Алматы қаласының елтаңбасы туралы

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХV сессиясының 2010 жылғы 22 қаңтардағы N 277 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2010 жылғы 19 ақпанда N 838 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 1-1 бабына сәйкес ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Алматы қаласының елтаңбасын пайдалану Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Алматы қаласының елтаңбасы туралы» XXI сайланған Халық депутаттары Алматы қалалық кеңесінің XIV сессиясының 1993 жылғы 6 шілдедегі қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының ғылым, білім, спорт және мәдениет жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т.И. Есполов) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Т. Сейдұмановқа жүктелсін.
      4. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты ХХV сессиясының
      төрағасы
      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы

С. Козлов
 
Т. Мұқашев


IV сайланған Алматы қаласы
мәслихаты XXV сессиясының
2010 жылғы 22 қаңтардағы
№ 277 шешімімен бекітілген

Алматы қаласының елтаңбасын пайдалану
Ережесі
Алматы қаласы елтаңбасының сипаттамасы

      1. Алматы қаласының елтаңбасы алдыңғы қатарда дөңгелек шығыс қалқаны түрінде, тісінде сегіз алма түсіндегі байламды ұстаған барыс бейнеленген негізден тұрады. Сегіз алманың түсі Алматы қаласының сегіз ауданын бейнелейді. Тіршілігіне сенімді барыс алға қарай адымдайды, оның оң табаны алға қарай келесі қадамды жасау үшін көтерілген, алайда бұл жағдайда барыстың басы артқа бұрылған. Бұл қаланың ежелгі дәуірден бүгіңгі күнге дейіңгі даму сабақтастығын көрсетеді. Артқы қатарда құдыретті Алатаудың қарлы шыңдары бейнеленген. Осы құтты жерде Алматы қаласы орналасқан. Бүкіл елтаңбаның діңгегі көгілдір түс - Қазақстан Республикасы туының түсі болып табылады. Шеңбер әшекейлі жолақ ленталармен және шаңырақтың элементтері уықтың ұясымен кескінделген. Алтын түс аясында сақина бойынша қызыл түспен қазақтың ұлттық өрнегі бейнеленген. Өрнек «Алматы» сөзіндегі қаріптермен қабысады. Қаланың елтаңбасы алтын, қызыл, көк, ақ, қызғылт және күміс түстермен нақышталған.
     Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 10.12.2014 № 289 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 

Алматы қаласының елтаңбасын пайдалану тәртібі

      2. Алматы қаласының елтаңбасын дайындаған кезде № 1-қосымшаға сәйкес бейнеленуі қамтамасыз етілуі керек.
      3. Алматы қаласының елтаңбасын және басқа да елтаңбаларды бір уақытта орналастырған кезде Алматы қаласының елтаңбасы басқа елтаңбалардан төмен емес және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасынан жоғары емес етіп орнатылады, елтаңбалардың (елтаңбалық белгі, гералдикалық белгі) тақ санын бір уақытта орналастырылған кезде Алматы қаласының елтаңбасы ортасында орналасады, ал елтаңбалардың жұп сандарын орналастырған кезде, артық емес – орталықтың сол жағына орналасады.
      4. Алматы қаласының елтаңбасы және басқа елтаңбаларды (елтаңбалық белгі, геральдиялық белгі) бір уақытта орналастырылған кезде Алматы қаласы елтаңбасының көлемі кіші болмауы керек.
      5. Алматы қаласының елтаңбасы олардың жұмыс кабинеттерінде, мәжіліс залдарында, мемлекеттік органдардың және басқа мекемелердің маңдайшаларында иелерінің қалауы бойынша орнатылады (орналастырылады).
      6. Алматы қаласының елтаңбасы мемлекеттік органдардың көлік құралдарында, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың басқаруындағы қалалық қоғамдық көліктерде немесе арнайы қызметтер көліктерін ресімдеуде бейнеленуі мүмкін.
      7. Алматы қаласының елтаңбасы қаланы көркемдік безендіруде пайдаланылуы мүмкін.
      8. Алматы қаласының елтаңбасын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мөрлер мен мөртабандар дайындау кезінде пайдалана алмайды.
 


Алматы қаласының
елтаңбасын пайдалану
Ережесіне № 1 қосымша