Ерейментау ауданында мүгедектер үшін, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшін жұмыс

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № А-2/57 қаулысы. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 10 наурызда № 1-9-168 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № а-4/126 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № а-4/126 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2012.10.18 № А-10/525 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 23.10.2013 № а-10/522 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Ерейментау ауданында мүгедектер, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бiтiрген кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы көлемінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 06.11.2015 № а-11/550 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Ерейментау ауданы әкімдігінің "2010 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыздық көлемінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № а-3/356 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-9-142 тіркелген, 2010 жылғы 6 ақпанда "Ереймен" аудандық газетінде және 2010 жылғы 6 ақпанда "Ерейментау" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Көшкінбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ерейментау ауданының әкімі М.Мыңжанов