"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы № 77-НҚ бұйрығына өзгеріс енгі

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2011 жылғы 28 маусымдағы № 192-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 22 шілдеде № 7082 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 550 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 № 971 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттарын және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 20 шілдедегі № 168-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4883 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл, маусым-тамыз) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттары және ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттары және ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, оның ведомствосында және олардың аумақтық органдарында, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағындағы қазыналық кәсіпорындарда, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың, халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерден басқа азаматтық қызметшілерін (бұдан әрі – қызметшілер) аттестациядан өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.».
      2. Әлеуметтік көмек департаменті (Қ.А. Манабаева):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі                   Г. Әбдіқалықова