Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою туралы электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 418 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 желтоқсанда № 7362 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 178 Бұйрығымен.

      «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өмірзақ Естайұлы Шөкеев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      мына:
«Құлыбаев                 - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Тимур Асқарұлы              акционерлік қоғамының басқарма төрағасы»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Шөкеев                   - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Өмірзақ Естайұлы            акционерлік қоғамының басқарма төрағасы»

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсімов