Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасындағы заңнаманы сақтауда тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 8 сәуірдегі № 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 сәуірде № 6925 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2013 жылғы 08 тамыздағы № 239 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 08.08.2013 № 239 бұйрығымен.

      «Тауарлық биржалар туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабының 3-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 1 тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған тауар биржалары саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті (А. Қазыбаев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. «Тауар биржалары саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 15 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6268 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 366-367 (26210) жарияланған) күші жойылды деп саналсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі Т.М. Сүлейменовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Ж. Айтжанова

Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің  
2011 жылғы 8 сәуірдегі
№ 95 бұйрығымен   
бекітілді Нысан   

Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан
Республикасындағы заңнаманы сақтауда тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған орган ________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті ____________________________________
                                            (№, дата)
Бақылау субъектісінің атауы __________________________________________
_____________________________________________________________________
СТН (ЖСН/БИН) _______________________________________________________
Субъектінің мекен-жайы_______________________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

1.

Тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы, биржа мүлкін пайдаланғаны, сондай-ақ биржалық мәмілелерді, заңнамада тыйым салынбаған басқа да түсімдерді тіркегені және ресімдегені үшін бекітілген төлемдер мөлшерлерінің болмауы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес)

2.

Тауар биржасының кемінде үш мүшелерінің болмауы («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының2-тармағына сәйкес)

3.

Биржа саудасы ережелерінің болмауы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес)

4.

Сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі құрылымдың бөлімшелердің болмауы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес)

5.

Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша тауар биржасы қызметкерлерінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес)

6.

Тауар биржасының биржалық тауарларға күн сайынғы белгілеулерді бұқаралық ақпарат құралдарында жарияламауы («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес)

7.

Клирингтік орталықтың не клирингтік орталық қызметтерін пайдалану туралы шарттың болмауы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес)

8.

Нақты уақыт режиміндегі биржалық сауда-саттықты және электронды биржалық сауда-саттықты өткізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің болмауы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес)

9.

Құпиялылық (жасырын) тәртібін, сондай-ақ тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақталған құрылымдық бөлімшенің болмауы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес)

10.

Тауар биржасында биржалық төреліктің болмауы («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес)

11.

Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыру мүмкін еместігі туралы талаптарды сақтамауы («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес)

12.

Тауар биржасының қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуы сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүдделеріне пайдалану («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес)

13.

Биржалық мәмілелерді тауар биржасының атынан және есебінен жасауы («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес)

Мемлекеттік бақылау субъектісінің тексеру парағын алғаны туралы белгісі:

20___жылғы "___"________ __________________________________
                               (А.Ә.Т., лауазымы, қолы)