1993 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскесіне есепке алу мен тіркеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету туралы

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Кербұлақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 28 қаңтарда N 2-13-103 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы N 8 шешімімен

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылқия ауылы округі әкімінің міндетін атқарушысының ұсынысын ескере отырып, Қызылқия ауылы округі, Айнатас елді мекенінің 286,0 гектар жеріне қосымша барлығы – 44,5 гектар жайылым жерлері қосылып, жалпы аумағы – 330,5 гектар жерлерге және Қызылсеңгір елді мекенінің 88,0 гектар жеріне қосымша барлығы – 30,0 гектар жайылым жерлері қосылып, жалпы аумағы – 118,0 гектар жерлерге ұлғайтылып елді мекеннің шекарасына өзгеріс енгізілсін.
      2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Н.С. Аширов
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы М.М. Момынов
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Ж. Омаров