1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы N 8 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Кербұлақ ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 18 қаңтарда 2-13-132 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 405 қаулысымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімі аппаратының 10.06.2013 № 04-350 хатымен).

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) 21 жастан 24 жасқа дейінгі жастар;
      2) ұзақ уақыт жұмыс істемеген (бір жылдан көп) азаматтар;
      3) мигранттар;
      4) 2010 жылы Жол картасы аясындағы инвестициялық жобасынан босатылған жұмыссыздар;
      5) техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің бітірушілері.
      2. Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің «2010 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2010 жылғы 27 мамырдағы № А-5/132 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1-12-128 тіркелген, 2010 жылдың 25 маусымында аудандық «Целинное знамя» газетінде жарияланған), «Жарқайың ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № А-5/132 «2010 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2010 жылғы 8 шілдедегі № А-7/188 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1-12-131 тіркелген, 2010 жылдың 13 тамызында аудандық «Целинное знамя» газетінде жарияланған) қаулыларының күштері жойылған болып танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.А.Ахметоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың ауданының әкімі                   А.Қалжанов