Дене шынықтыру, спорт жаттығуларын және бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік пен санитарлық-тазалық нормалары ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 27 наурыздағы N 06-2-2/97 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2816. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 4 желтоқсандағы N 399 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 04.12.2012 N 399 бұйрығымен.

"КЕЛІСІЛДІ"        
Қазақстан Республикасының 
Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттігінің Төрағасы   
2004 жылғы 30 наурыздағы 

"КЕЛІСІЛДІ"       
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау Министрі
2004 жылғы 30 наурыздағы 

      Спорт ғимараттарын тиімді пайдалану, олардың өткізу қабілеттілігі нормаларын сақтауға қажетті бақылауды және санитарлық-тазалық, өрт қауіпсіздігі нормалары талаптарын, қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен техникалық пайдалану ережелерін сақтау мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру, спорт жаттығуларын және бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік пен санитарлық-тазалық нормалары ережесі нормативтік құжаты бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Төрағаның
      міндетін атқарушы

"Дене шынықтыру, спорт жаттығулары 
мен бұқаралық спорттық іс-шаралар 
өткізу кезінде қауіпсіздік пен   
санитарлық-тазалық нормалары    
ережесін бекіту туралы"       
Қазақстан Республикасы Туризм   
және спорт жөніндегі агенттігі  
Төрағасының міндетін атқарушының 
2004 жылғы 27 наурыздағы    
N 06-2-2/97 бұйрығымен     
бекітілген           

  Дене шынықтыру, спорт жаттығулары мен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік пен санитарлық-тазалық нормаларын сақтау
Ережесі

      1. Осы Дене шынықтыру, спорт жаттығулары мен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік пен санитарлық-тазалық нормаларын сақтау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында оқу-жаттығу процесі мен бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу кезінде орындауға міндетті қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жарақаттанушылықты азайтудың негізгі ұйымдастыру, алдын-алу шараларын көздейді.

      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) Спорттық жарақаттанушылық - дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану кезінде алатын жарақаттар;
      2) Жабынғы - тігісі жуан емес, берік және жұмсақ матадан жасалған, маттардың арасында қуыс болмауы үшін олардың үстінен жабылатын балуандардың жабынғысы;
      3) Тұлып - спорттың жекпе-жек түрлерінде оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге арналған манекен;
      4) Серпілу тақтайы - секіру кезінде серпілуге арналған ені 20 сантиметрлік топыраққа көмілген арнайы қалқанға бекітілетін тақтайша (тақтай);
      5) жаттығу қаптары - бокстан оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге арналған спорттық мүкәммалдың бір түрі.

      3. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі облыстық уәкілетті органдар, спорт базалары мен спорт ғимараттарының (меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан) басшылары бұйрық шығаруға міндетті. Онда ведомствоға қарасты спорт ғимараттарында, базаларда және уақытша іс-шаралар өтетін орындарда осы нұсқауға сәйкес қоршаған орта мен аумақтың, көлік қозғалысы мен климаттық жағдайларын ескере отырып, оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру мен өткізудің нақты тәртібі айқындалуы қажет.

      4. Оқу-жаттығу сабақтары мен жарыстарды өткізуге мынадай жағдайларда рұқсат етіледі:
      1) мемлекеттік комиссияның актісіне сәйкес пайдалануға қабылдап алынған спорт объектілерінде;
      2) спорт базасы дирекциясының, санитарлық және өртке қарсы қызметтің рұқсаты болғанда уақытша және соған бейімделген спорт ғимараттарында.

      5. Нақты оқу-тәрбие процесі мен спорттық іс-шараны өткізуге рұқсатты (бұйрықты) ғимарат директоры (ол болмаса орынбасары) мынадай жағдайларда (жазбаша түрде) береді:
      1) нақты іс-шараға сол спорт ғимаратының әзірлігі туралы екі жақ қол қойған актінің бар болуы;
      2) спорттық жарақаттанудың алдын алу және тұтастай алғанда өткізудің қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуі;
      3) оқу-жаттығу жиындарын немесе іс-шараларды өткізу үшін жауапты адамдардың бекітілген жұмыс жоспарының бар болуы;
      Рұқсатта (бұйрықта):
      1) Спорт ғимараты дирекциясының тарапынан қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жауапты адамдар;
      2) спорт ғимаратын пайдаланушы ұйымдар тарапынан осы іс-шараны өткізуге жіберілген адамдар;
      3) осы іс-шараны өткізуге жауапты медицина қызметкерлері (дәрігер, медбике) көрсетілуі тиіс.

      6. Оқу-жаттығу сабақтарын немесе спорттық іс-шараларды өткізуге жауапты адамдар оларды өткізуге рұқсат алғаннан кейін:
      1) сабақтар немесе жарыстар өтетін барлық орындарды жеке өзі қарауға, спорт түрлерінен қабылданған техника қауіпсіздігі нормаларына сәйкестілігіне ерекше назар аудара отырып, жабдықтар мен мүкәммалдардың дұрыстығын тексеруі;
      2) спортшылардың жеке пайдаланатын мүкәммалдары мен жабдықтардың сапасын жиі-жиі тексеруі;
      3) спорт ғимараты дирекциясынан оқу-жаттығу сабақтары мен жарыстарды өткізуге кедергі келтіретін кемшіліктерді жоюды талап етуі қажет.
      Спорт ғимаратында немесе базада жабдықтар, мүкәммалдар немесе техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға қажетті жағдайлар болмаса, оқу-жаттығу сабақтарын немесе іс-шараны өткізетін ұйымға бұл жайында уақытылы ескертілуі қажет.

      7. Спорт ғимаратында немесе базада техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға қажетті жабдықтар, мүкәммалдар немесе жағдайлар болмаса оқу-жаттығу сабақтарын немесе іс-шараны өткізетін ұйымға бұл жайында оқу-жаттығу жиындарын өткізу алдында бір ай ішінде ескертілуі қажет.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2011.01.12 № 02-02-18/2 (ресми бірінші жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Спорт ғимаратында, базада кез келген электр аппаратураларын және электронды жабдықтарды орнату, қолдану дирекцияның рұқсатымен мынадай жағдайда жүргізіледі, егер:
      1) аппаратураның мақсаты мен ерекшелігі көрсетілген техникалық құжаты бар болса;
      2) электр схемалары электр қондырғыларын орнату ережелеріне сай қосылса;
      3) Электр аппаратуралары мен электронды жабдықтардың жекелеген элементтерін өзара техникалық қосу нормаға сай орындалса және тоқ тарту немесе өрт қаупі болмаса;
      4) Қажетті жерге қосулар бар болса.

      9. Электр аппаратурасын және электронды жабдықты желіге қосу база дирекциясы тағайындаған электрик маманның қатысуымен атқарылады.

      10. Оқу-жаттығу сабақтары мен жарыстар:
      1) спортшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызбайтын ауа-райы жағдайында;
      2) спортшылардың киімі метеорологиялық жағдайлар мен санитарлық нормаларға сай болса;
      3) оқу-жаттығу сабақтары мен жарыстар өтетін орындар санитарлық нормаларға сай болса рұқсат етіледі.

      11. Спортшы оқу-жаттығу сабақтарында немесе жарыстарда жарақат алған жағдайда, оның себептерін анықтау үшін құрамында іс-шараны өткізуші ұйымның жауапты өкілі, дәрігер, бақытсыз жағдай болған спорт ғимаратының директорынан комиссия құрылады. Ауыр жарақат алған кезде комиссияның акті бір тәулік ішінде Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне және спорт базасы орналасқан аумақтағы дене шынықтыру және спорт жөніндегі облыстық, қалалық комитетке жіберілуі қажет.

      12. Оқу-жаттығу сабақтары немесе жарыстар өтетін әрбір жаңа кезеңдегі жекелеген жағдайда спорт ғимаратының, базаның дирекциясы алдын-ала:
      1) іс-шараларды қамтамасыз ету жөніндегі нақты шараларды әзірлеуі;
      2) іс-шараға жауапты адамдарға тиісінше нұсқау беруі;
      3) жаттығулар мен жарыстар кезінде спортшылар мен жаттықтырушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруы қажет.

      13. Дәрігерлік тексеруден өтпеген және тиісті медициналық құжаты жоқ адамдар оқу жаттығу сабақтарына немесе жарыстарға жіберілмейді.

      14. Жарыстың бас дәрігері, ғимараттың медициналық қызметі, команда дәрігері спортшыларға, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына және қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төнген барлық жағдайда оқу-жаттығу сабақтарын немесе жарыстарды өткізбеуі мүмкін.
      Бұл жағдайда кезекші журналы мен тазалық журналында кімге, қашан сабақты тоқтату туралы ұсыныс берілгені және қандай шара қолданылғаны туралы жеке-жеке тиісті жазба түсірілуі қажет.

      15. Спорт ғимаратының, базаның медициналық қызметі, кезекші медицина қызметкері, командалардың дәрігерлері азық-түлік тағамдарының сапасын, тамақ дайындайтын, сақтайтын және қабылдайтын орындардың санитарлық жағдайын, спорт объектісінің тазалық жағдайын бақылауды жүзеге асырады. Қажет болған барлық жағдайда сол аумақтағы тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық қал-ахуалына қатысты қызметті жүзеге асыратын атқарушы органның өкілін шұғыл шақырту қажет.

      16. Жарыстың бас дәрігері медицина жағынан бас төрешінің орынбасары ретінде төрешілер алқасының құрамына енгізіледі және осы жарыстың төрешілер алқасының барлық жұмысына қатысады. Дәрігердің оның құзыретіне қатысты шешімі төрешілер алқасы үшін міндетті болып табылады. Жарысты дәрігерсіз өткізуге рұқсат берілмейді.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2011.01.12 № 02-02-18/2 (ресми бірінші жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Оқу-жаттығу сабақтары мен спорт жарыстары осы ереженің барлық талаптары орындалғаннан және спорттық жарақатанушылық пен іс-шараларды өткізудің алдын-ала барлық қауіпсіздік шаралары қолданылғаннан кейін ғана басталады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2011.01.12 № 02-02-18/2 (ресми бірінші жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Оқу-жаттығу сабақтары мен жарыстарды өткізуде жарақаттанушылық пен қауіпсіздіктің алдын-алу шараларын сақтауға спорт ғимаратының нақты іс-шараға дайындығы туралы актіге қол қойған спорт ғимаратының және оқу-жаттығу сабақтарының, спорттық іс-шара басшыларының әрқайсысы жеке жауап береді.

      19. Спорт базаларында алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін қажетті дәрі-дәрмекпен, таңғыш материалдармен қамтамасыз етілген медициналық орындар болуы қажет. Спорт базаларының жұмыс уақытында медицина қызметкерлерінен кезекшілік ұйымдастырылуы қажет. Медицина орындарының орналасқан жері анық көрсетілуі қажет.

      20. Дене шынықтыру-спорт ғимараттары сапалы таза сумен, кішігірім субұрқақтармен қамтылуы қажет.

      21. Ашық жазық спорт ғимараттарында біркелкі және үсті сырғанамайтын, қозғалыс кезінде өзінің қабілетін жоғалтпайтын, шаңдатпайтын және жарақаттануға алып келетін механикалық зақымданбайтын төсенім болуы қажет. Шөппен жабылған (спорт гүлзарлары) жерлер қалың, аязға шыдамды, таптауға берік және жиі қырқуға оңай, жаңбырлы және құрғақ ауа-райына төзімді болуы керек.

      22. Тенниске, қалашық ойынына, дискі, балға және найза лақтыруға арналған алаңдарда арнайы қоршау болуы тиіс.

      23. Снарядтарды (найза, балға, дискі және т.б.) лақтыру кезінде адамдар жүрген алаңға түсіп кетпеудің сақтық шараларын қарастырған жөн.

      24. Секіруге арналған шұнқырлар шеге құммен төселіп, секіру алдында топырақ қайта жөнделіп тегістелуі тиіс. Шұнқырдың шеті (алдынан басқа) резеңкемен немесе жұмсақ брезентпен топырақтың деңгейінде көмкерілуі тиіс. Сырықпен секіру үшін құм шұнқырдың шетінен 40-50 см жоғары төселуі тиіс. Серпілуге арналған тақтай екпін алу жолымен бірдей болуы қажет.

      25. Ашық және жазық спорт ғимараттарында спортшыларға арналған қосымша үй-жайлар (әйелдерге және ерлерге бөлек арналған тұрмыстық жайлар, әкімшілік-шаруашылық), көрермендер үшін дәретханалар, киімілгіштер т.б. болуы қажет.

      26. Спорт ғимараттарындағы барлық үйлер мұқият тазалауды қажет етеді. Оқу-жаттығу сабақтары өтетін орындарда және барлық қосымша үй-жайларда арнайы жәшіктер, түкіргіштер қойылуы қажет.

      27. Тазалау жұмыстарын атқару жүктелген техникалық қызметкерлер қажетті мүкәммалдармен, залалсыздандырғыш және жуғыш заттармен қамтамасыз етілуі тиіс.

      28. Ағымдағы тазалау бекітілген кесте бойынша жұмыс күні ішінде, сондай-ақ сабақ кезінде ластануына байланысты жүргізіледі. Тазалау жұмысы ыстық су, сабын, ұнтақ қолдану арқылы, бөлмені желдетіп жасалады. Бөлме сабақ басталғанға дейін желдетіліп, ауаның ластануына қарай күні бойы сабақтар арасында, не соңынан кейін желдетілуі қажет.
      Жайды тазалағанда шаңсорғыш пайдалану қажет. Қорытынды тазалық жұмыстары жұмыс аяғында жасалуы қажет. Таңертең сабақ басталарда (30 минут бұрын) жайлар тек желдетілуі қажет.

      29. Унитаздар, қол жуғыштар, урналар, түкіргіштер жуатын заттарды қолдана отырып, жайды тазалағанда күн сайын ыстық сумен шайылады.

      30. Едендерді ыстық сумен жуу, терезе әйнектерін, жақтауларын, сеткілерін, есіктерді тағы басқаларын жууды қоса алғанда, үй-жайларды толық тазалау жұмысы аптасына кемінде бір рет жүзеге асырылуы қажет.

      31. Ғимарат әкімшілігінде ғимараттың дәрігері бекіткен ай сайынғы "тазалық күндері" мен "толық тазалық күндерінің" кестесі болуы қажет. Бұл күндері жабдықтарды жөндеу жұмыстарымен бірге барлық үй-жайларға тазалық жұмыстары жүргізіледі. Едендер мен панельдердің биіктігіндегі қабырғалар, терезе жақтаулары және есіктер сабынды ыстық сумен ұнтақпен жуылуы қажет, терезе әйнектері мен жақтаулары шаңнан тазартылады.

      32. Спорт залдарында тек сабаққа қатысты қажетті жабдықтар тұруы тиіс.

      33. Күрес залында қабырғадан 2 метр төмен жұмсақ кілем жайылады. Мұндай мүмкіндік болмағанда қабырғалар биіктігі 1,5 м. маттармен жабылуы тиіс. Оның үстінен сырылған жамылғы жабылған кілем тасталады, оның бетіне берік, немесе тігісі жақсы әдіптелген жұмсақ матадан жабу жабылады.
      Ол ластауына қарай айына 3-4 рет жуылып, залалсыздандырылады. Маттардың астындағы кілем ай сайын шаңнан тазартылуы керек.

      34. Жаттығу қапшықтары, тұлыптар және ауыстырмалы спорттық мүкәммалдар күніне кемінде 1-2 рет ылғал сүрткішпен тазаланып, спорттық мүкәммалдың темір бөлшектері құрғақ шүберекпен тазаланады.

      35. Рингтің бұрышындағы солардың көмегімен арқандар тартылып тұратын металл созғылар тысы ақ алынып-салынбалы жұмсақ жастықшалармен қапталады. Рингтің екі бұрышына жақын жерде суы бар ыдыс және түкіргіш болуы қажет.
      Рингтің жанында аяқ киімнің табанын сүртетін канифоль салынған жәшіктер тұруы қажет. Брезентке канифольды төгуге болмайды, себебі шаң болуы мүмкін. Рингтің жұмсақ табаны айына екі рет шаңсорғышпен тазалануы немесе қағып алынуы тиіс, брезентті қайтадан шаңнан тазартып, кірлесе жуып, күнде ылғал шүберекпен сүртіп алу керек.

      36. Секіруде пайдаланылатын маттар еденде сырғанамас үшін өте жеңіл болмауы қажет, оның беті де таймайтын, біркелкі матадан әрі маттардың тысы тез тазалауға ыңғайлы материалдардан болуы керек.
      Маттар залда тікесінен қозғалмалы жағдайда болуы керек, аптасына бір рет шаңсорғышпен тазартылып, не таза ауада қағылуы тиіс.
      Теріден жасалған маттарды қоспағанда, маттар кірлегенде алып, жууға болатын тыспен қапталып, аптасына бір рет жуылады.

      37. Спортшылардың қолына жағатын магнезия қақпағы бар жәшіктерде сақталуы қажет.

      38. Жалға алынған ғимараттар мен үй жайлардағы өртке қарсы шаралардың сақталуын бақылауға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге (жалға алу келісім шартында ерекше көрсетілмесе) осы объектілердің басшылары жауап береді.

      39. Жалға беруші ұйымдардың басшылары жалға берілетін ғимараттардағы, спорт объектілеріндегі орнатылған өртке қарсы шаралардың сақталуына, сондай ақ жалға алу шартында көрсетілген өртке қарсы күрес шараларының орындалуына жауап береді.

      40. Оқу-жаттығу сабақтары, жаттығулар, дайындықтар, жарыстар кезінде белгіленген өртке қарсы тәртіптің сақталуына командалардың, топтардың мүшелері, жаттықтырушылар, оқытушылар, сол іс-шараларды өткізуші ұжымдар мен ұйымдардың басшылары жауап береді.

      41. Ғимараттарда, үй-жайлар мен құрылыстарда, сондай-ақ спорт объектілері аумағында тек қана өрт сөндіру құралдарымен, суы бар урналармен (құм салынған жәшіктермен) қамтамасыз етілген жерлерде ғана темекі шегуге рұқсат етіледі.