Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 5) тармақшасына, 145-бабының 1), 3) тармақшаларына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Өндірістік объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 22 сәуірдегі
№ 209 бұйрығымен бекітілген
«Өндірістік объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Өндірістік объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі – санитариялық ереже) өндірістік объектілерді жобалауға, салуға,реконструкциялауға, күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Санитариялық ереже жерасты құрылыстарын және кен өндіру орындарын, сондай-ақ салу кезеңінде тұрғызылған уақытша өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қолданылмайды.
3. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) ауамен тазалау – үй-жайға салқын ауаның, газдың, будың, шаңның келіп түсуін болдырмауға арналған жергілікті желдету;
2) аэрация – құрамындағы органикалық заттармен жылдам тотығуы үшін түрлі ортаның ауамен жасанды қанығуы;
3) объектінің қауіптілік класы - қоршаған ортаға бөлінетін ластаушы заттардың, пайда болатын шудың, дірілдің, қоршаған ортаға және адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін иондамайтын сәуленің қуаттылығына, пайдалану шартына, сипатына және санына байланысты белгіленетін объектінің санаты.
Объектінің қауіптілік класы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6606 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 6 қазандағы № 795 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесінің 23-тармағына сәйкес айқындалады;
4) өндірістік объект – өнімді шығарумен, жұмыстарды орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты шаруашылық қызмет объектісі, олар тіршілік ету ортасына және адамның денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын процесстерді, жабдықты және технологияны пайдалана отырып жүзеге асырылады;
5) өндірістік ғимарат - өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірістерін орналастыруға арналған ғимарат;
6) рекреациялық аумақ – халықтың демалыс орындарын ұйымдастыруға арналған және саябақты, бақшаны, қала ормандарын, орман-саябақтарын, жағажайды, жаппай демалу, туризм және спорт үшін пайдаланылатын өзге де объектілерді қамтитын қала маңындағы немесе қаладағы арнайы бөлінген аумақ;
7) рециркуляция – температураны және қоспадағы компоненттердің шоғырлануын реттеу мақсатында технологиялық процесске газдардың, сұйық және қатты заттардың ағымының бірнеше рет, толығымен немесе жекелей қайта келуі;
8) үй-жай – барлығы құрылыс құрылымдарымен шектелген және белгілі бір мақсаты бар ғимараттың немесе құрылыстың көлемінің бір бөлігі;
9) шлам – ағынды сулардан оларды тазарту арқылы алынатын құрамында 60-70 процентке дейін минералды бөлшектері мен органикалық материалдары бар лайлы қалдық;
10) шламоотвал – шламды жинау, сақтау орны.
2. Өндірістік объектілерді жобалауға, салуға және реконструкциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
4. Өндірістік объектілер (бұдан әрі - объектілер) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес жоспарланады.
5. Объектілерді салу және реконструкциялау жобалары мыналарды көздеуі тиіс:
1) өндірісте зиянсыз немесе зияндылығы аз заттарды қолдану;
2)зиянды өндірістік факторлардың әсері қарқындылығын, сондай-ақ зиянды шығарындылардың, заттардың және қалдықтардың көлемін жоятын немесе барынша көп төмендететін технологияны және жабдықтарды пайдалану;
3) өндірістік ортаға қойылатын санитариялық ережелердің, гигиеналық нормативтердің талаптарын қамтамасыз ететін кешенді іс-шараларды.
6. Жаңадан объектілер салу және қолданыстағы объектілерді кеңейтуге арналған алаңдар аэроклиматтық сипаттаманы, жердің қыртысын, тұрғын үйде, рекреациялық, курорттық аймақта, халықтың демалыс орындарында атмосфералық ауадағы рұқсат етілген шекті шоғырланудан аспайтын зиянды заттардың жердегі шоғырлануы ескеріле отырып, таңдап алынады.
7. Жаңа объектілерді рекреациялық аумақтарда, сумен қамтамасыз ту көздерін санитариялық қорғау аймақтарында және су қоймаларының суды қорғау және су маңайындағы аймақтарда, курорттардың күзету аймақтарында орналастыруға жол берілмейді.
8. Бөлек ғимараттар мен құрылыстар ауаны желдету және ауа баптау жүйелерімен ұйымдастырып және ұйымдастырмай жинау орындарында өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағы үшін сыртқы ауадағы зиянды заттардың құрамы шекті рұқсат етілген шоғырланудың 30 процентінен (бұдан әрі - %) аспайтындай етіп орналастырылады.
9. Объектінің аумағында мынадай функционалдық аймақтар бөлінеді:
1) өндірістік;
2) әкімшілік-шаруашылық;
3) көліктік-қойма;
4) қосалқы объектілер.
Зиянды заттар пайдаланылатын объектілерде әкімшілік-шаруашылық және қосалқы аймақтар өндірістік және көліктік-қойма ажырауларынан іргелес өндірістік ғимараттардан пайда болатын циркуляциялық аймақтардың енінен кем емес енмен бөлінеді.
10. Зиянды заттарды пайдалану кезінде технологиялық жабдыққа арналған ғимараттардың және ашық алаңдардың ұзын осьі желдің басым бағытына параллель болуы тиіс.
11. Жолдан және құрылыстан бос объектінің аумағы абаттандырылады және көгалдандырылады.
12. Объектінің аумағында ұйымдардың персоналының тұруына арналған тұрғын үй ғимараттары мен тұрғын үй-жайларын салуға жол берілмейді.
3. Өндірістік объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
13. Өндірістік объектілерде бір жұмыскерге тиесілі меншікті алаңы кемінде 4,5 шаршы метрді (бұдан әрі – м2), үй-жайдың биіктігі кемінде 3,25 метрді (бұдан әрі – м) құрайды.
14. Әрбір тұрақты және тұрақсыз жұмыс орнының алаңы (кабиналар мен объектілерді қоспағанда, бос алаңдардың көлемі арнайы талаптармен келісіледі) кемінде 2,2м2 құрауы тиіс. Нормативке жабдықтардың, қызмет көрсететін аймақтардың, жүріп өтетін жолдардың, көлікпен өту жолдарының, аралық жинау орындарының және өндірістерді кейіннен кеңейту үшін резервтік алаңдардың алып жатқан алаңдары кірмейді.
15. Үй-жайлардың көлемі микроклиматы бойынша нормативтердің талаптарын қамтамасыз ету қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде 15 текше метр (бұдан әрі – м3) есебі арқылы айқындалады.
16. Ғимараттар ішіндегі бөлек үй-жайлардың өзара орналасуы егер, бұл технологиялық процессті ұйымдастыруға қайшы келмесе, шикізаттың, аралық және дайын өнімдер мен бұйымдардың кері қайтару немесе қиылысу қоғалысын болдырмайтын технологиялық ағысына сәйкес бөлінеді.
17. Өндірістік ғимараттардың сыртқы қабырғаларына жапсарлас салуға егер, бұл табиғи ауа алмасуды және жарықты бұзбайтын болса, жол беріледі.
18. Бу, газ және шаң түріндегі зиянды заттарды бөлмейтін ыстық технологиялық процесстермен сипатталатын объектілерді орналастыру үшін табиғи басқарылатын ауа алмасуды (аэрацияны) қамтамасыз ететін қабырғаның және шатырдың конструктивтік элементтерімен бір қабатты ғимараттар немесе көп қабатты ғимараттардың жоғарғы қабаттары көзделуі тиіс.
19. Зиянды заттар бөлінген кезде механикалық сорғыш және ауаны сору желдеткіш жүйесі, сондай-ақ технологиялық процесстерді ескере отырып жергілікті желдету жүйелері көзделеді.
20. Қауіптіліктің 1 және 2-класстағы зиянды заттарының жабық үй-жайларға бөлінуі болжанған өндірістік объектілерде оқшауланған үй-жайларға немесе пультпен немесе операторлық аймақтардан осы жабдықты басқаратын аймақтарда технологиялық жабдықты орналастыру көзделеді.
21. Қауіптіліктің 1 және 2-класстағы зиянды заттарымен жұмыс жүргізілетін бірнеше өндірісті бір ғимаратқа орналастыру кезінде улы заттардың көп компонентті қоспаларының пайда болуына және көрші өндірістік үй-жайларға олардың таралуына кедергі жасайтын құрылыс шешімдерін пайдалана отырып, әрқайсысын оқшаулау қамтамасыз етіледі.
22. Терезесі мен жарық фонарлары жоқ ғимараттарды салу, тұрақты жұмыс орындары бар өндірістік үй-жайларды табиғи жарығы жеткіліксіз жертөле және цокольдық қабаттарда орналастыру өндірістік объектіге қойылатын технологиялық талаптарға сәйкес жол беріледі. Бұл ретте мыналар көзделеді:
1) жасанды жарық;
2) ультракүлгін сәулеленуге арналған құрылғы;
3) табиғи жарығы бар (табиғи жарық коэффициенті кемінде 0,5%) жұмыс орындарынан 100 м аспайтын қашықтықта жұмыскерлердің қысқа уақытқа демалуына арналған бөлменің құрылғысы;
4) осы санитариялық ереженің талаптарына сәйкес тұрақты қолданыстағы ықтиярсыз желдеткішпен қамтамасыз ету.
23. Ашық алаңдарға технологиялық және энергетикалық жабдықтарды орналастыру кезінде жабдықты басқару пульттерін орналастыруға және жұмыскерлердің демалуына арналған үй-жай көзделуі тиіс.
24. Шаң бөлінуі мүмкін үй-жайларда оның жинақталуына мүмкіндік жасайтын және жинауды күрделендіретін конструктивтік элементтері мен әрлеу материалдары пайдаланылмауы тиіс.
25. Өндірістік ғимараттарда сыртқа тарату желдеткіші камераларына алаң бөлінеді. Сыртқа тарату желдеткішіне кіру ауасында зиянды заттары жоқ үй-жайлардан, дәлізден, тамбурдан немесе сырттан болуы тиіс.
Сыртқы ауаны сыртқа тарату желдеткішіне жинау жерден кемінде 2 м биіктікте жүргізіледі.
26. Басқару пульттерінің, санитариялық-тұрмыстық қондырғылары және үй-жайларындағы және жаяу жүретін туннелдердегі сұйық және газдарды тасымалдауға арналған құбырлардың, сондай-ақ транзиттік бу құбырларының төсемдеріне жол берілмейді.
27. Жылытылатын өндірістік үй-жайлардың сыртқы қоршауы қабырғалардың және төбенің ішкі беттерінде конденсаттың пайда болу мүмкіндігін болдырмауы тиіс. Бұл талаптардан шығуға ылғалды режимдегі й-жайлар үшін жол беріледі.
28. Зиянды және агрессивті заттарды қолдана отырып, учаскелер орналасқан үй-жайларда қабырғаларды, төбелерді және басқа да беттерін, оның ішінде ішкі құрылыс конструкцияларын әрлеу үшін сіңіруді болдырмайтын және жүйелі тазартуға, ылғалды және вакуумды жинауға, қажет болғанда зарарсыздандыруға жол беретін материалдар көзделуі тиіс.
29. Ашылатын терезелермен немесе жарық фонарларымен жабдықталған ғимараттарда және құрылыстарда еденнен немесе жұмыс алаңынан басқарылатын, ашық ойықтардың шамасын реттеуге арналған механизмдер, сондай-ақ осыған ұқсас жұмыстарды ыңғайлы және қауіпсіз орындауды қамтамасыз ететін терезені, фонарьларды және жарық арматурасын тазартуға арналған механизмдер көзделуі тиіс.
30.Үй-жайларды және жабдықтарды түспен безендіру бейнелеудің ең з коэффициенті (0,4-тен аспайтын) есебімен орындалады.
31. Жаңа және реконструкцияланатын ғимараттарда және құрылыстарда сыртқы қоршаулар арқылы, сондай-ақ технологиялық көздерден жұмыс аймағына жылу мен салқынның артығымен түсуін азайтуға бағытталған іс-шаралар көзделеді.
32. Жылытылатын үй-жайлардағы түрегеп жұмыс істейтін тұрақты жұмыс орындарында еденді жабуға арналған материал жылуды сіңіретін коэффициенті бір сағатқа және бір градусқа көбейтілген бір шаршы метрге 6 килокалорийдан аспайтын болуы (бұдан әрі – ккал/м2град.сағ.) немесе ағаш қалқамен немесе жылу оқшаулайтын кілемшемен жабылуы тиіс.
33. Агрессивті сұйықтықтардың (қышқылдардың, сілтілердің) және сынап, еріткіштер, биологиялық активті заттар сияқты зиянды заттардың сері болуы мүмкін орындарда көрсетілген заттардың әсеріне төзімді, олардың сіңірілуіне жол бермейтін және тазартылатын және зарарсызданатын материалмен еденді жабу көзделуі тиіс. Көрсетілген заттарды бұрып жіберу үшін суағар көзделуі тиіс.
34. Радиожиілікті диапазондағы электромагниттік өріс көздерімен (бұдан әрі - ЭМӨ) жұмыс істеуге арналған өндірістік үй-жайларды ағымды желілерде орналастыруды қоса алғанда, жалпы үй-жайларда да, жеке үй-жайларда да орналастыруға жол беріледі. Егер, қондырғылармен және олармен жұмыс істеумен байланысы жоқ персоналдың жұмыс орындарындағы ЭМӨ-тің деңгейі рұқсат етілген шекті мәннен аспайтын болса, жалпы үй-жайларда ЭМӨ көздерін орналастыру көзделеді. Көрсетілген жағдайды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, ЭМӨ қондырғылары жеке үй-жайларда орналастырылады.
35. Бір үй-жайда бірнеше қондырғыларды орналастыру кезінде оларды орналастыру сәуле энергиясының қосындысы есебінен персоналдың жұмыс орындарындағы сәулеленудің рұқсат етілген шекті деңгейінен артуы мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
36. ЭМӨ көздерімен жұмыс істеуге арналған экрандалған үй-жайларда жұмыс ауданы мен көлемі жоғары жүктемемен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары ескеріле отырып, өңделетін бұйымдардың көлеміне қарай белгіленеді.
37. Экрандалған үй-жайлардың қабырғалары, едені және төбесі сәулеленуді рұқсат етілген шекті деңгейге дейін төмендетуді қамтамасыз ететін сіңіру материалдарымен жабылады. Бағытталған сәулелену жағдайында қабырғалардың тек тиісті учаскелерінің сіңіру жабындарын қолдануға жол беріледі. Экрандалған үй-жайларда табиғи жарықтың, ультракүлгіннің жеткіліксіздігін, ауаның газ және ион құрамының өзгеруінің орнын толтыру бойынша шаралар көзделуі тиіс.
38. Көрші үй-жайларға құрылыс конструкциялары арқылы электрлі магниттік өрістің өту мүмкін болған жағдайда, рұқсат етілген шекті деңгейден артуын болдырмайтын іс-шаралар әзірленеді.
39. Лазерлер қондырғыларына арналған үй-жайларда лазердің құрылғысы және оларды пайдалану бойынша талаптар сақталуы тиіс.
40. Шу көздері орналасқан жаңа және реконструкцияланатын объектілерде үй-жайлардың ішінде, жұмыс орындарында, сондай-ақ тұрғын й құрылысын қоршап тұрған аумақта шуды төмендетуге бағытталған сәулет-құрылыс іс-шаралары көзделуі тиіс.
41. Шудың параметрлерін қолданыстағы гигиеналық нормативтерге дейін жеткізу мүмкін болмаған жағдайда:
1) стационарлық жабдық үшін дыбысты оқшаулайтын кабиналарды құру, процессті қашықтан басқаруды көздеу;
2) қол құрал-сайманы үшін жұмыс орындарын шудың әсерін болдырмайтын басқа жұмыс орындарына орналастыруды көздеу қажет.
42. Жұмыс істеушілерге удың, дірілдің және ультра-инфрадыбыстың әсерімен байланысты жұмыс орындарына жақын жерде мерзімдік демалуға және профилактикалық рәсімдер жүргізуге арналған үй-жайлар көзделуі тиіс.
43. Плазмалық технологияларға арналған үй-жайларда:
1) бір жұмысшыға кемінде 10 м2 және еденнің ең төменгі нүктесінен кемінде 3,5 м үй-жайдың биіктігі есебінен, жабдық қойылмаған алаңның болуы көзделеді;
2) қабырғалар мен төбелер ультракүлгін сәулені сіңіретін, жанбайтын перфорирленген материалдан жасалған қорғаныш жабыны бар дыбысты сіңіретін әрлеуішпен қапталады. Жабдықтың өзінде дыбыс сіңіретін қорғанышы болмаған кезде әрлеу биіктігі кемінде 2,7 м болуы тиіс.
44. Үй-жайларды түрлі-түсті әрлеу өнеркәсіптік ұйымдардың өндірістік ғимараттарының ішкі көрінісін жобалау және құрылысы бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес болуы тиіс.
45. Өндірістік ғимараттарға және құрылыстарға кіреберістерде металл торлар және аяқ киімді тазартуға арналған басқа да құралдарды көздеу қажет.
4. Өндірістік объектілердің технологиялық процесстері мен жабдығына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
46. Технологиялық процестер мен өндірістік жабдықты әзірлеу және пайдалану кезінде мыналар көзделеді:
1) қалдықсыз немесе қалдығы аз технологияларды енгізу;
2) қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың пайда болуымен байланысты технологиялық процестер мен операцияларды, көрсетілген факторлары жоқ немесе қарқындылығы аз процестерге және операцияларға алмастыру;
3) зияндылығы жоғары заттарды зияндылығы төмен заттарға алмастыру;
4) бастапқы және соңғы өнімдерде зиянды заттардың қоспасының құрамын шектеу, соңғы өнімдерді шаңданбайтын формаларда шығару;
5) зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істейтін жұмысшылардың жанасуын болдырмайтын өндірістік технологияларды қолдану;
6) жұмыс аймағына қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың түсуін (таралуын) болдырмайтын шешімдер мен қорғаныш құралдарын жабдықтау құрылымын қолдану;
7) өндірістік жабдыққа қойылатын эргономика талаптарын және техникалық эстетиканы және жұмыс орындары мен еңбек процесстерін ұйымдастыруға қойылатын эргономикалық талаптарды сақтау;
8) әсері жіті бағыттағы заттармен жұмыс аймағының ауасы ластанған жағдайға технологиялық процесті басқару және автоматты бақылау, сигнализация жүйелерін орнату;
9) тиеу-түсіру жұмыстарын механизациялау және автоматтандыру:
10) технологиялық және желдеткіш шығарындыларды уақтылы жою, зарарсыздандыру, өндірістің қалдықтарын кәдеге жарату және көму;
11) зиянды заттардан және факторлардан ұжымдық және жеке қорғаныш құралдары;
12) жұмыс орындарындағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейін бақылау;
13) қауіпсіздік талаптарын нормативтік-техникалық құжаттарға енгізу.
47. Технологиялық процестер мен жабдықтарды әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген химиялық заттар пайдаланылады. Ылғал бөлу көзі болып табылатын өндірістік жабдық герметикаланады және құюға арналған автоматты құрылғылармен жабдықталады.
48. Инфра- және ультрадыбыстың, шудың, жалпы немесе локальды дірілдің, иондаушы және ионданбайтын сәулеленудің көзі болып табылатын жабдық үшін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау көзделуі тиіс.
49. Технологиялық процестерге өндірісті пайдаланудың барлық кезеңдерінің ұзақтығының есебі: іске қосылуды реттеу (жоспарлы жөндеуден кейін іске қосу), тұрақты пайдалану (пайдалану жылдары бойынша) беріледі.
50. Өндірістік үй-жайлардағы жұмыс орнындағы және объектінің аумағындағы шудың рұқсат етілген шекті деңгейі гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы тиіс.
51. Жаңа және реконструкцияланатын объектілерде оларды орындау тұрғын үй аумағында гигиеналық нормативтен аспайтын шудың деңгейін қамтамасыз ететін іс-шаралары көзделуі тиіс.
52. Жұмыс орындарындағы көлік-технологиялық және технологиялық дірілдің рұқсат етілген деңгейі гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы иіс.
53. Жұмыс орындарындағы инфрадыбыстың деңгейін жұмыс орындарындағы инфрадыбыстың гигиеналық нормативтеріне сәйкес қабылдау керек.
54. Иондаушы сәулеленудің нормаланатын параметрлері осы санитариялық ережеге 1-қосымшада келтірілген негізгі дозалық шектер болып табылады. Оларға мыналар жатады:
1) тікелей иондаушы сәулелену көздерімен тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін адамдарға арналған рұқсат етілген шекті эквивалентті және тиімді дозалар (А санаты);
2) тікелей иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істемейтін адамдарға арналған, бірақ объектілердің қызметіне негізделген иондаушы сәулелену әсеріне ұшырайтын жұмыс орындарын немесе тұру орындарын орналастыру жағдайлары бойынша шекті эквивалентті және тиімді дозалар (Б санаты)
Дозалық шектер радиоактивті заттармен және иондаушы сәулеленудің басқа да көздерімен жұмыс істеу кезінде радиациялық қауіпсіздіктің қолданыстағы нормаларына сәйкес болуы тиіс.
55. Жұмыс орындарындағы өндірістік көздердің ультракүлгін сәулесінің (бұдан әрі - УС) рұқсат етілген деңгейі: ұзын толқынды УС-А-400-315нм, орта толқынды УС-315-280нм, қысқа толқынды УС-280-200нм аялары үшін сәулеленудің спектральді құрамын ескере отырып қабылдануы тиіс. Сәулелену қарқындылығының гигиеналық нормативтері жұмысшыларға әсер ету ұзақтығын, сәулеленуден қорғайтын арнайы киімді бас киімді міндетті түрде киюді және көздің қорғаныш құралдарын пайдалануды ескере отырып, белгіленген.
56. Жоғарыда көрсетілген нормативтер 2000 Цельсий градустан (бұдан әрі – оС) жоғары температурадағы көздерден шығатын сәулеленуге электрлік доғалар, плазма, балқытылған металл, кварц әйнегі), полиграфияда, химиялық және ағаш өңдейтін өндірістерде, ауылшаруашылығында, кино- және телетүсірімдерде, дефектоскопияда, денсаулық сақтау ұйымдарында және өндірістің басқа салаларында пайдаланылатын люминесцентті көздерден шығатын сәулеленуге таралады.
Нормативтер қызмет көрсететін персонал болмағанда, ортаны зарарсыздандыру үшін пайдаланылатын, сондай-ақ емдеу және профилактикалық мақсатта қолданылатын лазерлер шығаратын,УС-не таралмайды.
57. 0,2м2-ден аспайтын дене бетінің (бет, мойын, қол саусақтары) қорғалмаған учаскелері болғанда, жұмыс істеушінің УС рұқсат етілген қарқындылығы жұмыс ауысымының 50%-дық сәулелену әсерінің жалпы ұзақтығында және 5 минут және одан да астам уақыт бір реттік сәулеленудің ұзақтығында УС-А аясы үшін шаршы метрге 10,0 Ваттан (бұдан әрі - м2/Вт); УС-В аясы үшін шаршы метрге 0,01 Вт-тан аспауы тиіс.
58. Дененің барлық бетінің қорғанышы кезінде жұмыскерлердің сәулеленуінің рұқсат етілген қарқындылығы жұмыс ауысымы барысында әсер ету ұзақтығында УС-В; УС-С аясында м2-не 1ВТ-тан аспауы тиіс.
59. Жабық өндірістік үй-жайлардағы микроклиматтың оңтайлы және рұқсат етілген параметрлерін дұрыс есептеу үшін метеорологиялық жағдайды сипаттайтын (ауаның температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылу сәулеленудің қарқындылығы) көрсеткіштерін де, энергия шығынының мәліметтерін де басшылыққа алу қажет.
5. Өндірістік объектілердің жылуына, желдеткішіне және ауа баптауына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
60. Өндірістік үй-жайлардағы, басқару пульті үй-жайларын, кран кабинетін және басқа да оқшауланған үй-жайларды қоса алғанда үй-жайлардағы және құрылыстардағы жылу, желдету және ауа баптау жүйелері еңбек қызметі уақытында тұрақты және тұрақты емес жұмыс орындарының жұмыс аймағында гигиеналық нормативтерге сәйкес ионизациялау, зиянды заттардың құрамы, ауа қозғалысы жылдамдығы, ылғалдылық, температура көрсеткіштері бойынша ауа ортасының нормативтік параметрлерін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріле отырып жабдықталады.
61. Өндірістік және қосалқы үй-жайлар табиғи, механикалық жалпы айналым сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады. Жаңадан жабдықталған, реконструкцияланған, күрделі жөнделген желдеткіш қондырғылары олардың тиімділігі айқындала отырып, қабылдау-құрал-саймандық сынауға жатқызылады.
62. Механикалық желдеткіш жұмыс аймағы ауасындағы нормаланатын микроклиматтық параметрлері мен зиянды заттар құрамы табиғи желдеткішпен қамтамасыз етілмейтін үй-жайлар мен жекелеген учаскелер үшін, сондай-ақ табиғи желдетілмейтін үй-жайлар мен аймақтар үшін көзделеді.
63. Ауаның шығысы үй-жай көлемінде зиянды заттарды, жылуды және ылғалды бірдей таратуды ескере отырып, есептеумен айқындалады.
64. Жұмыс аймағының ауасына бірнеше зиянды заттар бір мезетте бөлінгенде жалпы айналым желдеткішін есептеу кезінде ауа шығысы ауаның неғұрлым көп шығысы берілуін талап ететін сол зиянды зат бойынша айқындалуы тиіс.
65. Организмге заттардың бірқатары бір бағыттағы әрекеті туралы деректер болған кезде жалпы айналым желдеткішін есептеу ауаның ластану деңгейін есепке ала отырып, оның рұқсат етілген шекті шоғырлануына дейін жекелеп әрбір затты араластыру үшін қажетті ауа шығыстарын жинақтау арқылы жүргізіледі.
66. Өндірістік үй-жайлардағы табиғи немесе механикалық желдеткіш осы санитариялық ережеге 2-қосымшаға сәйкес бір жұмыс істеушіге сырттан ауа беруді қамтамасыз етуі тиіс.
67. Табиғи сыртқа тарату желдеткіші үшін ойықтар арқылы және желдеткіш пен ауа баптау жүйелерінің қабылдау саңылаулары арқылы ғимараттар мен құрылыстардың ішіне келіп түсетін ауадағы зиянды заттардың шоғырлануы жұмыс аймағы ауасы үшін рұқсат етілген шекті деңгейден 30% аспауы тиіс.
68. Құрамында неғұрлым уытты зиянды заттары бар үй-жайлар үшін қауіптіліктің әртүрлі класстарының зиянды заттары бөлінетін өндірістік немесе аралас үй-жайларды бір ғимаратқа біріктіру кезінде ұйымдастырылған ағымның үстінде сору басымдылығы көзделуі тиіс.
69. Көп қабатты өндірістік ғимараттарда алаңдарды жабатын жөндеу ойықтары оқшаулайтын жабынмен жабдықталуы, ал ауа алмасу әр қабат үшін бөлек есептелуі тиіс.
70. Жылдың салқын мезгілінде шығаратын ауаның орнын толтыру үшін биіктігі 6 м және одан төмен үй-жайларда сағатына бір рет ауа алмасудан аспайтын көлемінде, ал биіктігі 6 м жоғары үй-жайларда – ден алаңының әр 1 м2 сағатына 6 м3 көлемінде сыртқы ауаны ұйымдастырмай енгізуге (желдеткіштің теріс дисбалансы) жол берілмейді.
71. Аралас үй-жайлардан ұйымдастырылмаған ауаның келуіне егер, оларда жағымсыз иісі бар заттар болмаса және зиянды заттардың құрамы жұмыс аймағы ауасындағы рұқсат етілген шекті шоғырланудың 30%-нан аспайын болса, жол беріледі.
72. Желдету, ауа баптау және ауаны жылыту жүйелерінің шашыратқыштарындағы температура мен ауаны шығару жылдамдығы осы санитариялық ереже талаптарына сәйкес жұмыс аймағында метрологиялық жағдай қамтамасыз етілетіндей есеппен айқындалады.
73. Келетін ауаны беру үй-жайдың таза немесе аз ластанған аймағына неғұрлым көп ластанған аймақ арқылы өтпейтіндей көзделеді.
74. Зиянды заттарды (газдарды, шаңды, жылуды) бөлетін көздер технологиялық жабдықтарға бекітілген, не бөлу көзіне мейлінше жақын орналастырылған меншікті сорғышы бар, жергілікті ауа шығаратын желдету құралымен жабдықталуы тиіс.
75. Үй-жайда бөлінетін немесе жергілікті сорғышпен шығарылатын зиянды заттардың, жылу және ылғалдың саны өндіріс технологиясының деректері бойынша қабылданады. Қажетті деректер болмағанда, ұқсас объектілерде немесе есептеулер жолымен алынған табиғи зерттеулердің нәтижелері пайдаланылады.
76. Технологиялық жабдықтардан қауіптілігі 1 және 2-кластағы зиянды заттарды шығаратын жергілікті сорғыштар жергілікті ауа шығаратын желдеткіш жұмыс істемеген жағдайда, іске қосылмайтындай осы жабдықпен блоктанады.
77. Егер ауа шығаратын желдеткішті ажырату кезінде немесе жабдықты (процессті) тоқтату кезінде өндірістік процессті тоқтату мүмкін болмаса жұмыс аймағы ауасы үшін рұқсат етілген шекті шоғырланудан асатын шоғырлануларда үй-жайдың ауасына зиянды заттардың бөлінуі жалғасады, жұмыс режимін автоматты түрде қайта қосу арқылы резервтік желдеткіштері бар жергілікті сорғылардың құрылғысы көзделуі тиіс.
78. Желдетуге, ауамен жылытуға және ауа баптауға арналған ауаның рециркуляцияны ауа құрамында ауру қоздырғыш бактериялары, вирустары немесе грибоктары бар үй-жайларға, сондай-ақ жағымсыз иісі бар немесе қауіптілігі 1 және 2-кластағы зиянды заттары бар үй-жайларда жол берілмейді.
79. Ауаны рециркуляциялауға қауіптілігі 3 және 4-кластағы бір зиянды заттан астам бөлінетін үй-жайларда жол беріледі.
80. Желдетумен қатар қолданылмайтын ауамен жылытудағы рециркуляцияны егер технологиялық жабдықтың бетімен және ауамен жылытудың ауамен қыздырғышымен жанасуы кезінде жанғыш зиянды заттар бөлінбеген жағдайда көздеуге жол беріледі.
81. Жылыту, желдету және ауа баптау қондырғылары тұрақты жұмыс орындарына және қосалқы ғимараттардың қызмет көрсетілетін аймағына рұқсат етілетін деңгейден асатын шу мен дірілді болдырмауы тиіс.
82. Өндірістік және қосалқы үй-жайлар жылу жүйесімен жабдықталады.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің дербес жылумен жабдықтау көздерін (қазандық) салуға және қолдануға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде оларды пайдалануға жол беріледі.
Жергілікті жылу аспаптарымен жылытуға жылыту бойынша талаптарының негізгі үй-жайларға қойылатын талаптардан айырмашылығы бар ғимараттың жылытылатын үй-жайларының жалпы алаңының 5% аспайтын алаңдағы бір немесе бірнеше үй-жайларға жол беріледі.
Ғимараттар мен құрылыстарды жылыту үшін зиянды факторлар мен жағымсыз иістер пайда болмайтын жүйелер, аспаптар және жылу жүйелері көзделуі тиіс.
83. Шаң бөлетін өндірістік үй-жайлардағы жылыту аспаптары жеңіл тазаланатын, беті тегіс болу тиіс. Инфрақызыл газды сәулеленетін жылуды қолдану сыртындағы газды қыздырғыштардан тікелей жану өнімдерін шығарғанда ғана көздеуге жол беріледі.
84. Жылыту элементтерінің құрылыс конструкцияларына жапсырылған және тіреуіші бар сулы жылыту жүйелерінде жылытатын бетіндегі орташа температурасы: тұрақты жұмыс орнындағы еден үшін плюс 26оС-тан; адамдар уақытша болатын еденнен плюс 3оС-тан; төбелер үшін: бөлменің биіктігі 2,5-нан 2,8-ге дейін болса плюс 28оС-тан; 2,8-ден 3,0-ге дейін болса плюс 30оС-тан; 3,0-тен 3,5-ға дейін болса плюс 33оС-тан; 3,5-нан 4,0-ке дейін болса плюс 36оС-тан; 4,0-тен 6,0-ға дейін болса плюс 38оС-тан аспауы тиіс.
85. Жылу көздерінің температурасы төмен жылыту жүйелеріндегі радиациялық жүктеме еденнен 1,5-2,0 м биіктіктегі жұмыс орындарында бір шаршы метрге 35 Ваттан (Вт/м2) немесе сағатына 27 килокалорийдан (ккал/сағ) аспауы тиіс.
86. Жылуды бөлетін жабдық желдеткіш жолының мүмкіндігі ескеріле отырып орналастырылады. Үй-жайдың көлемі бойынша аэрациялық ауа ағысының таралуы үшін жабдықтар арасындағы қашықтық ағыстың бағыты бойынша оның өлшемінен көп болуы тиіс.
87. Жоғары жылу бөлетін цехтар мен учаскелерді табиғи желдеткішпен (аэрациямен) жабдықтаған кезде шатырларда қашықтан басқарылатын механизацияланған фрамугамен жабдықталған тұтанбайтын шахталар немесе аэрациялық фонарлар көзделеді. Табиғи желдету кезінде желдетілетін үй-жайларға ауаның келуі жылдың жылы мезгілінде еденнен желдету ойықтарына дейінгі деңгей 1,8 м аспайтын, ал жылдың салқын мезгілінде 4 м төмен емес деңгейде көзделуі тиіс. Осы мақсатта жобаның құрылыс бөлімінде көрсетілген деңгейлерге ауа беретін терезеде ашылатын ойықтар, аэрациялық қақпалар, көтерілетін қозғалтқыш қабырғалар көзделуі тиіс. Ашылатын ойықтардың алаңы терезенің жалпы алаңынан 20%-дан кем болмауы тиісті.
88. Шаңды және жеңіл конденсацияланатын буларды, сондай-ақ араластырған кезде зиянды немесе өрт қауіпті қоспалар шығаратын немесе көрсетілген қасиеттермен жаңа химиялық қосылыстар пайда болатын заттарды жергілікті сорғыштың жалпы шығаратын қондырғысына біріктіруге жол берілмейді. Жергілікті сорғыштың мұндай жүйелерін жалпы айналым желдеткіш жүйелерімен біріктіруге жол берілмейді.
89. Егер, зиянды заттардың мөлшері жұмыс аймағындағы ШРШ-дан аспайтын, ал микроклиматтың параметрлері нормаланған көрсеткіштерге сәйкес болса, жылжымалы крандардың кабиналарында қоршаған өндірістік бөлменің ауасын қосымша өңдеусіз қолдануға жол беріледі. Басқа жағдайда, крандардың кабинасын кондиционерлермен жабдықтау керек.
90. Мүмкін болатын шоғырланудан 30%-ға асатын сыртқы және рециркуляциялық ауаның шаңдануы кезінде немесе ол өндірістің технологиясы бойынша қажет болса, ауа баптау жүйелерінде; ауада ауаны тазарту; жұмысшылардың демалу аймағына (басты немесе бетті қорғайтын шлемдерге, бетперде, қалқандарға) тікелей ауаны беру көзделуі тиіс.
91. Ауаны әкелетін және шығаратын қондырғылары бар табиғи желдетуі жоқ өндірістік үй-жайлардың жалпы айналым желдеткіші жүйесі ауаны шығаратын жүйенің резервтік желдеткішімен жабдықталады. Ашылатын ойықтар арқылы қажет етілетін ауаның кемінде 50%-ы келіп түсуі мүмкін аралас үй-жайлармен біріктірілген көрсетілген үй-жайлар үшін резервтік желдеткішті жоспарламауға жол беріледі.
92. Жыл бойы және тәулік бойы жұмыс істейтін үй-жайларға арналған, сондай-ақ табиғи желдетілмейтін үй-жайлар үшін ауа баптау жүйесі қажет етілетін ауа алмасудың кемінде 50%-ын және жылдың салқын мезгілінде берілген температураны қамтамасыз ететін резервтік ауа баптау көзделеді.
93. Ауа немесе ауа-жылу шымылдығы ауысымда тамбурлары жоқ, кемінде 40 минут немесе бес реттен жиі ашылатын қақпаларға; сыртқы ауаның есепті температурасы минус 15оС-тан және одан төмен температурадағы аудандарда салынып жатқан жылытылатын ғимараттар мен құрылыстардың технологиялық ойықтарында көзделеді.
94. Ауа немесе ауа-жылу шымылдығы қақпаны, есікті және технологиялық ойықтарды ашқан кезде үй-жайға кіретін ауа қоспасының температурасы жеңіл дене жұмысында плюс 14оС-тан; орташа ауырлықтағы жұмыста 12оС-тан; ауыр жұмыста 8оС-тан төмен болмайтындай етіп есептеледі. Қақпаның (6 м дейінгі қашықтықта), есіктің және технологиялық ойықтардың маңында жұмыс орындары болмаған кезде, егер ол технологиялық талаптарға қайшы келмесе осы аймақтағы ауаның температурасын плюс 5оС-қа дейін төмендетуге жол беріледі.
95. Ауаны шығару үшін ойықтарды ашу және авариялық желдеткішті қосу үй-жайдың ішінен де, сыртынан да қолжетімді жерлерден қашықтықтан басқарумен көзделеді.
96. Мерзімдік жұмысқа немесе адамдардың қозғалысына арналған тоннельдерде, сондай-ақ техникалық қабаттардың үй-жайларында есептелген ауа алмасуы бар мерзімдік жұмыс істеп тұрған желдеткіш көзделеді.
97. Құрамында зиянды немесе жағымсыз иістегі заттары бар өндірістік үй-жайлардың жалпы айналым желдеткіші мен жергілікті ауаны сорып шығаратын жүйелерінен атмосфераға шығарылатын ауа нормативтік деңгейіне дейін тазартылады және таратылады.
98. Өндірістік объектілерде жылыту, желдеткіш, ауа баптау жүйелерін жөндеу, дайындау және бақылау бойынша шеберхана және желдеткіш шығарындыларын тазарту қондырғылары көзделеді.
6. Өндірістік объектілердегі сумен жабдықтауға, кәріздеуге және өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жаратуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
99. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған жерүсті және жерасты шаруашылық және ауыз сумен жабдықтау көздерін санитариялық-эпидемиологиялық қорғау қолданыстағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
100. Шаруашылық-ауыз су құбырының желілерін ауызсу сапасындағы емес су келіп түсетін су құбырларының желілерімен қосуға жол берілмейді. Техникалық суды ауыз су мақсатында пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын техникалық су құбыры құрылыстарын арнайы бояу көзделуі қажет.
101. Ұйымның өндірістік және қосалқы ғимараттарындағы шаруашылық-ауыз судың қажеттілігіне арналған судың жұмсалу нормасы су құбырының ішкі желілерін жобалауға қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс. Себезгілердің, қол және аяқ ванналарының, қолжуғыштардың, сондай-ақ сыртқа тарату желдеткіші жүйелерінің барлық түрлерінің су сапасы, шаңды бәсеңдету үшін су бүрку жолымен үй-жайлардың ауасын салқындату ауыз суға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
102. Өндірістік су құбырларының техникалық суын унитаздардың шаю багына жіберуге жол беріледі.
Себезгілердегі және жуынатын бөлмелердегі геотермальді сулардың (бар болса) санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар болған жағдайда, оларды ыстық сумен жабдықтау ретінде пайдалануға жол беріледі.
103. Ішкі су құбыры мен кәріздеу құрылғылары, сондай-ақ сыртқы сумен қамтамасыз ету және суды бұру жүйелері өндірістік және шаруашылық ауыз су қажеттілігіне суды беру және ағынды суларды бұру үшін барлық өндірістік және қосалқы ғимараттарда көзделуі тиіс.
104. Орталықтандырылған кәріз жүйесіне өндірістік ағын суларды шығару олардың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.
105. Қалалық тазарту құрылыстарына жіберілетін ағынды сулардың құрамында өндірістердің және бақылау органдарының зертханаларына қолжетімді, айқындау әдісі жоқ зиянды заттар болмауы тиіс.
106. Техникалық сумен қамтамасыз етудің жабық және ашық жүйелеріндегі технологиялық қажеттілікке арналған өнеркәсіптік объектілердің тазартылған ағынды суларын пайдалану мүмкіндігі туралы мәселе олардың санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде әрбір нақты жағдайда шешілуі тиіс.
107. Тоған-жинаушының, өнеркәсіптік ағынды сулардың жиналу орнының және шлам сақтау орнының құрылысы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде оны көму және топырақты қалпына келтіру әдістерін көрсете отырып, пайдаланудың белгілі бір мерзімі айқындалады және грунт және пластаралық жер асты суларының және олармен гидравликалық байланыстағы жер беті суы объектілерінің ластану мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
108. Елді мекенді сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі және суды бұру болмаған кезде жергілікті жүйелер көзделеді.
109. Ағынды суларды жер беті су қоймаларына бұру кезінде зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шығарындыларының (бұдан әрі - РШШ) нормативтері және оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар әзірленеді РШШ-ы басқа ұйымдардың ағынды сулары бар су қоймасына келіп түсетін ластаушы заттарды және ағынды суларды шығаратын жерден жоғары орналасқан қақпағындағы нақты шоғырлануды ескере отырып, белгіленеді.
110. Өнеркәсіптік объектілерде сумен қамтамасыз ету және айналымдағы сумен қамтамасыз ету жүйелерінен суды шығару тек өндірістік кәріздеуге ғана жол беріледі. Себезгілердің, қолжуғыштардың және санитариялық тораптардың ағынды суларын бұру шаруашылық-тұрмыстық кәріздеу жүйесінде көзделуі тиіс. Шаруашылық-фекальды және өндірістік ағынды суларды сіңіру құдықтарына жіберуді көздеуге жол берілмейді.
111. Газ бөлінетін өндірістік ағындарды бұру кезінде газдардың үй-жайға енуіне қарсы шаралар көзделуі тиіс. Кәріздеу жүйесіне улы газдар бөлуі мүмкін химиялық заттарды жіберуге жол берілмейді.
112. Зиянды газдарды (күкіртсутекті, цианды сутегі, мышьяк сутегі) бөліп химиялық реакцияға түсетін, құрамында зиянды заттары бар ағынды суларды қосуға жол берілмейді.
113. Өндірістік ғимараттардағы ағынды суларды тазарту бойынша құрылғыларды орналастыруға зиянды булар және газдар (меркаптан, күкіртсутек, цианды сутегі, мышьяк сутегі) түзілмеген жағдайда немесе ағынды суларды тазартудың барлық процестері герметизацияланған және жергілікті ауаны шығаратын желдеткіш құрылғысы болған жағдайда жол беріледі.
114. Өндірістік объектілерде өндірістік ағынды суларды тазарту бойынша қондырғы және өндірістік бақылауды ұйымдастыру көзделеді.
115. Қалдықтарды зарарсыздандыру бойынша құрылыстарды салу үшін алаңды таңдау кезінде ауыл шаруашылық құндылықты білдірмейтін жарамсыз жерлер пайдаланылады.
116. Кәдеге жаратылмайтын қалдықтарды көму және жинау үшін полигондар елді мекеннен және өндірістік алаңнан тыс орналастырылады.
117. Өңделген шлам жинауыштардың беті кейіннен оларды көгалдандыру арқылы битумды эмульсиямен немесе майлы саз және құмнан тұратын тау жынысымен бекітіледі.
118. Полигонның құжаттамасы өндірістік қалдықтар туралы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) өнеркәсіптік қалдықтардың болжанатын көлемінің саны мен сапасы (қауіптілік класы бойынша), олардың физикалық-химиялық, токсикологиялық және радиациялық қасиеттері туралы деректерді;
2) өнеркәсіптік қалдықтардың қоршаған ортаға әсерінің мүмкін болатын салдарларының сипатын;
3) өнеркәсіптік қалдықтарды зарарсыздандыру, кәдеге жарату, көму мәселелерінің технологиялық шешімдерін;
4) топырақты зиянды заттардан қорғау бойынша және бұзылған,ластанған топырақты қалпына келтіру бойынша іс-шараларды;
5) қоршаған орта объектілеріндегі зиянды заттарды айқындау әдістемесін.
119. Қалдықсыз технологияны енгізудің техникалық мүмкіндігі болмаған кезде улы және радиоактивті өндірістік қалдықтарды зарарсыздандыру, кәдеге жарату, көму бойынша кешенді іс-шаралар көзделеді.
120. Улы қалдықтарды жинау, жинақтау, ыдысқа салу, тасымалдау, зарарсыздандыру және көму тәсілдері мен тәртібі химиялық заттардың қауіптілік класын ескере отырып жүзеге асырылады және қоршаған аумақтың ластану мүмкіндігін болдырмауы, персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
121. Өндірістік қалдықтар объектіде немесе мамандандырылған ұйымдарда жоюға, көмуге немесе кәдеге жаратуға жатқызылады.
122. Құрамында улы заттары бар қатты қалдықтарды жинауға, сондай-ақ шлам үйінділерін және шлам жинауыштарды өнеркәсіптік алаңдарда орналастыруға жол берілмейді.
7. Өндірістік объектілердегі жарықтандыруға және ультракүлгін сәулеленуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
123. Адамдар тұрақты болатын өндірістік объектілерде табиғи жарықтандыру көзделеді.
Метеорологиялық жағдайлардан туындаған, тәуліктің күндізгі уақыты барысындағы табиғи жарықтың өзгеруі жұмыстың тиісті түрі үшін жұмыс аймағында жасанды жарықтың нормаларымен белгіленген мәннен төмен жарықтануды азайтпауы тиіс.
Табиғи жарықтандыруды төмендету жарығы жеткіліксіз жұмыс аймақтарындағы жарықтандыру қондырғыларын автоматты түрде қосу арқылы жасанды жарықпен толықтырылады.
124. Ғимараттарды және құрылыстарды салу бойынша нормативтік құқықтық актілермен айқындалған үй-жайларды табиғи жарықсыз орналастыруға жол беріледі.
125. Жасанды жарық жұмысшы және авариялық болып көзделеді Орташа дәлдіктегі жұмысты орындау кезінде жұмыс орнындағы жарық кемінде 500 люкс (бұдан әрі – лк), ал аз дәлдіктегі және күрделі жұмысты орындаған кезде кемінде 200 лк болуы тиіс.
126. Жұмыс бинокулярлық стереоскопиялық микроскоптарды қолдана отырып, орындалған жағдайда, микроскоптан тыс монтаж үстелінің жұмыс аймағының жарығы осы санитариялық ережеге 3-қосымшаға сәйкес орнатылады. Микроскоптың көру аясындағы объектілердің жарығы бірқалыпты реттелуі тиіс және оның жоғарғы шегі кемінде 20 000 лк-ке жетуі тиіс.
127. Жарықтың деңгейін көзбен бақылау экрандары бар көзге күш түсетін жұмыстар осы санитариялық ережеге 3-қосымша бойынша қабылдануы тиіс.
128. Шамшырақтардың жарық техникалық сипаттамалары, оларды жұмыс аймағына қатысты орналастыру және орнату жұмыскерлерге тікелей және бейнелі жарқылдың зиянды әсерін болдырмауы тиіс.
129. Шамшырақтардың конструктивті орындалуы жұмыс істеу және қызмет көрсету кезінде өрт және электр қауіпсіздігін, өндірістік ортаның (өртке- және жарылғыш қауіпті, шаңды, химиялық активті) нақты жағдайлардағы сипаттамалардың сенімділігін, ұзақ мерзімділігін және тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс.
130. Өндірістік объектілерде шамшырақтарды тазарту және жөндеу құралдарымен жабдықталған шеберхана, жарықтың газды-разрядты көздері мен жарық техникалық жабдығын сақтауға арналған қоймалар көзделеді.
131. Газды-разрядты шамдары бар жарықтандыру қондырғылары үшін сынап толтырылған өңделген шамдарды сақтауға арналған үй-жай көзделеді.
132. Өндірістік үй-жайлардың жарықтандыру қондырғыларының құрамында ультракүлгін сәуленің жеткіліксіздігінің алдын алу мақсатында профилактикалық ультракүлгін сәулелену қондырғылары көзделуі тиіс. Ұзақ әсер ететін профилактикалық ультракүлгін сәулелену қондырғылары ультракүлгін сәулеленудің өндірістік көздері бар үй-жайларда көзделмейді.
8. Өндірістік объектілерде жұмыс істейтіндерге қызмет көрсетуге арналған үй-жайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
133. Жұмыс істейтін адамдарға қызмет көрсетуге арналған үй-жай (денсаулық сақтау объектілерінің санитариялық-тұрмыстық үй-жайлары, тамақ ішетін бөлме) осы санитариялық ережеге сәйкес белгіленеді.
134. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың құрамы осы санитариялық ережеге 4-қосымшаның 3-кестесіне сәйкес айқындалады.
135. Тізімі құрамы 50-ден 300-ге дейінгі адамды құрайтын объектілерде медициналық пункт, 300 адамнан астам болса, фельдшерлік немесе дәрігерлік денсаулық сақтау пункттері, сондай-ақ ҚР ҚНжЕ 3.02-04-2009 «Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар» құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес сауықтыру кешендері көзделеді. Фельдшерлік немесе дәрігерлік денсаулық сақтау пунктінің құрамы мен үй-жайлар алаңы осы санитариялық ережеге 4-қосымшаның 1, 2-кестелеріне сәйкес қабылданады.
136. Жекеленген үй-жайлардың алаңы, жабдықтар жиынтығы және рәсімдер объектінің қуатын, еңбек процесстерінің сипатын, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың болуын есепке ала отырып, әрбір нақты жағдайда шешіледі.
137. Жұмыс орындарына тікелей жақын жұмыс істейтін адамдарды сауықтыру үшін қажет емдеу-профилактикалық кешенінің үй-жайлары дыбыс оқшаулағышпен және электрлі магнитті өрістерден салыстырмалы түрде қорғайтын экрандармен, сондай-ақ ластанған ауаның цехтан келіп түсуін болдырмайтын герметикалық есіктермен жабдықталады.
138. Психологиялық-физиологиялық демалу бөлмелері айқын дене және нерв-күрделі еңбекпен сипатталатын (гигиеналық жіктелу бойынша III топтан артық) объектілерде көзделеді.
139. Жұмыс орындарынан психологиялық-физиологиялық демалу бөлмелеріне дейінгі қашықтық 75 м-ден аспауы, ал жұмыс орындарынан объектінің алаңына - 150 м-ден аспауы тиіс.
140. Психологиялық демалу бөлмелерінің пайдалы алаңы бір орынға сағатына 4 адам есебінен (ауысымына 4 сағат жұмысы кезінде) отыратын орынның болуымен айқындалады. Бір отыратын орынға кемінде 2 м2 бөлінуі, бұл ретте жалпы алаң кемінде 20 м2 болуы тиіс.
141. Психологиялық-физиологиялық демалу бөлмесі 68 м2 көлемдегі нұсқаушы-әдіскерге арналған қосалқы үй-жайды және өлшемі бір адамға кемінде 0,5 м2 есебінен, отыратын орынның санына байланысты болатын шешініп-киінуге арналған кіреберіс бөлмесін қамтиды. Шулы цехтарға тікелей жақын үй-жайларды орналастыру кезінде кіру есігі екі есіктің дыбыс оқшаулағышы бар тамбур түрінде көзделеді.
142. Психологиялық-физиологиялық демалу бөлмесіндегі жарық қызу шамдарын немесе жарықтандыруды реттеуге арналған (10-нан 200 лк-ке дейін) құрылғысы бар жарықтың басқа да жол берілген көздерін қолдана отырып, табиғи да жасанды да жарық көзделеді. Ауаның температурасы плюс 18-22оС шегін ұстап тұруы тиіс. Желдеткіш ауа баптау көмегімен жүзеге асырылады.
143. Психологиялық-физиологиялық демалу үй-жайлары шынтақ қоятын жері бар, демалуға арналған жұмсақ креслолармен жабдықталады. «Түрегеп» жұмыс істейтін мамандықтағы адамдар үшін әрбір креслоға аяқ қоятын жұмсақ төсем көзделеді.
144. Ұзақ уақыт «түрегеп» жұмыс істеуге байланысты еңбекпен сипатталатын объектілерде аяқты гидромассаждауға арналған арнайы жабдықталған үй-жайлар көзделеді.
145. Аяқты гидромассаждау қондырғылары кәріздеуге қосылған және араластырғыш арқылы ыстық және суық суды беруге арналған крандармен, отыратын ванналармен жабдықталған оқшауланған үй-жайларға орналастырылады. Үй-жайда су құбырлары құбырының жасырын тартылуы көзделеді. Судың температурасы плюс 28-34оС шегінде болуы тиіс.
146. Гидромассаждау қондырғылары бар үй-жайларды шулы цехтарға тікелей жақын орналастыру кезінде екі есіктің дыбыс оқшаулағышы бар тамбур түрінде шығу есігі жабдықталады. Үй-жай аяқ-киімді ауыстыратын және сеансқа дайындалатын кіреберіс бөлмесін қамтиды. Кіреберіс бөлменің алаңы қондырғылардың санына байланысты, бір адамға - кемінде 0,5 м2. Жұмыс орындарынан қашықтық 75 м аспауы тиіс.
147. Гидромассаждау қондырғыларының саны ауысымда 4 сағат ішінде қондырғыны пайдалану кезінде (әрбір адамға 10 минуттан), 1 қондырғыға 24 адам есебінен неғұрлым көп ауысымда жұмыс істейтін адамдар саны бойынша айқындалады. Қондырғылар арасынан өтетін жердің ені кемінде 1,5 м болуы, қондырғылар арасындағы қашықтық кемінде - 0,8 м. Қондырғылардың ұсынылатын оңтайлы өлшемдері: еденнен биіктігі - 720 мм, ені - 490 мм, бой аралық өлшемі - 670 мм.
148. Гидромассаждау қондырғылары бар үй-жайларда радиаторлық немесе панельді жылыту, сыртқа тарату желдеткіші немесе ауа баптау, табиғи және жасанды жарық көзделеді, ауаның температурасы плюс 18-25оС шегін ұстап тұруы тиіс.
149. Гидромассаждау үй-жайларында әрбір қондырғы үшін винтті орындықтар, қол жуу үшін араластырғыш арқылы ыстық және салқын су келіп тұратын раковина, дезинфекциялау ерітіндісі бар ыдыс, аяқ-киімді ауыстыру үшін орындық, келушілерді тіркейтін орын, үй-жайды жинауға арналған мүкаммалы бар шкаф көзделуі тиіс.
150. Жаттығу залдары жұмыс үй-жайларынан 150 м қашықтықта орналастырылатын бір сарынды еңбекпен және (немесе) гипокинезиямен сипатталатын объектілерде көзделеді. Залға кіретін есік шу мен шаңнан оңашалауды қамтамасыз ететін тамбур арқылы болуы тиіс.
151. Жаттығу залының алаңы 5-5,5 м биіктік кезінде жалпы ауданы кемінде 40 м2 болып, бір адамға кемінде 4 м2 есебімен белгіленеді.
152. Жаттығу залы ауасының құрамында зиянды заттар, қоспалар, иістер болмауы тиіс. Көміртегі диоксидінің (СО2) құрамы 0, 1%-дан аспауы, шаңдану – бір текше метрге (мг/м3) 6 миллиграммнан аспауы және кремнийдің құрамы 2%-дан аспауы, микроорганизмдер 1 м3-ге 4000 микробтан аспауы, статикалық электр өрісінің кернеулігі бір сантиметрге 150 Ваттан (В/см) аспауы тиіс.
153. Қажетті ауа режимі табиғи (фрамуга, терезе), жасанды желдетудің және ауа баптаудың көмегімен қамтамасыз етіледі. Барлық фрамугалардың кесілген жерінің алаңы еденнің алаңына 1:50 қатынасына жатқызылуы тиіс. Ықтиярсыз желдету кезінде ауаның ағысының қарқындылығы соруды 10-15%-ға арттыруы тиіс.
154. Ауаның температурасы орталықтандырылған жылумен және ауа баптаумен плюс 15-22оС шегінде қамтамасыз етілуі тиіс. Орталықтандырылған жылыту радиаторларын терезенің астындағы қуыстарға орналастырады және алмалы-салмалы ағаш торларымен жабады. Жылытуды желдеткішпен қатар қолданған жөн.
155. Табиғи жарықтандыру үшін жарықтың коэффициенті 1:4-1:5 қатынасында белгіленеді, жасанды жарық қызу шамдары кезінде кемінде 100 лк және люминисцентті шамдар кезінде кемінде 200 лк болуы тиіс. Терезелер сәнді торлармен жабылады.
156. Жаттығу залының жанына киім ауыстыруға арналған үй-жай, себезгі және дәретханалар орналастырылады. Себезгі қондырғылары мен қол жууға арналған раковиналардың саны осы санитариялық ережеге 4-қосымшаның 3-кестесіне сәйкес жобаланады.
157. Діріл ауруының алдын алу бойынша бөлмелер жұмыс істейтін адамдардың қолына дірілдің берілуімен сипатталатын технологиялық процестері және операциялары бар цехтар үшін көзделеді. Бөлменің құрамына мынадай үй-жайлар кіреді: физиотерапевтік ем-шараларға арналған, емдік дене шынықтыруға арналған, психологиялық және психологиялық-физиологиялық демалуға арналған.
158. Физиотерапевтік ем-шараға арналған бөлменің алаңы бір қол ваннасына 1,5 м2 есебімен (немесе құрғақ ауамен қыздыратын бір қондырғыға 2,3 м2) айқындалады, бірақ 35 м2–ден кем болмауы тиіс. Ванналардың саны ең көп ауысымда 3 жұмысшыға 1 ванна және 10 жұмысшыға 1 қондырғы есебімен айқындалады.
159. Емдік дене шынықтыруға арналған бөлменің алаңы залды пайдаланатын бір жұмысшыға (жаттығу құралдары мен спорт снарядтарын пайдалана отырып) 1,6 м2 есебімен, бірақ кемінде 20 м2 айқындалады.
160. Медициналық персонал үшін алаңы кемінде 8 м2 бөлме бөлінеді.
161. Әйелдердің жеке гигиена бөлмесінің (бұдан әрі - ӘЖГ)100 жұмысшыға 1 кабина есебімен кабинасы, шаңы жоғары объектілер үшін – 50 әйелге 1 кабина және тамбуры болуы тиіс. Тамбурда ыстық және салқын су араластырғышы бар раковина, қызмет көрсететін персоналға арналған үстел, қолға арналған электрлі кептіргіш, сабын салғыш көзделеді.
Жеке кабиналар ыстық және салқын су араластырғышпен келіп тұратын гигиеналық себезгімен және унитазбен, пайдаланылған гигиеналық пакеттерге арналған қақпағы бар бакпен және киімге арналған киім ілгішпен жабдықталды.
162. ӘЖГ бөлмесіне арналған үй-жайдың қабырғасы және жеке кабиналар арасындағы арақабырғалықтар жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, оларды жеңіл тазартуға, жууға болатын материалдардан жасалуы тиіс.
163. ӘЖГ бөлмесіне арналған үй-жайлардан жұмыс орындарына дейінгі қашықтық 150м аспауы тиіс. ӘЖГ-сын дәретханалармен біріктіруге ол берілмейді.
164. Әйелдердің жүктілік кезіндегі еңбегі мен демалысын тиімді ұйымдастыру үшін арнайы емдеу-сауықтыру кешендері (бұдан әрі - АК) ұрпақты болу жасындағы жұмыс істейтін әйелдердің саны 500 және одан да астам болатын объектілерде көзделуі тиіс.
165. Арнайы кешендер оқшауланған үй-жайларға орналастырылады, оларға өндірістік (цех, участок) және қосалқы (демалу бөлмесі, жеке гигиена бөлмесі, дәретхана) мақсаттағы үй-жайлар кіреді.
166. АК-ді табиғи жарығы мен табиғи ауа алмасуы жоқ ғимараттарға, жертөлелерге және цокольдық үй-жайларға және 2-қабаттан жоғары (лифт болмағанда) орналастыруға жол берілмейді.
167. Демалу бөлмелерінің алаңы ауысымда жұмыс істейтін бір әйелге 2,0 м2 есебімен, бірақ кемінде 18 м2 болып айқындалады. 30 м2-ден астам демалу бөлмелері демалу аймағына және гимнастикалық жаттығуға арналған, дәрігерлік бақылауға және оқу сабағына арналған аймаққа бөлінеді.
168. Жұмыс істейтін жүкті әйелдерді жұмысқа орналастыруға арналған АК үй-жайларының еңбек сипатына қойылатын гигиеналық талаптар еңбектің гигиеналық жіктеуі бойынша оңтайлы жағдайлардың 1-класын қанағаттандыруы тиіс.
169. Еңбекпен оңалту орталығы (учаске) (бұдан әрі – орталық) жұмыс істейтін адамдардың саны 5000 және одан астам объектілердің құрылымында көзделеді. Еңбекпен оңалту орталығының құрамында емдеу-диагностикалау және техникалық бөлімдері болуы тиіс.
170. Орталықтың емдеу-диагностикалау бөлімінің үй-жайлары болжанатын өндірістің сипатына сәйкес жабдықталады.
171. Орталықтың техникалық бөліміне еңбекпен оңалту цехтары (учаскелер), диспетчерлікке, көлік қызметіне, өнімнің сапасын бақылау, конструкторлық-технологиялық және жоспарлы-экономикалық бюро қызметіне арналған үй-жайлар, стандартты емес жабдықтар мен құрал-жабдықтарды дайындауға арналған экспериментальды-жөндеу учаскелер кіреді.
9. Өндірістік объектілердегі еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
172. Жұмыс орны еңбек процессінің, технологиялық жабдықтың және жұмыс аймағы өлшемдерінің ерекшеліктеріне байланысты ыңғайлы жұмыс жағдайында жұмысты орындауды қамтамасыз етуі тиіс. Еңбек операциялары қолжетімдік аймақ (қолжетімдік аймақ шекарасы қол созым қашықтығымен айқындалады) шегінде орындалады. Еңбектің жиі пайдаланылатын құралы (1 минутта бір рет және одан астам) жұмыс бетінің жиегінен 300 метрден бұдан әрі – мм) аспайтын қашықта оңтайлы аймақ шегінде болуы тиіс.
173. Отырып жұмыс істеуге арналған жұмыс орны көтеріліп-айналатын үстелмен (кресломен) және түрегеп жұмыс істеу үшін - тиімді констукцияда аяқ қойғышпен, еңбектің сипатына сәйкес орындықпен-сүйенішпен-демалуға арналған үстелмен жабдықталады.
174. Жұмыс орнында негізгі және қосалқы жабдықты орналастыру өлшемі бойынша жеткілікті өту жолын және тұрақты немесе уақытша жұмыс орнын (профилактикалық қарау, технологиялық жабдықты жөндеу және дайындау кезеңіне) құруға және жұмыс істеуіне арналған еркін алаңды, сондай-ақ қызмет көрсету аймағында жұмыскерлердің еркін қозғалысын қамтамасыз етуі тиіс.
175. Жабдықты жөндеумен (бөлшектеу), қызмет көрсетумен және жөндеумен байланысты еңбек операцияларын орындау кезінде жұмыскерлердің жұмыс істеу жағдайы мен сипатына байланысты жұмыс аймақтарының мынадай ең аз өлшемі метрмен қабылдануы тиіс (жабдықтан жұмыс аймағының шекарасына дейін):
1) түрегеп 15о-0,7 (0,6) м-ге дейін иілумен;
2) түрегеп 30о-0,8 (0,6) м-ге дейін иілумен;
3) түрегеп 60о-0,9 (0,6) м-ге дейін иілумен;
4) түрегеп 90о-1,2 (0,9) м-ге дейін иілумен;
5) отырып карточкада – 1,1 (0,8) м;
6) өту жолдары – 0,7 м.
Жұмыс істейтін адамдардың қолы немесе денесінің бір бөлігі жабдықтың габариті өлшемі шегінде болса (шығып тұратын элементтерінің үстінде) жұмыс аймағының өлшемін жақшада келтірілген мәнге дейін азайтуға жол беріледі.
176. Объектідегі еңбек процессін ұйымдастыру мыналарды көздейді:
1) көп еңбекті қажет ететін технологиялық операцияларды механизациялау және автоматтандыру, қызмет түрлерін ауыстыруды пайдалану, өндірістік операцияларды кезектестіру, еңбек пен демалудың тиімді режимін енгізу, кәсіби даярлық деңгейін арттыру;
2) қарапайым еңбек әрекеттерін қайталау санын шектеу, жұмыс ауысымы ішінде адамның динамикалық еңбек қабілеттілігіне сәйкес конвейердің қозғалысы қарқынын өзгерту, егер, конвейердің қозғалыс қарқыны тұрақты болып табылмаған жағдайда, технологиялық процесстің барысын үздіксіз бақылау ұзақтығын шектеу жүргізілуі тиіс.
177. Екі ауысымдық және үш ауысымдық еңбек режимі кезінде жұмыс ауысымының аяқталуы 24 сағаттан (бұдан әрі – сағ.) кешіктірілмеуі тиіс. Ауысымдар арасындағы күнделікті демалыстың ұзақтығы жұмыс ұзақтығынан екі есе көп болуы тиіс. Аз демалыс (бірақ кемінде 8 сағ.) төтенше жағдайлар (авариялық жұмыс) кезінде қолжетімді.
178. Ұйықтау құқығымен ұзартылған ауысым режимі бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін қолжуғышы, электрлі немесе газ плитасы бар ыстық тамақ ішуге және ұйықтауға арналған бөлмемен жабдықталады.
«Өндірістік объектілерге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне
1-қосымша
Иондаушы сәулеленудің сыртқы шоғынан қорғанышты жобалау кезінде пайдаланылатын дозаның қуаты
Сәулеленуге ұшырайтын адамдарды санаты |
Үй-жайлар мен аумақтың қолданылу мақсаты |
Сәулелену ұзақтығы сағат-жыл |
Эквивалентті дозаның жобалық қуаты, сағатына микроЗиверт (мкЗв/сағ) |
А санаты Б санаты Тұрғындар |
Сәулелену көзімен (радиометриялық, қаптау, жуу) жұмыс істеу кезінде персоналдың тұрақты болатын үй-жайы. Персоналдың уақытша болатын үй-жайы Б тобының персоналы болатын санитариялық қорғаныш аймағының аумағы мен объекті үй-жайы Кез келген басқа үй-жайлар мен аумақтар |
1700 850 2000 8800 |
6,0 12,0 1,2 0,06 |
Ескертпе: кестеде объектілердегі сәулеленудің техникалық көздеріндегі доза қуатының мәндері келтірілген. Эквивалентті дозаның өлшенетін мәндерінен тиімді мәндерге ауыстырылуы әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылады.
«Өндірістік объектілерге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне
2-қосымша
Сыртқы ауаның ең аз шығыны
Табиғи желдетілетін үй-жай |
Табиғи желдетуі жоқ |
|||
Шығыны |
Желдету жүйелері |
|||
1 адамға шаққанда сағатына текше метр шығын (бұдан әрі - м3/с) |
1 адамға м3/с |
жалпы саны |
Жалпы ауа алмасымының проценті (бұдан әрі -%), аспайды |
|
30 (1 адамға шаққанда үй-жайдың өлемі 20 текше метр (бұдан әрі - м3) кем кезінде) 20 (1 адамға шаққанда үй-жайдың көлемі 20 м3 кезінде) |
60 60 90 120 |
1 - - - |
- 20 15 10 |
Ауа алмасудың сағатына 10 және одан аз еселігінде рециркуляциясыз немесе рециркуляциямен. Жалпы ауа алмасудың сағатына 10-нан аз еселігінде рециркуляциямен. |
Ескертпе: «табиғи желдетуі жоқ» үй-жай деп ашылатын терезелері мен сыртқы қабырғасында ойықтары жоқ үй-жайды немесе терезелерінің жалпы көлемі 20% кем ашылатын терезелері мен ойықтары бар, сондай-ақ ғимараттың биіктігінен 5 есе асатын қашықтықта орналасқан ашылатын терезелері бар үй-жайлар аймағын түсіну қажет.
«Өндірістік объектілерге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне
3-қосымша
Нақты көру жұмыстары кезіндегі жарықтың деңгейі
1-кесте
Ажырату объектісінің өлшемі, бұрыш.мин. |
Жұмыс ауысымы уақытына процентпен шаққандағы нақты көру жұмысының уақыты |
Жарықтану, люкс (бұдан әрі – люкс) |
Жұмыс бетінің жарықтығы, кд/м2 |
1,5-тен кем |
60-тан астам |
4000 |
300-ден 500-ге дейін |
1,5-тан 3,0-қа дейін |
60-тан астам |
2000 |
150-ден 300-ге дейін |
3,5-тан 5,0-қа дейін |
60-тан астам |
1000 |
750-ден 150-ге дейін |
Визуалды бақылау экрандары бар жұмыс орындарының жарықтандырылуы
2-кесте
Экран типі |
Жарықтану, лк |
|||
Жұмыс үстелінде |
Экранның бейнелеу коэффициентінде экран бетінің |
|||
0,2- 0,4 |
0,4- 0,6 |
0,6-0,8 |
||
Телевизиялық: |
200 400 |
200-300 200-500 |
100-200 200-300 |
75-100 150-200 |
Кері қарама-қарсылы дисплейлі құрылғылар: |
300 400 |
200-400 200-400 |
100-200 100-200 |
75-150 75-150 |
Тура қарама-қарсылы дисплейлі құрылғылар |
300 |
100-150 |
50-75 |
50 |
«Өндірістік объектілерге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне
4-қосымша
Фельдшерлік денсаулық сақтау пунктінің үй-жайлар құрамы мен алаңы
1-кесте
Үй-жайлар |
Алаңы, шаршы метр (бұдан әрі м2) |
Вестибюль-күту бөлмесі және тіркеу орны |
18 |
Таңу бөлмесі (таза және іріңді) |
36 (2 үй-жай) |
Науқастарды қабылдау бөлмесі |
12 |
Тіс дәрігерінің кабинеті |
12 |
Кезекші медицина персоналының кабинеті |
9 |
Қойма |
6 |
Науқастардың уақытша болатын бөлмесі |
9 |
Тамбурында қолжуғышы бар ерлер дәретханасы |
1 унитазға |
Тамбурында қолжуғышы бар әйелдер дәретханасы |
1 унитазға |
Жалпы зауыт дәрігерлік денсаулық сақтау пункттерінің үй-жайлар құрамы мен алаңы
2-кесте
Үй-жайлар |
Жалпы зауыт денсаулық сақтау пункттерінің санаты кезіндегі үй-жайлардың алаңы, м2 |
||
I |
II |
III |
|
Вестибюль-күту бөлмесі және тіркеу орны |
24 |
18 |
18 |
Таңу бөлмесі (таза және іріңді) |
36 |
36 |
36 |
Науқастарды қабылдау кабинеті |
48 (4 үй-жай) |
36 (3 үй-жай) |
24 (2 үй-жай) |
Тіс дәрігерінің кабинеті |
24 (2 үй-жай) |
12 |
12 |
Физиотерапия бөлмесі |
24 |
18 |
12 |
Медициналық ем-шара бөлмесі |
18 |
12 |
12 |
Науқастардың уақытша болатын бөлмесі |
12 |
9 |
9 |
Денсаулық сақтау пункті меңгерушісінің кабинеті |
9 |
9 |
9 |
Автоклав және таңу материалдарын сақтауға арналған үй-жай |
9 |
9 |
9 |
Кезекші медицина персоналының бөлмесі |
12 |
9 |
9 |
Қойма |
6 |
6 |
6 |
Себезгі |
2 себезгі торына |
1 себезгі торына |
1 себезгі торына |
Тамбурында қолжуғышы бар ерлер дәретханасы |
1 унитазға |
||
Тамбурында қолжуғышы бар әйелдер дәретханасы |
1 унитазға |
||
Ескертпе: ыстық цехтары немесе «3а» өндірістік процестер тобы бар кәсіпорындардың жалпы зауыт денсаулық сақтау пункттерінде себезгі бөлмесінің орнына себезгісі бар ваннаны көздеу керек. |
Тұрмыстық үй-жайлардың нормасы
3-кесте
Өндіріс-тік процес-тер тобы |
Процестердің санитариялық сипаттамасы |
Адамдардың есептік саны |
Киім ілетін орынның типі, бір адамға бөлімше саны |
Киімді арнайы өңдеу |
|
1 себезгі торына |
1 кранға |
||||
1. 1-а 1-в |
Қауіптілігі 3 және кластағы заттармен дененің әне арнайы киімнің ластануын тудыратын процестер: |
25 15 5 |
7 10 20 |
жалпы, бөлек, бір бөлімшеден |
Арнайы киімді химиялық тазарту |
2 2-а 2-б 2-в 2-г |
Нағыз жылу артқан кезде немесе қолайсыз ауа-райы жағдайларында орын латын процестер: сәулелі жылу артқан кезде киім мен аяқ киімнің ылғалдануын тудыратын ылғалдың әсеріне байланысты ауа температурасы +100С және одан төмен болғанда, ашық ауадағы жұмыстарда |
7 3 5 5 |
20 20 20 20 |
жалпы, екі бөлімше жалпы, екі бөлімше екі бөлек бөлімше екі бөлек бөлімше |
Салқындататын бөлме, жартылай душтар Арнайы киім мен аяқ киімді кептіру |
3 3-а 3-б |
Қауіптілігі 1 және класты заттармен дененің және арнайы киімнің, сондай-ақ тұрақты иісі бар заттармен ластануын тудыратын процесстер әдетте тек қолдардың ластануын тудыратын дене мен арнайы киімнің ластануын тудыратын |
7 3 |
10 10 |
жалпы, бір бөлімше екі бөлек бөлімше |
Химиялық тазарту, арнайы киімді сақтау орнын жасанды желдету, иіссіздендіру |
4 |
Өнім сапасына, арнайы киімді сақтауды ұйымдастыруға және жұмыс алдында арнайы киім мен денені өңдеуге қойылатын ерекше санитариялық-эпиде иологиялық немесе технологиялық талаптары бар өндірістік процесстер |
Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес |
Ескертпе:
өндірістік процесстердің әртүрлі топтарының белгілері үйлескен жағдайда киім ілетін орынның, себезгі бөлмесінің және қолжуғыштардың типі неғұрлым жоғары талаптары бар топ бойынша, ал арнайы тұрмыстық және құрылғы - жиынтық талаптар бойынша көзделуі тиіс;
1-а тобы процестері кезінде себезгі бөлмелерін тиісті негіздеу кезінде көздемеуге жол беріледі;
арнайы киім мен аяқ киімнің шаң болуын тудыратын кез келген процестерде олардың жоятын үй-жайлар мен құрылғылар көзделуі тиіс;
блок-контейнерлерден тұратын мобильді ғимараттарда себезгі торларының есептік санын 60%-ға дейін азайтуға жол беріледі;
жұқтырылған және радиоактивті материалдармен, сондай-ақ қауіпті аттармен жұмыс істеген кезде тері арқылы түскенде санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар қолданыстағы НҚА сәйкес жобалануы тиіс.