"Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу Ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 27 қыркүйектегі 223-ө және "Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру о

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 35-ө бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу Ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 27 қыркүйектегі 223-ө және «Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 225-ө бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 12 тамыздағы № 275-ө бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6456 болып тіркелген, 2011 жылғы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының № 1 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (С.Е. Аманбаев):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апта мерзімінде жолдасын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурстарын орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                     Т. Дүйсенова