Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған адамдарға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 16 тамыздағы N 356 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6481 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 432 бұйрығымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жайпақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жайпақ ауылындағы атаусыз көшеге Мұхаметқали Жұлқайнаров аты қойылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Жайпақ ауылдық округі әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізу жөніндегі бас маманы Сембаева Мақпал Сарсебекқызына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жайпақ ауылдық
      округінің әкімі:                           Е.А. Табеев