Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылғы 12 қаңтардағы № 02-02-18/2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 наурызда № 6850 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 02-02-18/255 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 2011.12.30 № 02-02-18/255 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылғы 29 қарашадағы № 02-02-18/222 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының «Дене шынықтыру, спорт жаттығуларын және бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде қауiпсiздiк пен санитарлық-тазалық нормалары ережесiн бекiту туралы» 2004 жылғы 27 наурыздағы № 06-2-2/97 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 2816 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2005 жылғы № 9-13 бюллетені, 45-бетте бюллетенінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру, спорт жаттығулары мен бұқаралық спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде қауiпсiздiк пен санитарлық-тазалық нормаларын сақтау ережесінде:
      7-тармақта «уақтылы» деген сөз «оқу-жаттығу жиындарын өткізу алдында бір ай ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-тармақта «құрамында болады» деген сөздер «құрамына енгізіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      17-тармақта «басталуы мүмкін» деген сөздер «басталады» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Стратегиялық жоспарлау департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін заңнамамен белгіленген тәртіппен жолдасын.
      3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ә.Х. Пірметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Туризм және спорт вице-министрі Т.А. Ермегияевке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның ресми бірінші жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндеттін атқарушы                   Қ. Өскенбаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі
      __________ С. Қайырбекова
      «__» ___________ 2011 жыл

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар жөніндегі
      министрі _________ В. Божко
      «___»____________ 2011 жыл