Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрнің м.а. 2011 жылғы 5 тамыздағы № 284-Ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 5 тамыздағы № 232 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 тамызда № 7116 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 541 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 496 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 02.04.2013 N 217 (алғаш жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) бұйрығымен.

      "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі № 29 Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау ережесін бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 10 шілдедегі № 341 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4341 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2006 жылғы қазан, № 15, 226-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау ережесінде:
      12-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) "Д" санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізушілерді даярлау үшін адам жиырма бір жасқа толу керек, кем дегенде үш жыл жүргізуші өтілі, оның ішінде "С" санатына жататын көлік құралдарын кем дегенде бір жыл басқару өтілі болу қажет."
      2. Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Б.Б.Бисенқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В.Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетіне (Б.Б.Бисенқұлов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрықтың алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Қ. Қасымов