Ерейментау ауданында мүгедектер үшін, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № А-2/57 қаулысы. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 10 наурызда № 1-9-168 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2012.10.18 № А-10/525 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-25-5 және 5-6 тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуіріндегі Заңының 31 бабының 1 тармағына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ерейментау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бiтiрген кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызы көлемінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2012.10.18 № А-10/525 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Ерейментау ауданы әкімдігінің «2010 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыздық көлемінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № а-3/356 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-9-142 тіркелген, 2010 жылғы 6 ақпанда «Ереймен» аудандық газетінде және 2010 жылғы 6 ақпанда «Ерейментау» аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Көшкінбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау ауданының әкімі                 М.Мыңжанов