2011 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХІV сессиясының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 381 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2010 жылғы 31 желтоқсанда N 872 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 493 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХХ сессиясының 2011.12.07 № 493 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38 бабына және Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 487 бабының 1 тармағына сәйкес ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2011 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «2010 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXIII сессиясының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 262 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылғы 25 желтоқсанда № 831 болып тіркелген, «Алматы Ақшамы» газетінде 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 және «Вечерний Алматы» газетінде 2009 жылдың 29 желтоқсанда № 158 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экология, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (C.М.Қалақов) және Алматы қаласы әкімінің орынбасарына Е. Шормановқа жүктелсін.
      4. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты ХХХІV сессиясының
      төрағасы                                О. Печеник

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                    Т. Мұқашев

IV сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
XXXIV сессиясының
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 381 шешіміне қосымша

2011 жылға арналған Алматы қаласы
бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары

Арнайы су пайдалану түрлері

Өзен-
дер,
көлдер,
теңіз-
дер
алқап
тары

Үй-жайға
пайдалану
және
Комму-
налдық
қызмет,
(тиын/1
текше м.)

Өнеркә-
сіп, жылу
энергети-
касын
қосқанда,
(тиын/1
текше м.)

Ауыл
шаруашы-
лығы
(тиын/1
текше
м.)

Су көзде-
рінен су
алуды
жүзеге
асыратын
тоған
шаруашы-
лықтары,
(тиын/1
текше м.)

Балық
шаруашы-
лығы, су
көздері-
нен балық
аулайтын
тұтынушы
лар,
(тиын/
кило-
грамм)

Гидроэнер-
гетика,
(тиын/1
кВт.
сағат)

Су
транс-
порты,
(тиын/т.
шақырым)

Балқаш  және
Алакөл
көлде-
рінің
және
өзен-
дердің алаб-
тары

8,1

22,4

6,4

6,1

16

2,4

0,7

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты ХХХІV сессиясының
      төрағасы                                      О. Печеник

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                          Т. Мұқашев