РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ерейментау ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы", Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № А-2/57 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің № 1-9-168 тізілімінде тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2011 жылғы 26 наурызда, және аудандық "Ерейментау" газетінде 2011 жылғы 26 наурызда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетiлген қаулының 1 тармағы келесi редакцияда жазылсын:
"1. Ерейментау ауданында мүгедектер, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бiтiрген кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы көлемінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Е.Әлжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау ауданының әкімі | Е.Нұғыманов |