Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды форматта және қарау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылы 6 сәуірдегі № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 15 сәуірде № 6888 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 83 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2011.09.12 № 83 (5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды форматта және қараудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды форматта және қарау жөніндегі қоса берілген Нұсқаулық бекітілсін.
      2. «Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау туралы» Нұсқаулықты бекіту және қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 10 ақпандағы № 6 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (№ 2165 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестірінде тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы, және мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 12, 817-бет.).
      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (одан әрі - Комитет) осы бұйрықты:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің Төрағасына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Бас Прокуроры                                 Қ. Мәми

      «Келісілген»
      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Соты
      Аппаратының басшысы
      Ж. Әбдиев

      2011 жыл 6 сәуір

      Қазақстан Республикасы  
Бас Прокурорының    
2011 жылғы 6 сәуірдегі 
№ 26 бұйрығымен бекітілген

Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды, шағымдар мен өзге де ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды форматта және қарау туралы Нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық қылмыстық қудалау органдарының қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды, шағымдар мен өзге де ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды форматта және қараудың, сонымен қатар Астана, Алматы қалалары және облыстар соттарының кеңсе меңгерушілерінің жеке айыптау істері бойынша шағымдарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қараудың бірыңғай тәртібін айқындайды.
      Электронды тіркеуді жүзеге асыру кезінде қылмыстық қудалау және прокуратура органдары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 17 маусымдағы № 27 бұйрығымен бекітілген (одан әрі - ҚР БП № 27 бұйрығы) «Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелу және сотта қаралу нәтижелерін бірыңғай карточкалық есепке алу бойынша жүргізу Нұсқаулығын (Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе), сонымен қатар осы Нұсқаулықты басшылыққа алады.
      Қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштер мен хабарларды электронды тіркеу, оларды есепке алудың қолданыстағы тәртібі және тиісті ақпараттық есепке алу құжаттарын қоюмен қатар жүзеге асырылуы қажет.
      Негізгі ұғымдар:
      1) қылмыстар, оқиғалар туралы ақпараттарды қабылдау – Нұсқаулыққа және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламалар және өзге де ақпараттар қабылдау бойынша өкілеттікке ие лауазымды тұлғаның іс әрекеттері;
      2) қылмыстар, оқиғалар туралы ақпараттарды тіркеу, сонымен қатар электронды түрдегі – қылмыстар туралы Өтініштер мен хабарламаларды есепке алу кітабында (бұдан әрі – ӨЕК) және Ақпараттарды есепке алу журналында (12-қосымшалар) (бұдан әрі – АЕК) қылмыстар, оқиғалар және өзге де мәліметтер туралы ақпараттың мазмұны бойынша қысқаша мәліметтерді бекіту, әрбір келіп түсетін өтінішке, хабарламаға және қылмыстар мен оқиғалар туралы өзге де ақпараттарға нөмір беру;
      3) қылмыстар, оқиғалар туралы ақпараттарды есепке алу – қылмыстар, оқиғалар туралы ақпараттарды қабылдау және тіркеу бойынша мәліметтерді бекіту және оларды есептілікте бейнелеу;
      4) қылмыстар, оқиғалар туралы ақпараттарды қарау – қылмыстар туралы тіркелген өтініш, хабарлама бойынша лауазымды тұлғаның (өз құзыреті шегінде) тексеру іс-шараларын өткізу және Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс-жүргізу кодексіне (одан әрі – ҚР ҚІЖК) сәйкес ол бойынша іс жүргізу шешімдерін қабылдау;
      5) қылмыстар туралы тіркеуден жасырылған өтініш, хабарлама – бұл, ӨЕК-на қылмыстың қандай да бір құрамының белгілерін қамтитын, оны тікелей қабылдап алған тіркеуші тұлға немесе оның тіркелуіне жауапты тұлға тіркемеген өтініш немесе хабарлама;
      6) есептен жасырылған қылмыс – бұл қылмыстық істі қозғауға ҚР ҚІЖК 177-бабымен қарастырылған, негіздердің жеткілікті болуына қарамастан, қылмыстық қудалау органдарының оны келесі жолдармен есепке қоюға шара қабылданбаған қылмыс:
      ӨЕК-де тіркеуге шаралар қабылдамау (мұндай әдістерге келесілер жатады: қылмыстар туралы өтініштерді, хабарламаларды тіркеуден тікелей жасыру; әкімшілік істі негізсіз қозғау; «Нақтыланбаған деректер бойынша нарядқа жіберілген материалдар» наменклатуралық іске тексеру материалдарын есептен шығару; жеке айыптау істері бойынша сотқа негізсіз жолдау; қылмыстық істен басқа қылмыс құрамының белгілері бар тексеру материалдарын бөлмеу арқылы);
      ақталатын негіздер бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы негізсіз қаулыны шығаруы;
      аумақтылығы (тергеуде болуы) бойынша нақты жолданбаған, ӨЕК-ғы жазбалар, сонымен қатар бұрын тіркелген қылмыстық іске (материалға) нақты тіркеусіз ӨЕК-ғы жазбалар;
      Қылмыстық қудалау органы жеке тексеру нәтижелерінің дайын болмауына байланысты (сараптаманың, салық тексеру актілерінің, халықаралық тапсырмалар немесе басқа ревизия актілерінің қорытындысы) тергеуге дейінгі тексерудің ҚР ҚІЖК рұқсат етілген мерзімі өткеннен кейін қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешімі қабылданса, оның күшінің жойылуы туралы прокурорға қолдаухат жолданса, қылмыс жасырылған болып есептелмейді.
      Жасырылған қылмыстар қатарынан одан әрі ақталатын негіздер бойынша қысқартылған немесе ақтау үкімі шығарылған қылмыстық істер есептен шығарылуға жатады. Осы шешімдердің күші жойылған жағдайда, қылмыстар жасырылған ретінде қайта есепке алынады.
      7) Қылмыстар туралы көрінеу жалған өтініштер - бұл кез келген меншік түріндегі мекемелер, кәсіпорындар немесе ұйымдар, кәсіпкерлік субъектілерінің, сонымен қатар азаматтар қызметіне заңсыз тексеруді ұйымдастыру және іске асыру мақсатында ұйымдастырылып, аталмыш жасалған немесе жасалатын қылмыс (оқиға) туралы қылмыстық қудалау органының лауазымды тұлғасының қатысуымен дайындалған ӨЕК-де тіркелген жеке немесе заңды тұлғаның өтініші.
      Қылмыстар туралы көрінеу жалған өтінішті тіркеу дерегі анықталған жағдайда, прокурор немесе қылмыстық қудалау органы тексеру іс-шараларын дереу тоқтату шаралары қолданылады және осы өтініш бойынша ақталатын негіздер бойынша қылмыстық істерді қозғаудан бас тарту туралы шешімі қабылданады.
      8) ӨЕК – қылмыстар, оқиғалар туралы тіркелген өтініштер және хабарламалар туралы мәліметтерді және олар бойынша қабылданған іс жүргізу шешімдерін қамтитын қатаң есептілік құжаты;
      9) АЕЖ – қылмыстар, оқиғалар туралы өзге ақпараттарды және олар бойынша қабылданған шешімдердің тіркелуі қарастырылған қатаң есептілік құжаты.
      3. Қылмыстар, оқиғалар туралы барлық ақпараттар, мазмұнына қарай, қалай жазбаша түрде берілсе, солай ауызша түрде беріле алатын өтініштер, хабарламалар, шағымдар және қылмыстар мен оқиғалар туралы өзге де ақпараттарға бөлінеді.
      Жазбаша өтінішке, оны жолдаған тұлға қол қоюы керек.
      Өтініш беруші көрінеу жалған сөз тасығаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны туралы ескертіледі, ол туралы қылмыстық қудалау органына тікелей жүгінушінің қолымен бекітілген өтінішке белгі қойылады.
      Жазбашаға келесі жатады: азаматтардың өтініштері; кінәсін мойындап келу; заңды тұлғалардың өтініштері; мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының немесе ұйымда басқару қызметтерін атқаратын тұлғаның жазбаша хабарламасы; лауазымды тұлғаның және қылмыстық істі қозғауға құқылы органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтағаны жөніндегі баянаты.
      Қылмыстық қудалау органына түсетін қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер, хабарламалар, шағымдар және басқа да ақпараттар ҚР ҚІЖК белгіленген тәртіпте қарастырылуы тиіс.
      4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (одан әрі - ҚР ҚК) көзделген құрамында қандай да бір қылмыс белгілері қаралатын қылмыстар туралы өтініштер, хабарламалар ӨЕК-де тіркеуге жатады.
      Тіркеліп, тексеру өткізілгеннен кейін, олар бойынша ҚР ҚІЖК 185-бабының 1-бөлімінде қарастырылған іс жүргізу шешімдерінің бірі қабылданады.
      5. Қылмыстар, оқиғалар туралы басқа ақпаратты, құрмында қылмыс болуын немесе болмауын анықтау мақсатында алдын ала тексеріп, АЕЖ-да міндетті түрде тіркеу қажет.
      Оларға: телефон (телефакс), телетайп, телеграф, факсимильдік байланыс арқылы, ресми сайттарда электронды түрде, қылмыстық қудалау органының блогында, күзеттік белгі беру белгісінің қосылуы түрінде, сонымен қатар қылмыстық қудалау органдарының кезекшілік жүктелімдерінің ведомстволық радио байланыс арналары бойынша түскен хабарламалар, соның ішінде төмендегіден туындайтын жатады:
      1) қылмыстың салдарынан туындаған жарақаттармен, зақымдармен, аурулармен түскен азаматтардың жүгінуі туралы емдеу мекемелерінен;
      2) қылмыстың белгілерін білдіретін жағдайларға байланысты азаматтардың жеке куәліктерін және төлқұжаттарын жоғалту жөніндегі көші-қон полициясының бөлімшелерінен;
      3) қылмыс жасады деген күдікпен және жасалған қылмыс туралы құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардан;
      4) қылмыс туралы күдікті тудыратын жағдайлар бойынша басқа ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер (түрлі меншік иелері), азаматтардың және басқа да жеке тұлғалардың қоғамдық бірлестіктерінен.
      Қылмыстар, оқиғалар туралы басқа да ақпараттарға жатқызылуы керек:
      авариялар, жануарлар індеттері, табиғи зілзала және адамдармен болған жазатайым оқиғалар туралы мәліметтер;
      құқыққа қарсы сипаттағы басқа да әрекеттер туралы мәліметтер.
      Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде және сот талқылауы барысында берілген ауызша өтініштер, хабарламалар тиісті хаттамаға енгізіледі. Басқа жағдайларда өтініш берушінің және өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғаның қол қойған жеке хаттамасы жасалады. Өтініш беруші көрінеу жалған сөз тасығаны үшін ҚР ҚК 351-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны туралы ескертіледі, ол туралы хаттамада өтініш берушінің қолымен куәландырылған белгі қойылады.
      Қылмыстар, оқиғалар туралы өзге де ақпарат расталған жағдайында, соңғысы ҚР ҚІЖК 185-бабы 1-бөлімімен қарастырылған іс жүргізу шешімдерінің бірін қабылдаумен ӨЕК теркеуге жатады.

2-тарау. Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпараттарды қабылдау

      6. Кез келген дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы түсіп жатқан өтініштер, хабарламалар, шағымдар және өзге де ақпараттар жасалған орнына, уақытына, сонымен қатар хабарланатын мәліметтердің толықтығына және ұсыну түріне қарамастан, кез келген қылмыстық қудалау органында қабылданады. Кезекші бөлімдері бар қылмыстық қудалау органдары өтініштерді тәулік бойы қабылдайды.
      7. Қылмыстық қудалау органына, соның ішінде учаскелік инспекторға тікелей жүгінген өтініш берушіге, олармен бірегей нөмірлі талон-хабарлама (3-қосымша) беріледі.
      Белгіленген тәртіпте, қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды қабылдау және тіркеу міндеттері жүктелген кезекші бөлімнің қызметкері немесе лауазымды тұлға бірегей нөмірі бар талон-хабарламаның қағаз жүзіндегі нысанын толтырады, жыртылмалы бөлігін өтініш иесіне береді және ЗС-1 статистикалық карточканың қағаз жүзіндегі түрін толтырып, оны 24 сағат ішінде карточканы электронды түрде қалыптастыратын қызметкерге береді. ЗС-1 нысанды статистикалық карточканың деректемелері ҚР БП № 27 бұйрығымен белгіленген тәртіпте толтырылады. ЗС-1 нысанды карточка мәліметтерінің негізінде электронды ӨЕК жазба автоматты түрде қалыптасады.
      Талон-хабарламаның бірегей нөмірінде бірінші жұбында өтінішті, хабарламаны тіркеген жыл белгіленеді, екінші жұбында облыс коды, үшінші жұбы аудан коды, төртінші ведомство коды, тоғызыншы сан болып – резервті нөмір және соңғы сандармен (5 белгі) талон-хабарламалардың реттік нөмірі көрсетіледі.
      Талон-хабарлама екі бөлімнен тұрады: өтінішті және хабарламаны тіркеген қылмыстық қудалау органында қалатын талон-хабарламаның, сонымен қатар өтініш иесіне берілетін жыртылмалы талон-хабарламаның түбіртегі. Талон-хабарламалар түбіртектерінің түпнұсқалары қатаң есептілік құжаттары болып табылады.
      Талон-хабарламаның бірінші бөлігінде: бірегей нөмір, өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты немесе мекеменің атауы, өтініштің немесе хабарламаның қысқаша мазмұны, ӨЕК тіркеу жазбасының нөмірі мен күні, өтінішті қабылдаған қылмыстық қудалау органы қызметкерінің қолы, лауазымы, аты-жөні және өтініштің немесе хабарламаның қабылданған күні, талон-хабарламаны қабылдаған тұлғаның қолы, уақыты және күні белгіленеді.
      Талон-хабарламаның екінші бөлігінде: (жыртылмалы талон), сондай-ақ, бірегей нөмір, өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты немесе мекеменің атауы, қызметкердің лауазымы, аты-жөні, өтінішті қабылдаған қылмыстық қудалау органының атауы, мекенжайы және қызметтік телефоны, өтініш немесе хабар бойынша қабылданған шешімдер Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңдарында белгіленген мерзімде қабылданатындығы туралы түсініктеме беріп, ӨЕК нөмір және тіркеу жазбасының күні, талон-хабарламаны берген қылмыстық қудалау органы қызметкерінің қолы және күні қамтылады.
      Жыртылмалы талон-хабарламаның теріс жағында Интернет-сайттың мекенжайы: http://service.pravstat.kz, 1012 телефон нөмірлері (SMS-сервис), 8 800 080-7777 (стационардан), 1414 (ұялыдан) көрсетілген, осы телефондар арқылы өтініш иесі тиісті ақпаратты және өтінішті қабылдаған қылмыстық қудалау органының телефонын ала алады.
      Жазбаша өтінішке немесе кінәсін мойындап келу хаттамасына тіркеу штампы (4-қосымша) қойылады.
      Органның тіркеу штампына атауы, тіркеу күні, реттік нөмірі, аты-жөні және ақпаратты қабылдаған лауазымды тұлғаның қолы жатады.
      8. Жол полициясының, қаржы полициясының, кеден қызметінің, мемлекеттік күзет қызметінің, өртке қарсы қызметтің, медициналық айықтырудың, арнайы қабылдағыштың, тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторының, кәмелетке толмағандарды тәрбилеу, бейімдеу, оқшаулау және оңалту орталықтарының, қабылдағыш-бөлгіштердің, Қарулы күштердің әскери бөлімдерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрмаларының кезекші бөлімшелеріне қызмет атқару барысында мәлім болған қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер, хабарламалар аумақтылығы бойынша (тергеуде болуы) тиісті органның кезекші бөліміне дереу жолданады.
      9. Қылмыстық қудалау органына жүгінген кезде өтініш беруші меңгерген кез келген тілді пайдалана алады. Қабылданған шешім туралы жауап жүгінген тілде беріледі.

3-тарау. Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпараттарды тіркеу және есепке алу, сонымен қатар электронды есепке алу

      10. Жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы кез келген өтініш (жазбаша немесе ауызша) осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіпте тіркеуі керек.
      ӨЕК-да немесе АЕЖ-да тіркемей, өтініштерді тексеруге тыйым салынады. Кіріс құжаттарының журналында тіркелген қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер, хабарламалар түскен кезінен бастап, тәулік ішінде ӨЕК-да тіркелуге жатады.
      11. ҚР ҚІЖК 185-бабының 1-бөлімінде көзделген іс жүргізу шешімдерін қабылдау, тек ӨЕК тіркелген материалдар бойынша жүзеге асырылады.
      12. Қылмыстар, оқиғалар туралы ақпаратты қарау мерзімін есептеу, қылмыстық қудалау органының ӨЕК-да тіркелген күнінен бастап есептеледі.
      13. Аумақтылығы (тергеуде болуы) бойынша жолданған қылмыстар туралы өтініштер, хабарламалар есептен алынады және оны қабылдаған қылмыстық қудалау органында тіркелуі қажет. Материалды қайтарған кезде өтінішті, хабарламаны бастапқы тіркеу жөнінде ӨЕК-де белгі қойылады. Қарау мерзімі тергеуде болуы (аумақтылығы) бойынша қабылдаған қылмыстық қудалау органына өтініштің қайта келіп түскен кезінен бастап есептеледі, соның ішінде оқиға болған орынды, аймақты немесе үй-жайды қарап, оқиға болған жерде табылған немесе ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың, не азаматтардың ұсынған заттары мен құжаттары бір мезгілде тапсырылуға жатады.
      Бір қылмыстық дерек бойынша бірнеше өтініштер, хабарламалар, шағымдар және өзге де ақпараттар түскен кезде, олар бір рет есепке алуға жатады. Тергеу және анықтау органы қайталап түскен өтініштер, хабарламалады ӨЕК-ге тіркеп, қылмыстық іске (материалға) қоса тіркейді, бірақ ӨЕК-ғы бастапқы тіркеу нөміріне тіркеу туралы белгісі қойылады.
      Бір қылмыстық дерек бойынша қайталама өтініштер, хабарламалар түскен кезде, бірақ басқа қылмыстық дерек туралы мәліметтерді қамтыса, соңғысы дербес тіркеледі.
      Ұжымдық өтініштер түскен кезде «Қылмыс туралы хабарлаған тұлға жөнінде мәліметтер» - ұжымдық бағанын көрсетумен бір тіркеу нөмірі беріледі.
      14. Егер қылмыс туралы өтініштерді, хабарламаларды тіркеу қандай да бір себептермен тоқтатылса, онда ӨЕК және АЕЖ осы органға ақпараттың түсу уақытымен қатар, өтінішті қарау тапсырылған қызметкерге бастапқы түскен уақыты көрсетіледі. Мұндай жағдайларда өтінішті қарау мерзімі, қылмыстық қудалау органына бастапқы түсу мерзімінен бастап есептеледі.
      15. Азаматтардың қылмыстар туралы АЕЖ-да тіркеліп, расталмаған ауызша өтініштері емдеу мекемелерінің тұрмыстық сипаттағы дене жарақаттарымен олардың жүгінуі жөніндегі хабарламалары, сонымен қатар қылмыстық мәліметтерді қамтымайтын, азаматтық және басқа заңдармен реттелетін даулар, басқа да құқықтық қатынастар бойынша қылмыстық қудалау органдарына жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша АЕЖ-ның 6-бағанында деректің расталмауы жөнінде жазба жүргізіледі. Тексеруді жүзеге асыру дерегі тексеруді өткізген лауазымды тұлғаның баянаты түрінде, өтініш берушіден, көрген адамнан жазбаша сауалнамамен құжаттамалық, сол сияқты баянатта баяндалған қабылдаған шешіммен келісу туралы, қылмыстық қудалау органы басшысының бұрыштамасымен расталуы керек.
      Аталған материалдар кеңсенің, хатшылықтың «Расталмаған деректер бойынша жүктелімдерге шығарылған материалдар» (5-қосымша) жеке істер наменклатурасында сақталуы қажет.
      16. ӨЕК-ын және АЕЖ-ын аудандық, қалалық (аудандық құқығында), облыстық, қалалық (облыстық құқығында) және соларға теңестірілген қылмыстық қудалау органдары, прокуратура органдары, оған қоса олардың орталық аппараттары басталып жүргізіледі.
      ӨЕК және АЕЖ деректемелері хронологияны және нөмірлеу тәртібін сақтап, олардың бағандарының мазмұнына сәйкес толтырылады. Өтініш беруші туралы деректері, хабарланатын қылмыс туралы мәліметтері, жүгіну және қабылданған шешім туралы қозғалысы толыққанды баяндауға жатады. Қылмыс туралы өтініштер, хабарламаларды тіркеген кезде құпиялылықты қамтамасыз ету қажеттілігі туындаған жағдайда, ӨЕК-да мазмұнын және өтініш беруші туралы деректерді баяндамай, жүгінген тұлғаның аты-жөнінің басқы әріптерін көрсетуге болады.
      ӨЕК және АЕЖ қылмыстық қудалау органдарының кезекші бөлімінде немесе тиісті құрылымдық бөлімшесінде сақталуы керек және қылмыстар туралы өтініштерді, хабарламаларды тіркеуге жауапты лауазымды тұлғалармен толтырылады. Кітаптардың және журналдардың парақтары нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі.
      17. Аяқталған ӨЕК және АЕЖ, талон-хабарламалардың түбіртектері, расталмаған деректер бойынша жүктелімге шығарылған материалдар бойынша істер номенклатурасы кеңсеге, хатшылыққа сақталуға жіберіледі. ӨЕК сақталу мерзімі - 5 жыл, АЕЖ, талон-хабарламалар түбіртектерінің және іс номенклатурасының сақталу мерзімі - 3 жыл.
      18. Өтініштің тіркелуін қамтамасыз ету жауапкершілігі қылмыстық қудалау органның басшысына, бөлімшенің кезекші бөлімінің лауазымды тұлғасына және орындаушыға жүктеледі.
      Прокуратура органдарына түскен қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді тіркеу осы міндет жүктелген лауазымды тұлға жүзеге асырады.
      19. Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдау бойынша материалдар қылмыстық қудалау органдары бастап жүргізетін Бас тарту материалдарын есепке алу журналында тіркелуге жатады.
      Бас тарту материалдары қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешімі қабылданған қылмыстық қудалау органының мұрағаттарында сақталады. Бас тарту материалдарының қабылдау, сақтау, есепке алу, беру және жою тәртібі Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры келіскен қылмыстық қудалау органының ведомстволық нормативтік құқықтық актілерімен регламенттеледі.

4-тарау. Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді,
хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпараттарды қарау

      20. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері ҚР ҚІЖК сәйкес осы Нұсқаулықтың талаптарына сай тіркелген өтініштердің қаралуын қамтамасыз етеді.
      21. Жасырын өтініштер АЕЖ-да тіркелуге жатады және мәліметтің мазмұнына байланысты қылмыстық қудалау органының бастығы немесе оны ауыстыратын лауазымды тұлға келесі шешімнің бірін қабылдайды:
      1) жазбаша нұсқама береді:
      өтінішті және хабарламаны тексеру туралы, егер онда дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы деректер қамтылса;
      жедел мақсатта пайдалану үшін тиісті бөлімшелерге өтініштер мен хабарламаларды жіберу туралы;
      2) жедел тексеру үшін негіздеме болмаған кезде номенклатуралық іске өтініштер мен хабарламалар есептен шығарылады.
      Жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы жасырын өтініш расталған жағдайда, қылмыстық қудалау органының лауазымды тұлғасы тиісті баянатты жазып, оны осы Нұсқаулыққа сәйкес тіркеу қамтамасыз етіледі.
      3) жасырын өтініш, егер онда дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы мәліметтер қамтылса, тиісті тексерулерді өткізу үшін тергеуде болуы немесе аумақтылығы бойынша жолданады.
      Жасырын өтініш тергеуде болуы немесе аумақтылығы бойынша жолдаған кезде АЕЖ-да тиісті жазба жазылады.
      22. ӨЕК-да тіркелген материалдар бойынша шешім ҚР ҚІЖК 184-бабында белгіленген мерзімде қабылданады.
      Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер, хабарламаларды қарау мерзімін ұзарту, ҚР ҚІЖК 184-бабында белгіленгендер негізінде, тексеруді іске асыратын тұлғаның дәлелденген баянаты негізінде жүзеге асырылады: қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немесе басқа материалдарды талап ету, оқиға болған орында тексеру, сараптама өткізу үшін.
      Баянатта баяндалған негіздер орынды болған жағдайда, тексерудің тергеуге дейінгі мерзімі анықтау органының бастығы, тергеу бөлімінің бастығы, ал орталық аппараттарда – комитеттер төрағасының немесе департаменттер бастығының немесе оларды ауыстыратын тұлғалардың баянаттағы бұрыштамасымен ұзартылады.
      Тексерудің тергеуге дейінгі мерзімі ұзартылса 3С-2 нысанды статистикалық карточкасы қойылады және прокурор хабардар етіледі. Хабарламада мерзімнің ұзартылу негізі көрсетіледі.
      Материал бойынша қабылдаған шешімнің прокурормен күші бұзылған жағдайда, қайта қабылданған шешім 1 айдан кешіктірмей қабылдануы керек.
      23. Қосымша тексеруді қажет ететін АЕЖ-да тіркелген қылмыстар, оқиғалар туралы басқа ақпарат:
      1) оқиға болған орнынға шығу;
      2) іздердің, кино-фото түсірімді, бейнежазбаның сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
      3) жедел-іздестіру шараларын өткізу;
      4) жәбірленушілерден, куәгерлерден сұрастыру үшін себеп болады.
      24. АЕЖ-да тіркелген қылмыстар, оқиғалар туралы басқа ақпараттар түскен кезінен бастап 24 сағаттан аспайтын мерзімде тексерілуі керек, ал қосымша мәліметтерді алу, құжаттарды немесе басқа материалдарды талап ету, оқиға болған орында тексеріс өткізу қажет болған кезде, қарау мерзімі орындаушының баянатымен органның бірінші басшысымен немесе оның орынбасарымен (орталық аппараттарды – комитеттер төрағасының немесе департаменттер бастығының немесе оларды ауыстыратын тұлғалардың) 3 тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.
      Тергеуге дейінгі тексеру мерзімін ұзартқан кезде 3 тәулік ішінде прокурор хабардар етіледі. Прокурорға берілетін хабарламада ұзарту негізі көрсетілуі қажет.
      25. АЕЖ тіркеліп, одан әрі ӨЕК ауыстырылған басқа ақпаратты қараудың жалпы мерзімі ҚР ҚІЖК 184-бабында белгіленген мерзімнен аспауы керек.

5-тарау. Жеке тәртіпте қылмыстық қудалауға жататын қылмыстар туралы шағымдарды қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды форматта және қарау туралы

      26. Соттардың шағымдарды қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды форматта және қарау ҚР ҚІЖК талаптарына және осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
      27. Сот кеңсесіне пошта, талаграф, факсимильдік байланыс бойынша, не қолма-қол түскен шағымдарды қабылдау, іс өндірісін жүргізу тәртібін реттейтін ведомстволық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
      Шағым ӨЕК (6-қосымша) сотқа түскен кезден бастап, келесі күннен кешіктірілмей тіркеуі қажет.
      Егер берілген шағым ҚР ҚІЖК 390-бабының екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, судья өтініш берушіге оларды көрсетілген талаптарға сәйкестендіруді ұсынады және ол үшін мерзім белгілейді. Нұсқаманы орындамаған жағдайда, судья қаулысымен шағымды өндіріске қабылдаудан бас тартады және ол жайында өтініш берушіні хабардар етеді. Белгіленген талаптарды орындаған жағдайда, судья шағымды 3 тәулік ішінде қарап:
      1) өз өндірісіне шағымды қабылдауға;
      2) тергеуде болуы немесе соттылығы бойынша шағымды жіберуге;
      3) шағымды өндіріске қабылдаудан бас тарту туралы қаулыны шығарады.
      28. Жеке айыптау тәртібімен түскен Шағымдарды есепке алу журналы қатаң есептілік құжаты болып табылды, сот кеңсесінде сақталады және оны шағымды тіркеуге жауапты тұлға жүргізеді. Журналдың парақтары нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі.
      Жеке айыптау тәртібімен түскен Шағымдарды есепке алу журналының деректемелері бағандарының мазмұнына сәйкес, хронология және реттік нөмірін бойынша толтырылуы тиіс.
      29. Жеке айыптау тәртібінде аяқталған Шағымдарды есепке алу журналдары іс жүргізуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерімен регламенттіленген мерзім ішінде, соттарда сақталады.

6-тарау. Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу, сонымен қатар электронды форматта және қарау тәртібін сақтауды қадағалау және бақылау

      30. Қылмыстық қудалау органының бастығы немесе оның ауыстыратын тұлға:
      1) қолданыстағы заңға сәйкес қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және басқа ақпараттарды қабылдаудың, тіркеудің, есепке алудың, сонымен қатар электронды форматта және қараудың белгіленген реттемелерін сақтауға жауапты;
      2) қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштердің, хабарламалардың және басқа да ақпараттардың қарау мерзімін, уақытылы және толыққанды тіркелуін, сонымен қатар ӨЕК және АЕЖ дұрыс жүргізілуін күн сайын бақылауды жүзеге асырады.
      Қылмыстық қудалау органдарының орталық, облыстық және соларға теңестірілген аппараттарында қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды форматта және қарау тәртібін толық және жан-жақты бақылау үшін, қызметі жеке нормативтік құқықтық актілермен реттелетін есепке алу-тіркеу тәртібінің жағдайын бақылау бойынша комиссиясы құрылады.
      31. Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды және қарау заңдылығын қадағалауды қадағалаушы және уәкілетті прокурорлар жүзеге асырады.

Қылмыстар, оқиғалар туралы   
өтініштерді, хабарларды,     
шағымдар мен басқа да        
ақпараттарды қабылдау, тіркеу,
есепке алу, сонымен қатар    
электронды форматта және қарау
туралы Нұсқаулыққа қоса      
берілген 1-қосымша           

Негіз___________________

Сақталу мерзімі________________

Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды есепке алу кітабы
_______________________________________________________________
(қылмыстық қуғындау органының атауы)

Басталуы «___»________20_____ ж.

Аяқталуы «___»__________20____ж.

Түгендеу №_____________________

(Осы кітаптың сыртқы парағының артқы жағында жазылады)

      Өтініштерді есепке алу кітабының нысаны (одан-әрі ӨЕК) қылмыстық қуғындау органдарының барлығы үшін бірыңғай және қатаң есептілік құжаты болып табылады, тек бір данада ғана толтырылады.
      ӨЕЖ іс жүргізу ережелеріне сәйкес ресімделеді, тіркеледі және кітапшаланады.
      ӨЕЖ қылмыстық қуғындау органының кезекші бөлімінде сақталады.
      ӨЕЖ жазбалар қалам арқылы, қысқартусыз қолмен жазылады. Түзетуге болмайды. Қате жазылған жазбалар сызылып, кезекші бөлімнің лауазымды тұлғасымен қол қойылады.
      ӨЕК тіркемей өтінішті орындау және тексеру жүргізу үшін орындаушыға беруге қатаң тыйым салынады.
      ӨЕЖ аяқталуы бойынша заңмен белгіленген тәртіпте 5 жыл ішінде аяқталуы үшін хатшылыққа тапсырылады.

Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды есепке алу
кітабының бағандар мазмұны

Р/с №

Қылмыс туралы өтінішті, хабарламаны тіркеу күні, (күні, айы, жылы, сағаты, минуты)

Өтініштің, хабарламаның органға немесе лауазымды тұлғаға нақты келіп түскен күні (күні, айы, жылы, сағаты, минуты)

Қылмыс туралы хабарлаған тұлға туралы мәліметтер (аты-жөні, мекен-жайы, телефоны, ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның мекен-жайы, телефоны, сондай-ақ атауы)

Қылмыс туралы өтініштің, хабарламаның қысқаша мазмұны (уақыты, орны, себебі, ҚР ҚК бабы)

Қылмыс туралы өтініштер, хабарламалар бойынша қабылданған шаралар, алып қойылған айғақ заттар тізбесі

1

2

3

4

5

6

  кестенің жалғасы

Жедел тергеу тобының құрамы және оқиға болған жерге шығу

Өтінішті, хабарламаны қарау кіммен және кімге, қашан тапсырылды

Өтінішті, хабарламаны орындау үшін алған тұлғаның қолы, алған күні (тегі мен лауазымы түсінікті жазылсын)

Өтінішті, хабарламаны ҚР ҚІЖК 185-бабына сәйкес тексеру нәтижелері, қозғалған қылмыстық іс нөмірі, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған күн, тіркеу нөмірі, шығыс нөмірі, материал соттылығы, тергеуде болуы және жеке айыптау істері бойынша алдын-ала тергелу үшін қайда жолданды

Мерзімнің ұзартылуы туралы прокурорға ескерту жолданды (шығыс нөмірі, күні)

Өтінішті, хабарламаны қараудың күні және ұзарту мерзімі

7

8

9

10

11

12

Қылмыстар, оқиғалар туралы   
өтініштерді, хабарларды,     
шағымдар мен басқа да        
ақпараттарды қабылдау, тіркеу,
есепке алу, сонымен қатар    
электронды форматта және қарау
туралы Нұсқаулыққа қоса      
берілген 2-қосымша           
 

Негіз____________________

Сақтау мерзімі________________

Ақпараттарды есепке алу
Журналы

_______________________________________________________________(қылмыстық қуғындау органының атауы)

Басталуы «___»________20_____ ж.

Аяқталуы «___»__________20____ж.

Түгендеу №_____________________

(Осы кітаптың сыртқы бетінің артқы жағында жазылады)

      Ақпараттарды есепке алу журналының нысаны (одан-әрі АЕЖ) қылмыстық қуғындау органдарының барлығы үшін бірыңғай және қатаң есептілік құжаты болып табылады, тек бір данада ғана толтырылады.
      АЕЖ іс жүргізу ережелеріне сәйкес ресімделеді, тіркеледі және кітапшаланады.
      АЕЖ қылмыстық қуғындау органының кезекші бөлімінде сақталады.
      АЕЖ жазбалар қалам арқылы, қысқартусыз қолмен жазылады. Түзетуге болмайды. Қате жазылған жазбалар сызылып, кезекші бөлімнің лауазымды тұлғасымен қол қойылады.
      АЕЖ аяқталуы бойынша заңмен белгіленген тәртіпте 5 жыл ішінде сақталуы үшін хатшылыққа тапсырылады.

Ақпараттарды есепке алу журналы бағандарының мазмұны

Р\с №

Ақпарат қашан келіп түсті (күні, сағаты, минуты)

Кім хабарлады (өтініш берушінің аты-жөні, мекенжайы, телефоны кәсіпорын, мекеменің мекенжайы және телефоны, орталық күзет пульті кезекшісінің (диспетчерінің) аты-жөні

Ақпараттың мазмұны (уақыты, орны, себебі)

Ақпарат бойынша кезекшімен қабылданған шаралар

Ақпаратты тексеру нәтижелері

Ақпарат нақтыланды:
Қылмыс белгілерін куәландыратын өтініш, хабар, жинақталған материал келіп түсті, Өтініштерді есепке алу кітабына ауыстырылды
Тіркеу №___ __________ ж.,
әкімшілік, тәртіптік әрекеттегі шаралар қабылданды (кіммен, қандай, қашан)

Материалдар тергеуі, соттылығы бойынша басқа органға жолданды, Ақпараттарды есепке алу журналының №, күні ақпаратт алған органның атауы, қабылдағанның лауазымы, аты-жөні.

Ақпарат нақтыланған жоқ:
Тексеру жүргізген органның тегі, лауазымы, қолы, номенклатуралық істің №, тексеру материалдары парақтарының саны

1

2

3

4

5

6

Қылмыстар, оқиғалар туралы   
өтініштерді, хабарларды,     
шағымдар мен басқа да        
ақпараттарды қабылдау, тіркеу,
есепке алу, сонымен қатар    
электронды форматта және қарау
туралы Нұсқаулыққа қоса      
берілген 3-қосымша           

Приложение 3 Инструкции   
о приеме, регистрации учете,
в том числе в электронном   
формате и рассмотрении заявлений
и сообщений и иной информации
о преступлениях,происшествиях


ТАЛОН-ХАБАРЛАМА
(түбіртек)
ТАЛОН-УВЕДОМЛЕНИЕ
(корешок)

/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
(карточканың саны \номер карточки)

Өтініш \заявление, хабарлама\сообщение
__________________________________________
(өтініш берушінің аты-жөні\фамилия, инициалы заявителя)
__________________________________________
(мекеме атауы\наименование организации)

қабылданды\принято.
Өтініш, хабарламаның қысқаша мазмұны\краткое содержание заявлений, сообщений ________________________________
__________________________________________
__________________________________________
__________________________________________
__________________________________________
__________________________________________
Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды Есепке алу кітабындағы тіркеу жазбасының нөмірі мен күні\номер и дата регистрационной записи в Книге учета заявлений и сообщений о преступлениях
№______ «____»______________20____ж.(г)
Өтінішті, хабарламанықабылдаған қызметкердің лауазымы, аты-жөні, қолы \ должность Ф.И.О., подпись сотрудника принявшего заявление, сообщение
__________________________________________
__________________________________________

________________________  
(қолы\подпись)      

Талон-хабарламаны қабылдаушының қолы \ подпись получившего талон-уведомление
__________________«___» сағ\час «___» мин.
«___»____________________20___ж.\г.

ТАЛОН-ХАБАРЛАМА
(жыртылмалы талон)
ТАЛОН-УВЕДОМЛЕНИЕ
(отрывной талон)

/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
(карточканың саны \номер карточки)

Өтініш \заявление, хабарлама\сообщение
__________________________________________
(өтініш берушінің аты-жөні\фамилия, инициалы заявителя)
__________________________________________
(мекеме атауы\наименование организации)

қабылданды\принято.
Қабылдаған\принял_________________________
                   (лауазымы, аты-жөні\
__________________________________________
      должность, фамилия и инициалы)
__________________________________________
__________________________________________
  (орган атауы, мекенжайы және қызметтік
   телефоны\наименование органа, адрес и                 служебный телефон)
__________________________________________
Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды Есепке алу кітабындағы тіркеу жазбасының нөмірі мен күні\номер и дата регистрационной записи в Книге учета заявлений и сообщений о преступлениях
№______ «____»______________20____ж.(г)
Ескерту\примечание:
Өтініш немесе хабарлама бойынша шешім қылмыстық-іс жүргізу заңында белгіленген мерзімде қабылданатын болады\решение по заявлению или сообщению будет принято в сроки, установленные уголовно-процессуальным законом
«___»____________________20___ж.\г.

      ________________________  
(қолы\подпись)      

Интернет желісінің мекен жайы: http:\\service.pravstat.kz
Адрес Интернет сайта: http:\\service.pravstat.kz

SMS бойынша хабарласу 1012 телефон нөмірі арқылы
1012 номер телефона SMS сообщения

Телефон бойынша 8 800-080-777 нөмірі арқылы
Со стационарного телефона по номеру 8 800-080-777

Ұялы телефон бойынша 1414 нөмірі арқылы
С мобильного телефона по номеру 1414

Өтінішті қабылдаған қылмыстық ізге түсу органының телефон нөмірі _________________
Номер телефона органа уголовного преследования, принявшего заявления: ____________________

Интернет желісінің мекен жайы: http:\\service.pravstat.kz
Адрес Интернет сайта: http:\\service.pravstat.kz

SMS бойынша хабарласу 1012 телефон нөмірі арқылы
1012 номер телефона SMS сообщения

Телефон бойынша 8 800-080-777 нөмірі арқылы
Со стационарного телефона по номеру 8 800-080-777

Ұялы телефон бойынша 1414 нөмірі арқылы
С мобильного телефона по номеру 1414

Өтінішті қабылдаған қылмыстық ізге түсу органының телефон нөмірі _________________
Номер телефона органа уголовного преследования, принявшего заявления: ____________________

Қылмыстар, оқиғалар туралы   
өтініштерді, хабарларды,     
шағымдар мен басқа да        
ақпараттарды қабылдау, тіркеу,
есепке алу, сонымен қатар    
электронды форматта және қарау
туралы Нұсқаулыққа қоса      
берілген 4-қосымша          

Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды тіркеу МӨРІНІҢ ҮЛГІСІ
_____________________________________________________
(органның атауы)

«____»______________20_____ ж. №_________
 

Кезекші _________________________________(қолы, тегі)

Қылмыстар, оқиғалар туралы   
өтініштерді, хабарларды,     
шағымдар мен басқа да        
ақпараттарды қабылдау, тіркеу,
есепке алу, сонымен қатар    
электронды форматта және қарау
туралы Нұсқаулыққа қоса      
берілген 5-қосымша           

Негіз_________________

Сақтау мерзімі_______________
 

НОМЕНКЛАТУРЛЫҚ ІС № _______
Нақтыланбаған деректер бойынша нарядка жіберліген материалдар___________________________________________________
(қылмыстық қуғындау органының атауы)

Басталуы «____»_____________20____ж.

Аяқталуы «____»_____________20____ж.


Түгендеу №____________ том №_______

Номенклатуралық іс бағандарының мазмұны

Р\с №

Құжат атауы

Парақ саны

1



Қылмыстар, оқиғалар туралы   
өтініштерді, хабарларды,     
шағымдар мен басқа да        
ақпараттарды қабылдау, тіркеу,
есепке алу, сонымен қатар    
электронды форматта және қарау
туралы Нұсқаулыққа қоса      
берілген 6-қосымша           

Негіз ____________________

Сақтау мерзімі ________________

Шағымдарды есепке алу кітабы

__________________________________________________________
(сот атауы)

Басталуы «___»__________20__ж.

Аяқталуы «___»__________20__ж.

Түгендеу №_____________________


Шағымдарды есепке алу кітабы бағандарының мазмұны

Р\с №

Жеке айыптау істері бойынша шағымның келіп түскен күні

Солардың ішінде

Шағым берген тұлға туралы мәліметтер (аты-жөні, мекенжайы, өтініш берушінің телефоны)

Жеке айыптау істері бойынша шағымның қысқаша мазмұны (уақыты, себеп орны, ҚР ҚК бабы)

Шағымды қарау кімге және қашан тапсырылды

Тергеу, анықтау органдарынан және прокурордан

Аумақтылығы бойынша басқа соттардан

1

2

3

4

5

6

7

  кестенің жалғасы

Қарау үшін шағымды алған тұлғаның қолы

Шығарылған қаулылар

Шағымдарды беру туралы

Шағымды қарастырған күн

Шағымды өз өндірісіне қабылдау туралы

Шағымды өз өндірісіне қабылдаудан бас тарту туралы

Тергеуде болуына қатысты

Соттылығы бойынша

8

9

10

11

12

13