бөлінетін қаражатты пайдалану тәртібі

      13. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылға көзделген қаражат Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мынадай мақсаттарына жету үшін жұмсалады:
      1) мемлекеттік, қоғамдық және бизнес-құрылымдардың қызметтерін үйлестіру арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру, сақтау және нығайту;
      2) мінез-құлықтық қауіп факторларының профилактикасына және бақылауды күшейтуге жүйелік және кешенді тәсіл арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру;
      3) халықтың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету және тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы;
      4) балалар мен жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын қалыптастыру;
      5) жол-көлік жарақаттанушылығын және одан болған өлімді азайту;
      6) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды төмендету;
      7) пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылық пен олардан болған өлім деңгейін азайту.
      14. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылға бөлінген қаражатты пайдалану бюджет заңнамасына, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      15. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің іс-шараларды өткізу үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің емдеу-профилактикалық мекемелері үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі сатып алатын медициналық техникалардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаумен министрлігімен келісіледі.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.30 № 597 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.18 № 1188 Қаулыларымен.
      16. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдар ұсынатын азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың іске асырылу барысы туралы есептер:
      1) іс-шаралардың нақты орындалуы туралы (нәтижелерге қол жеткізілген сатылары);
      2) нәтижелерге қол жеткізілмеу себептері туралы;
      3) бөлінген қаражаттың игерілуі туралы ақпараттан тұруы тиіс.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 11 наурыздағы
№ 257 қаулысымен    
бекітілген       

2011 жылға азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша
сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға
қаражатты бөлу

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің
2011.05.30 № 597 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі), 2011.10.18 № 1188, 2011.12.05 N 1456 (2011.01.01 бастап
қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

Іс-шаралар атауы

Жауапты мемлекеттік органдар

Сома,
мың теңге

5.1. Мақсат. Мемлекеттік, қоғамдық және бизнес құрылымдардың қызметін үйлестіру арқылы азаматтардың денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту

1

Еңбегіне зиянды жағдайлардағы жұмысшылардың ең жоғарғы жұмыс уақытының ұзақтығын анықтау жөніндегі зерттеу жүргізу

Еңбекмині

9 809

5.1.1. Мақсат. Профилактикаға жүйелі және кешенді тәсіл арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру және мінез-құлықтық қауіп факторларын бақылауды күшейту

1

Телерадиотарату арналарында көрнекті қоғам қайраткерлерін қатыстырып темекі шегуді, алкогольді шектен тыс тұтынуды және есірткіні тұтынудың алдын алу және емдеу бойынша ақпараттық-насихаттық баспа басылымдарын әзірлеу және шығару

ТСМ

98 640

2

Спортты және саламатты өмір салтын насихаттау жөнінде әлеуметтік бейнероликтер жасау

ТСМ

12 000

3

Бұқаралық спорт түрлері бойынша жыл сайын спартакиадалар ұйымдастыру және өткізу

ТСМ

50 000

4

Республикалық деңгейде денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне арналған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік телевизиялық бағдарламасын құру

БАМ

6 240

5.1.2. Мақсат. Халықтың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету және тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы

1

Халықтың дұрыс тамақтану дағдыларын және тамақ өнімдері қауіпсіздігін қалыптастыру

ДСМ

163 764

2

Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау кампаниясын жүргізу

ДСМ

32 435


3

Мектептердегі балаларды тамақтандыру рационына витаминді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдерін енгізу, оның ішінде Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға Алматы облысының (Талғар ауданы) облыстық бюджетіне нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша

БҒМ

100 000


оның ішінде:

Алматы облысының әкімдігі (Талғар ауданы)

100 000

5.1.3. Мақсат. Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық және тәни денсаулығын қалыптастыру

1

Мектеп жасындағы балалардың арасында тірек-қимыл аппараты ауруларының профилактикасы бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу, оның ішінде Қарағанды облысының облыстық бюджетіне, Астана қаласының қалалық бюджетіне нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша

БҒМ

50 000

Қарағанды облысының әкімдігі

39 632

Астана қаласының әкімдігі

10 368

2

Жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы мәселелері бойынша ақпараттық кампания (бейне және аудио роликтер шығару) жүргізу

ДСМ

5 460

5.1.4. Мақсат. Жол-көлік жарақаттанушылығы және одан өлім-жітімді төмендету

1

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әлеуметтік роликтерді құру және орталық, республикалық телеарналарда олардың прокатын қамтамасыз ету

ІІМ

21 280

2

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша республикалық телеарнада арнайы бағдарламалар құру

ІІМ

14 490

3

Жол-көлік оқиғалары және ЖКО-дан зардап шеккендер есебінің ақпараттық-талдау жүйесін әзірлеу және енгізу

ІІМ

74 538

5.1.5. Мақсат. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зиян шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды төмендету

1

Техникалық пайдалану үшін тікұшақтар мен жабдықтар сатып алу

ТЖМ

13 701 118

2

6 трассалық шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету пункттерін құру

ТЖМ

378 491

5.1.6. Мақсат. Пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылық пен өлім-жітімі деңгейін төмендету

1

Туберкулезбен, АИТВ/ЖИТС-пен және басқа аурулармен ауыратындарға медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру үшін қылмыстық-атқарушылық жүйенің емдеу-профилактикалық мекемелерін медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету

ІІМ

1 091 000

2

Саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған, оның ішінде бас бостандығынан айырылған адамдар арасында туберкулез, АИТВ/ЖИТС мәселелері жөніндегі ақпараттық материалдарды басып шығару және тарату

ІІМ

3 616

3

АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша жұмыс істейтін ҮЕҰ әлеуетін арттыру, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту

ДСМ

4 711

4

Бас бостандығынан айыру орындарында жүрген және одан босатылған адамдар арасында АИТВ-инфекциясының профилактикасы жөніндегі әлеуметтік жобаларды іске асыру, соның ішінде облыстардың және Астана, Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша

ДСМ

36 821

Ақмола облысы

4 086

Ақтөбе облысы

1 250

Алматы облысы

2 481

Атырау облысы

1 400

Шығыс Қазақстан облысы

3 926

Жамбыл облысы

1 478

Батыс Қазақстан облысы

940

Қарағанды облысы

6 789

Қызылорда облысы

821

Қостанай облысы

2 946

Маңғыстау облысы

1 561

Павлодар облысы

3 643

Солтүстік Қазақстан облысы

1 823

Оңтүстік Қазақстан облысы

2 209

Алматы қаласы

755

Астана қаласы

713

Барлығы

15 854 413

Ескерту: аббревиатуралардың мағынасын ашып жазу

ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
БАМ – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
ТСМ – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
ЕХӘҚ – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ҮЕҰ – Үкіметтік емес ұйымдар