Техникалық реттеу және метрология саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2011 жылғы 12 мамырдағы № 140 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 30 мамырдағы № 149 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 маусымда № 7036 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 440 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 5 Бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2011.12.02 № 440 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2012.01.12 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 13-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған техникалық реттеу және метрология саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев):
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. «Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 26 және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 4 наурыздағы № 118 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6137 болып тіркелген, 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 49 (1671) «Заң газеті» газетінде жарияланған) бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі Н.К. Әбдібековке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Индустрия және жаңа                  Қазақстан Республикасының
      технологиялар министрінің            Экономикалық даму және
      міндетін атқарушы                    сауда министрінің міндетін
      __________________ А. Рау            атқарушы
                                           ___________ М. Құсайынов

Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрі
міндетін атқарушының     
2011 жылғы 12 мамырдағы    
№ 140 және          
Қазақстан Республикасы Экономикалық
даму және сауда министрі  
міндетін атқарушының   
2011 жылғы 30 мамырдағы  
№ 149 бірлескен      
бұйрығымен бекітілген   

Техникалық реттеу және метрология саласындағы жеке кәсіпкерлік
аясында тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Техникалық реттеу және метрология саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдері (бұдан әрі - өлшемдер) «Техникалық реттеу туралы»«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» және «Казақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес техникалық реттеу және метрология саласындағы тексерілетін субъектілерді мемлекеттiк метрологиялық бақылау саласында қызметті жүзеге асыру және өнімді сату кезінде тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленген.
      2. Осы өлшемдерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) iшкi сауда (iшкi сауда қызметi) - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi;
      2) көтерме сауда - жеке, отбасылық, үйішiлiк және осыған ұқсас өзге де пайдаланумен байланысты емес, кейiннен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
      3) тәуекел - тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне олардың ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдылығы;
      4) бөлшек сауда - тауарларды тұтынушыларға олардың жеке пайдалануы үшiн сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
      5) техникалық реттеу саласындағы тексерілетін субъектілер – техникалық регламенттің талаптары қолданылатын және/немесе сәйкестігін міндетті растауға жататын өнімді өткізетін жеке және заңды тұлғалар;
      6) метрология саласындағы тексерілетін субъектілер – Қазақстан Республикасы аумағында өлшем бірлігін қамтамасыз етумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
      3. Техникалық реттеу және метрология саласындағы тәуекел өлшемдері мыналарға бөлінеді:
      1) объективті:
      өнімді өткізу саласында - өткізілетін өнімнің түрі;
      мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында - қызмет түрі.
      2) субъективті – жүргізілген тексерістер нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасы Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің техникалық реттеу және метрология саласындағы қаулылары талаптарының бұзылуы.
      4. Техникалық реттеу және метрология саласындағы тексерілетін субъектілерді тәуекелдердің әртүрлі дәрежелеріне бастапқы жатқызу объективті өлшемдер есебінен жүзеге асырылады.
      5. Техникалық реттеу және метрология саласындағы тексерілетін субъектілерді тәуекелдердің әртүрлі дәрежелеріне кейіннен жатқызу субъективті өлшемдер есебінен жүзеге асырылады.

2. Тәуекел дәрежесiн бағалаудың объективті өлшемдері

      6. Өнімді өткізу сатысындағы тәуекел дәрежесі Қазақстан Республикасының аумағында оларды өткізу процесінде өнімнің жекелеген түрлерінің адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру ықтималдылығына байланысты анықталады.
      7. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне Қарағанды облысы, Алматы және Астана қалалары үшін сауда залының алаңы 800 кв.м. және одан көп, Қазақстан Республикасының қалған өңірлері үшін 500 кв.м. және одан көп бөлшек саудамен айналысатын техникалық реттеу саласындағы тексерілетін субъектілер, сондай-ақ төмендегі өнім түрлерін сатуды жүзеге асыратын сауда залының алып отырған алаңына және/немесе көтерме саудаға қарамастан мұнай өнімдерін сататын субъектілері жатады:
      1) ойыншықтар;
      2) дәрі-дәрмек құралдары және медициналық бұйымдар;
      3) жеңіл өнеркәсіп өнімі;
      4) ауыл шаруашылығы өндірісінің және тамақ өнеркәсібінің өнімдері;
      5) парфюмерлік-косметикалық өнім;
      6) құрылыс материалдары мен бұйымдары;
      7) адамның терiсiмен, тамақпен және сумен жанасатын халық тұтынатын тауарлар;
      8) тұрмыстық химия тауарлары;
      9) электротехникалық, радиотехникалық және электрондық тауарлар;
      10) мұнай өнімдері.
      8. Тәуекелдің орташа дәрежесіне бөлшек саудамен айналысатын және меншік құқығында немесе жалдау шарты негізінде пайдаланатын сауда залының алаңы 800 шаршы м. және одан астам Қарағанды облысы үшін, Алматы және Астана қалалары үшін және Қазақстан Республикасының қалған өңірлері үшін 500 шаршы м. және одан астам және/немесе көтерме саудамен айналысатын және/немесе мынадай өнім түрлерін өткізуді жүзеге асыратын техникалық реттеу саласындағы тексеру жүргізілетін субъектілер жатады:
      1) автокөлік құралдары және олардың бөлшектері мен детальдары;
      2) ауылшаруашылығы техникасы;
      3) әлеуетті қауіпті өндірістерге арналған жабдық;
      4) өңделген ағаш тауарлары;
      5) қызметтік және азаматтық қару және олардың патрондары;
      6) жылытқыш аппаратура.
      9. Тәуекелдің төмен дәрежесіне бөлшек саудамен айналысатын және меншік құқығында немесе жалдау шарты негізінде пайдаланатын сауда залының алаңы 800 шаршы м. және одан астам Қарағанды облысы үшін, Алматы және Астана қалалары үшін және Қазақстан Республикасының қалған өңірлері үшін 500 шаршы м. және одан астам және/немесе көтерме саудамен айналысатын және/немесе мынадай өнім түрлерін өткізуді жүзеге асыратын техникалық реттеу саласындағы тексеру жүргізілетін субъектілер жатады:
      1) темір жол саласының өнімдері;
      2) байланыс құралдары;
      3) күзеттің арнайы техникалық құралдары;
      4) орап салу ыдыстары;
      5) мемлекеттiк құпияларды және қызметтiк ақпаратты қамтитын мәлiметтердi қорғаудың, өңдеудiң, сақтаудың және берудiң техникалық құралдары, сондай-ақ арнайы жедел-iздестiру iс-шараларының жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге арналған аппараттық және/немесе бағдарламалық құралдарды қамтитын телекоммуникация желiлерiнiң жабдығы.
      10. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау саласында қызмет ету кезінде тәуекел дәрежесі өлшемдерінің дұрыс емес нәтижелерінің салдарынан Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына және экономикасына зиян келтіру ықтималына қарай айқындалады.
      11. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне өлшемдермен байланысты қызметтер жатады, олардың нәтижелері:
      1) жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар;
      2) еңбек және көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар;
      3) қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау;
      4) өлшем құралдарын сынау, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру, калибрлеу, лицензияланатын қызмет кезінде пайдаланылады.
      12. Тәуекелдің орташа дәрежесіне өлшемдермен байланысты қызметтер жатады, олардың нәтижелері:
      1) геодезиялық, геологиялық және гидрометеорологиялық қызметті жүзеге асыру;
      2) қару-жарақ, әскери және арнайы техника, арнайы өнiмнiң басқа да түрлерiн өндiру;
      3) энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiн шығару, өндiру, өңдеу, тасымалдау, сақтау және тұтыну;
      4) мемлекеттік есепке алу операциялары сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнiм берушi, өндiрушi, орындаушы) арасындағы, оның iшiнде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерi салаларындағы сауда-коммерциялық операциялары;
      5) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес сәйкестiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру;
      6) мемлекеттiк органдардың, соттың және құқық қорғау органдарының тапсырмасы бойынша орындалатын жұмыстар кезiнде пайдаланылатын өлшемдерге қолданылады.
      13. Тәуекелдің төмен дәрежесіне өлшемдермен байланысты қызметтер жатады, олардың нәтижелері:
      1) ғылыми зерттеулер жүргiзу;
      2) ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тiркеу кезінде пайдаланылады.

3. Тәуекел дәрежесiн бағалаудың субъективті өлшемдерi

      14. Техникалық реттеу саласында анықталған бұзушылықтарына қарай техникалық реттеу саласындағы тексеру жүргізілетін субъектілерге мынадай балдар беріледі:
      1) техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді іске асыру – 20 балл;
      2) орам, таңбалау, затбелгісін жапсыру және оларды дұрыс салмау талаптарына сәйкес келмейтін өнімді қолдануды іске асырса, атап айтқанда:
      таңбалауда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтін болмаса – 5 балл;
      тұтынушы үшін құрамына, қасиетіне, өнімнің құндылығына (тамақ өнімдері үшін), шығу тегіне, дайындау (өндірісі) және қолдану (пайдалану) тәсіліне қатысты адастырмайтын бірдей түсінікті, толық және дұрыс ақпараттың, сондай-ақ өнімнің (тауардың) сапасы мен қауіпсіздігін тікелей немесе жанама сипаттайтын өзге де мәліметтердің болмауы - 30 балл;
      3) сәйкестік сертификатынсыз (декларациясыз) және немесе жалған сәйкестік сертификаты бар өнімді әкелу және (немесе) іске асыру – 10 балл;
      4) сәйкестік сертификатының (декларацияның) қолданыс мерзімі өткен өнімді әкелу және/немесе іске асыру – 5 балл;
      5) стандарттау бойынша мәлімделген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін өнімді іске асыру – 20 балл;
      6) өнімді шығару (оның ішінде жөндеуден), жеткізу (іске асыру) немесе қолдану (пайдалану), тиісті нормативтік құжаттарсыз жұмыстарды және қызметтерді орындау – 5 балл;
      15. Метрология саласында тексеру жүргізілетін субъектілеріне анықталған бұзушылықтарға байланысты мынадай балдар беріледі:
      1) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын және метрологиялық аттестаттаудан өтпеген өлшемдерді орындау әдісін қолдану – 5 балл;
      2) тексерілмеген және/немесе жөнделмеген өлшем құралдарын, шама бірліктерінің эталондарын қолдану (пайдалану) – 20 балл;
      3) үлгіні немесе метрологиялық аттестацияны (өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмеген) бекіту мақсаттары үшін сынақтан өтпеген өндірістен өлшем құралдарын шығару, өлшем құралдарын қолдану, іске асыру және жарнама - 20 балл;
      4) өлшем құралдарын шығару және жөндеу, оның ішінде дайындау, салыстырып тексеру және жөндеу, сондай-ақ стандарттық үлгілерді тиісті рұқсатсыз өндіру және метрологиялық аттестаттау - 10 балл;
      5) өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша өзекті емес нормативтік құжаттарды қолдану – 5 балл;
      6) орамда көрсетілген тауар мөлшерінің санына сәйкес келмейтін өнімді іске асыру – 20 балл;
      7) сауда операциялары кезінде бөлінетін тауарлардың санын сипаттайтын, салмағына, көлеміне, шығынына немесе басқа да шамасына сәйкес келмейтін өнімді іске асыру – 10 балл;
      8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектiлердi дайындау жөнiндегi лицензияланатын қызметке қойылатын бiліктiлiк талаптарының бұзылуы, атап айтқанда:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектiлердi дайындау жөнiндегi лицензияны (қайта ресімдеуді) алуға қатысты шарттарды сақтамау – 10 балл;
      стандарттау жөнiнде нормативтiк құжаттар, сондай-ақ белгiленген тәртiппен келiсiлген және бекiтiлген мемлекеттiк рәміздерді дайындау үрдісін регламенттейтiн техникалық құжаттардың (техникалық тапсырманың, техникалық шарттардың, конструкторлық-технологиялық құжаттаманың) болмауы - 5 балл;
      жеке меншiк құқығындағы немесе жалға алынған өндiрiстiк-техникалық базасының (өндiрiстiк үй-жайлар, технологиялық жабдықтар, өлшеу және бақылау құралдары, оның iшiнде қолданыстағы стандарттау жөнiнде нормативтiк құжаттар талаптарына сай дайындалған мемлекеттiк рәміздердің сапасын және оларды дайындаудың технологиялық үрдісінің сақталуын қамтамасыз ететiн түстер атласы) болмауы – 5 балл;
      пайдаланылатын өлшеу құралдарын және сынау жабдықтарын салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттарының болмауы – 20 балл;
      мемлекеттiк рәміздерді дайындаудың технологиялық үрдісіне қарай, өндiрушi әзiрлеген нұсқаулықтарда белгiленген, лицензияланатын қызмет саласында тиiстi бiлiктiлiгi және бiлiм деңгейi бар персоналдың болмауы - 5 балл;
      мемлекеттік рәміздердің, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес келмеуі - 20 балл.
      9) өлшем құралдарын шығару және жөндеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінің бұзылуы, атап айтқанда:
      Өлшем құралдарын шығару және жөндеу жөніндегі құқығына лицензия (қайта ресімдеу) алуға қатысты шарттарды сақтамау – 10 балл;
      өлшем құралдарын өндіруге (жөндеуге) нормативтік, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген және келісілген техникалық құжаттаманың (техникалық тапсырманың, техникалық шарттардың, конструкторлық-технологиялық құжаттаманың) болмауы – 5 балл;
      талап етілетін дәлдікпен өлшеу және сынау әдістерін регламенттейтін нормативтік құжаттардың болмауы – 5 балл;
      санитарлық нормалар мен ережелерге, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдарын өндіруге (жөндеуге, оның ішінде қабылдауға және сақтауға) арналған жеке меншік құқығындағы не мүліктік жалдаудағы өндірістік үй-жайлардың болмауы – 5 балл;
      жинақтаушы бұйымдар және өнімдер шикізатының сапасын толық көлемде бақылауды, шығарылатын өлшем құралдарын шығару және сынау кезінде әсер ететін шамаларды бақылауды (өндіріс үшін) және жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауды (жөндеу үшін) қамтамасыз ететін белгіленген тәртіппен метрологиялық аттестатталған не салыстырып тексерілген қажетті технологиялық, өлшеуіш және сынау жабдықтарының және оларды пайдалану жөніндегі басшылықтың болмауы – 20 балл;
      өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде шығарылған өлшем құралдарының тіркелмеген үлгілерін (өндіріс үшін) пайдалану – 10 балл;
      шығарылатын, жөнделетін және қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеруді қамтамасыз етілмеуі – 20 балл;
      біліктілік деңгейін анықтау мақсатында ішкі аттестаттаудан өткен, орташа арнадан төмен емес техникалық білімі, өлшем құралдарын жөндеу, юстирлеу және реттеу бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі (жөндеу үшін) бар мамандар штатының болмауы – 5 балл;
      өлшем құралдарын шығару және сынау сапасына ішкі бақылаудың құжатталған жүйесінің (өндіріс үшін) болмауы – 10 балл;
      өлшем құралдарын жөндеуді және белгіленген талаптарға сәйкес жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауды жүргізу үшін жағдайдың (жөндеу үшін) болмауы – 5 балл;
      өтініш берушінің санитарлық норма талаптарына сәйкестігін растайтын санитарлық қадағалау органдары қорытындыларының болмауы – 5 балл.
      16. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар болмаған жағдайда субъектіге 0 балл беріледі, одан кейін субъект мемлекеттiк метрологиялық бақылау саласындағы қызметтің түріне және іске асырылатын өнімнің түріне қарамастан тәуекелдің төменгі дәрежесіне ауысады.
      17. Балдар қосылады және техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тексеру субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу үшін пайдаланылады.
      18. Техникалық реттеу және метрология саласындағы тексеру субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу мынадай үлгіде жүзеге асырылады:
      тәуекелдің жоғары дәрежесі – 30 және одан жоғары;
      тәуекелдің орташа дәрежесі – 15-тен 25 балға дейін;
      тәуекелдің төмен дәрежесі – 0-ден 10 балға дейін.

4. Қорытынды ереже

      19. Техникалық реттеу және метрология саласындағы тексеру субъектілерін тексеруді жоспарлау тәуекелдің бір дәрежесінің ішінде мына үлгіде жүзеге асырылады:
      1) өнімді іске асыру саласында:
      өндірілетін өнімнің ең көп көлемі;
      тұтынушылар тарапынан шағымдар бойынша бұзушылықтардың расталған фактілерінің, оның ішінде Call-Орталыққа түскен хабарлар, техникалық реттеу саласында анықталған бұзушылықтар туралы бақылаушы мемлекеттік органдардың өтініштерінің болуы;
      тексерілмеген ең көп мерзім.
      2) метрологиялық бақылау саласында:
      қолданылатын өлшем құралдарының ең көп саны;
      тұтынушылар тарапынан шағымдар бойынша бұзушылықтардың расталған фактілерінің, оның ішінде Call-Орталыққа түскен хабарлар, метрология саласында анықталған бұзушылықтар туралы бақылаушы мемлекеттік органдардың өтініштерінің болуы;
      тексерілмеген ең көп мерзім.
      20. Мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың жоспарлы тексерулерді өткізуі үшін техникалық реттеу және метрология саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін анықтау және тәуекел дәрежелері бойынша бөлу жыл сайын жүзеге асырылады.