Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 20 шілдедегі № 174 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 246 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 қарашада № 3055 тіркелді. Күшi жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 349 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 08.12.2015 № 349 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 20 шілдедегі № 174 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3028 тіркелген және 2009 жылғы 6 тамыздағы облыстық "Орал өңірі" газетінің № 87 санында жарияланған) төмендегідей толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесіндегі Зеленов ауданы бөлімі төмендегідей "25-1" деген реттік жолмен толықтырылсын:
      "25-1. Гремячий тоғаны, 3 гектар".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Ғ. Салықовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов