2010 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІІІ сессиясының 2009 жылғы 30 қарашадағы N 262 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2009 жылғы 25 желтоқсанда N 831 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 381 шешімімен

      "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне Астана қаласының әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіретін жағдайды жою мақсатында "Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту, 8-кезек" жобасының шеңберінде қорғаныс бөгетінің су реттейтін құрылғысынан бұру арнасын салу үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Астана қаласының әкімдігіне аудару үшін дамуға нысаналы трансферттер түрінде 376892000 (үш жүз жетпіс алты миллион сегіз жүз тоқсан екі мың) теңге сомасындағы қаражат, оның ішінде:
      "N 2 учаскенің шегінде Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту, 8-кезек" жобасы бойынша - 271600200 (екі жүз жетпіс бір миллион алты жүз мың екі жүз) теңге;
      "N 3 учаскенің шегінде Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту, 8-кезек" жобасы бойынша - 105291800 (бір жүз бес миллион екі жүз тоқсан бір мың сегіз жүз) теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов