IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХV сессиясының 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 277 "Алматы қаласының елтаңбасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімі. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 1115 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 24.11.2015 № 299 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Тасқала ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 381 "2014 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3373 тіркелген, 2013 жылғы 27 желтоқсанда "Екпін" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Тасқала ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы (А. Н. Сүлейменов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Л. Жұбанышқалиева

  2014 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 439
Тасқала ауданы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі

      1. Алты айдан жоғары жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелгендер.
      2. Елу жастан асқан жұмыссыз әйелдер.
      3. Елу бес жастан асқан жұмыссыз ерлер.
      4. Аудан орталығынан тыс елді мекенде тұратындар (әлеуметтік жұмыс орындары үшін уақытша және маусымдық жұмыстарға).
      5. Он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыз тұлғалар.
      6. Отбасында бірде-бір жұмыс істеуші жоқ тұлғалар.
      7. Уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар.
      8. Бұрын жұмыс жасамаған тұлғалар (алғаш жұмыс іздеушілер).