"Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің "Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасындағы заңнаманы сақтауда тексеру парағының нысанын бекіту туралы" 2011 жылғы 8 сәуірдегі № 95 және "Жеке кәсіпкерлік

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2013 жылғы 08 тамыздағы № 239 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мына:
      1) «Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасындағы заңнаманы сақтауда тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 8 сәуірдегі № 95 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6925 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2011 жылғы № 21 жарияланған);
      2) «Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасындағы заңнаманы сақтауда тәуекел дәрежесін бақылау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылы 8 сәуірдегі № 96 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6931 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2011 жылғы № 22 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитеті (Қ.Б. Ертуғанов) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жіберсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің міндетін
            атқарушы                                    М.Құсайынов