РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 20-бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі "Талдықорған қаласында 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (Алматы облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 5 мамырдағы тіркелген нөмірі 2-1-142, "Талдықорған" газетінің 2011 жылғы 13 мамырдағы 21-нөмірінде жарияланған) N 9-400 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1-қосымшасында:
көрсетілген қаулымен құрылған шақыру комиссиясының құрамына:
Жандос Бейсенбекұлы Жолдыханов - қала әкімі аппаратының бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Шыңғыс Тұрарбайұлы Немеребаев шығарылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.А. Алпысовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М. Бигелдиев