Кербұлақ ауданы әкімдігінің бірқатар нормативтік құқықтық актілерінің күшін жою туралы

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 405 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 37 – бабының 8 –тармағына және "Алматы облысының әділет департаменті" мемлекеттік мекемесінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 05-13/ш2558 ұсынысына сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кербұлақ ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" №11 (2010 жылғы 09 наурызында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2-13-106 тіркелген, 2010 жылғы 12 наурыздағы № 11 (3500) аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетіне жарияланған) қаулысының, Кербұлақ ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы "Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" № 29 (2010 жылғы 02 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2-13-111 тіркелген, 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 16 (3505) аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетіне жарияланған) қаулысының, Кербұлақ ауданы әкімінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы "1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" №8 (2011 жылғы 18 қаңтарда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2-13-132 тіркелген, 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 3 (3544) аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетіне жарияланған) шешімінің, Кербұлақ ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 86 (2012 жылғы 12 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2-13-154 тіркелген, 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 16 (3609) аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетіне жарияланған) қаулысының, Кербұлақ ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 18 ақпандағы "Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" №17 (2013 жылғы 15 наурызында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2327 тіркелген, 2013 жылғы 12 сәуірінде № 15 (3660) аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетіне жарияланған) қаулысының, Кербұлақ ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 05 желтоқсандағы "Кербұлақ ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" №321 (2013 жылғы 23 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2527 тіркелген, 2013 жылғы 26 желтоқсанда № 52 (3697) аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетіне жарияланған) қаулысының, Кербұлақ ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 17 маусымдағы "Кербұлақ ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 221 (2014 жылғы 21 шілдедегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2774 тіркелген, 2014 жылғы 25 шілдеде № 30 (3727) аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетіне жарияланған) қаулысының, Кербұлақ ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі "Кербұлақ ауданы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу туралы"№309 (2014 жылғы 04 қарашасында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2904 тіркелген, 2014 жылғы 14 қарашасында № 46 (3743) аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетіне жарияланған) қаулысының, Кербұлақ ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы "Кербұлақ аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 64 (2015 жылғы 30 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3153 тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызында № 31 (3780) аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетіне жарияланған) қаулысының, Кербұлақ ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 01 шілдедегі "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" №189 (2015 жылғы 05 тамыздағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3323 тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйегінде № 37 (3786) аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетіне жарияланған) қаулысының, Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Кербұлақ ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 344 (2016 жылғы 18 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3679 тіркелген, 2016 жылғы 05 ақпандағы № 6 (3807) аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетіне жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Гүлжан Алтынбекқызы Камамбаеваға жүктелсін.
      Кербұлақ ауданының әкімі Б.Алиев