Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы (жеке кәсіпкерлік саласынан басқа) тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 24-03/230 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 мамырда № 6957 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 19-2/1131 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 809 бірлескен бұйрығымен

     Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 24.12.2014 № 283 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13)тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2 тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1 тармақшасын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шалқар ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Қарашолақоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

Р. Сыдықов.