Қаражал қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 16 шілдедегі ХІХ сессиясының "Қаражал қаласының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі туралы" N 173 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының ХХVІІ сессиясының 2010 жылғы 23 маусымдағы N 252 шешімі. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 шілдеде N 8-5-97 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының Х сессиясының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы N 82 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының Х сессиясының 2012.12.12 N 82 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қаражал қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 16 шілдедегі ХІХ сессиясының "Қаражал қаласының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі туралы" N 173 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне N 8-5-77 болып тіркелген, 2009 жылдың 29 тамызында N 35 (446) "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Ережеде:
      1-тармақта "міндетті" деген сөз "қажетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6-тармақта "жол бермеуге міндетті" деген сөздер "жол бермеуі қажет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13-тармақта "тыйым салынады" деген сөздер "жол берілмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17-тармақта "қамтамасыз етуге міндетті" деген сөздер "қамтамасыз етуі қажет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21-тармақта "міндетті" деген сөз "қажетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мәтін бойынша абзацтардың алдында "-" белгісі алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ХХVІІ сессияның төрағасы                   Н. Рахымов

      Қалалық Мәслихаттың хатшысы                Н. Кәдiрсiзов