"Жолаушы поезының вагон-мейрамханасына және ұйымдастырылған балалар ұжымдарын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 550 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6390 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен. 

       «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 145-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына, су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Б.Н. Садықовқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Ж. Досқалиев 

Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 28 шілдедегі  
№ 554 бұйрығымен бекітілді

«Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» cанитариялық ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі – Ереже) сумен жабдықтау көздерін ластанудан қорғауға, ауыз сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғаныш аймақтарының шектерін айқындауға, жер учаскесін орналастыруға, таңдауға, ғимараттарға, үй-жайларды жабдықтауға, суды дезинфекциялауға, сондай-ақ сумен жабдықтау объектілеріндегі персоналдың еңбек жағдайларын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.
      2. Осы Ереже сумен жабдықтау объектілеріне (орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауызсу, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйелері) қолданылады.
      3. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) ауыз сумен жабдықтау – тұтынушыларды ауыз сумен жабдықтауға бағытталған, сумен жабдықтау көздері мен құрылыстарын таңдау, қорғау, жобалау, құрылысын жүргізу, сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану, ауыз суды жинау, дайындау, сақтау, тұтыну орындарына жеткізу және сатуды қамтитын қызмет.
      2) сумен жабдықтаудың орталықтандырылмаған жүйесі (бұдан әрі – су құбыр) - ауыз суды жинау, дайындау немесе дайындықсыз, сақтау, тұтыну орындарына жеткізу және жалпы пайдалануға ашық құрылғылардың, ұрылыстар мен су құбырлардың кешені;
      3) коли-фаги – E.coli-ді лизирлеу және қоректендіргіш агарда плюс 370С температура барысында, 18 сағаттан кейін лизис аймақтарын (түйіндіктер) қалыптастыру қабілеті бар бактериалдық вирустар;
      4) жалпы колиформдық бактериялар (бұдан әрі – ЖКБ), грам теріс, оксидаза теріс, спора құрмайтын, дифференциалдық лактозалық орталарда өсе алатын, плюс 370С температурасы барысында 24-48 сағат ішінде лактозаны қышқыл, альдегид және газға дейін ферменттейтін таяқша;
      5) жалпы микробтық сан (бұдан әрі – ЖМС) - қоректендіргіш агарда плюс 370С температура барысында 24 сағат ішінде колония құруға қабілетті мезофильдік аэробты және факультативтік анаэробты микроағзалардың жалпы саны;
      6) сульфитредуцирлеуші клостридиялар – сульфиттерді сульфидке дейін редуцирлеуші спорақұрғыш анаэробты таяқша тәрізді бактериялар;
      7) термотолерантты колиформдық бактериялар (бұдан әрі – ТКБ) – жалпы колиформдық бактериялардың белгілеріне ие, сонымен қатар, плюс 440С (плюс минус 0,50С) температурасы барысында 24 сағат ішінде лактозаны қышқыл, альдегид және газға дейін ферменттей алатын бактериялар;
      8) ішек тобының патогенді бактериялары – Enterobacteriaceae тұқымдас ішек жұқпалы ауруларын қоздырушылар;
      9) энтеровирустар (ішек вирустары) – адам мен жануарлардың көбіне асқазан-ішек жолдарында мекендейтін, инфекциялық ауруларды тудыратын рибонуклеинқышқылқұрамды вирустардың түрі;
      10) су жинағыш құрылыс – суды тұтынушыларға жеткізу мақсатында су нысандарынан су жинайтын құрылыстар мен құрылғылардың кешені;
      11) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау – суды шығындау орындарына бермей, жинауға арналған, жалпы пайдаланымға ашық немесе жеке пайдаланымдағы құрылыстар;
      12) санитариялық қорғаныш аймағы (бұдан әрі – СҚА) – сумен жабдықтау және суқұбыр құрылыстарының айналасында арнайы бөлінетін аумақ, онда сумен жабдықтау көздерін (ашық және жерасты), суқұбыр құрылыстары мен қоршаған аумақтарды су сапасының нашарлауының алдын алу үшін қорғау мақсатында белгіленген тәртіп орындалуы тиіс;
      13) каптаж (ашу) – жерасты суларын пайдалану мақсатында, олардың табиғи шығу орындарында, ашылып, жер бетіне шығарылуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрылыс;
      14) бұлақ (бастау) – жерасты суларының жер бетіне табиғи жинақталып шығуы;
      15) ұңғыма - жерасты суларын жер бетіне шығаруға арналған құрылғы;
      16) құбыр құдық – жерасты суларын қабырғалары шеген құбырмен бекітілген цилиндрлік тік арналар түрінде жинауға арналған құрылыс;
      17) шахталық құдық – тереңдігі көлденең тіліктен артық, сумен жабдықтау мақсатында, жер асты суларын жинауға арналған тік кен қазбасы;
      18) ыстық сумен жабдықтау – бұл тұрғын үйлерді, ұйымдарды тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктер үшін, арнайы жабдық пен құрылғылардың кешенімен жабдықтау;
      19) ыстық сумен жабдықтау жүйесі – бұл мынадай жабдықтардың кешені: жылу көзі, су дайындағыш аппаратура, суқыздырғыштар, су тасымалдайтын суқұбырлар, су температурасын реттеу және бақылауға арналған құрылғылар;
      20) бак-аккумулятор – су жинауға арналған ыдыс;
      21) деаэрация – судан онда еріген газдарды жою;
      22) жылумен қамтамасыз ету - тұрғын үйлерді, ұйымдарды жылыту, желдету, ыстық су көмегімен жылумен қамтамасыз ету;
      23) ыстық сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесі – бұл жылу электр станциясындағы тұтынушыларға құбыр бойымен таратылатын суды жылыту жүйесі;
      24) жылумен қамтамасыз етудің жабық жүйесі - жылумен қамтамасыз ету жүйесі, оның барысында ыстық сумен жабдықтауға арналған су суысытқыштарда (бойлерлерде) қыздырылады;
      25) жылумен қамтамасыз етудің ашық жүйесі – жылу желісіндегі суды ыстық сумен жабдықтауға тікелей бөлетін жылумен қамтамасыз ету жүйесі;
      26) жеке ыстық сумен жабдықтау желілері бар жылумен қамтамасыз ету жүйесі – жылу жүйесі мен ыстық сумен жабдықтау арасында байланыс болмаған жағдайда, орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау суының тікелей қыздырылуымен сипатталады;
      27) тегеурінсіз сулар – атмосфералық қысым деңгейінде сулы қат-қабаттың сыртқы бетінде қысымы бар жерасты сулары;
      28) саба – өзен мен көлдердегі судың жылда қайталанып тұратын маусымдық төмен деңгейде тұруы;
      29) тегеурінді сулар - сулы қат-қабаттың сыртқы бетіндегі атмосфералық қысымнан жоғары қысым астында орын ауыстыратын жерасты сулары;
      30) санитариялық-қорғаныш жолағы - шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау сутартқышының бойымен жақын орналасқан, ондағы судың ластануының алдын алуға арналған аумақ;
      31) қорғалған жерасты сулары – қорғанысы жеткіліксіз жоғарыда жатқан сулы қат-қабаттардан жергілікті қоректену мүмкіндігін болдырмайтын, барлық ЗСО белдіктері шегінде тегіс сутірек жабыны бар қат-қабат аралық сулар (тегеурінді және тегеурінсіз);
      32) жеткілікті қорғалмаған жерасты сулары – қоректенуін таралу аумағынан алатын жер бетінен бірінші орналасқан тегеурінсіз сулы қат-қабаттың жерасты (грунтты) сулары;
      33) бъеф – су қойма, өзен, арналардың ағыс бойынша су жинағыш құрылысынан жоғары (бөгет, шлюздер) немесе төмен орналасқан бөлігі;
      34) су қорғау аймағы – су нысандары мен су шаруашылық құрылыстарға жақын орналасқан аумақ, онда сулардың ластануы, қоқыстануы мен сарқылуының алдын алуға арналған шаруашылық қызметтің арнайы тәртібі орнатылады;
      35) су қорғау жолағы – су нысандары мен су шаруашылық құрылыстарға жақын орналасқан, шектеулі шаруашылық қызмет тәртібі орнатылған су қорғау аймағы шегіндегі ені кем дегенде 20 метр (бұдан әрі – м) аумақ;
      36) су пайдалану – жеке қажеттіліктерді және (немесе) жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру мақсатында, Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте су қорларын пайдалану;
      37) сабалық деңгей - өзендердегі судың жылда қайталанып тұратын маусымдық деңгейі;
      38) судағы заттардың жол берілген болжамды деңгейлері (бұдан әрі – БЖБД) – уыттылықты болжаудың есептік әдістерінің негізінде жасалып, жобаланатын немесе салынатын ұйымдарды, тазалау құрылыстарын алдын ала ескертіп, санитариялық қадағалау кезеңінде ғана қолданылатын деңгейлер;
      39) қойыртпақ – борпылдақ (жұмсақ) консистенциялы өндірістің қалдықтары;
      40) рұқсат етілген шекті шоғырланушылық (бұдан әрі – РШШ) – көлем немесе масса бірлігінде, шектеусіз уақыт бойына күн сайын әсер ету барысында, ағзада аурушаң өзгерістер мен болашақ ұрпағында жағымсыз тұқымқуалаушылық өзгерістерді тудырмайтын зиянды заттардың ең көп мөлшері;
      41) рұқсат етілген шекті түсіріліс (бұдан әрі – РШТ) – ағынды сулардың су объектілеріне, су қойма жағдайы мен су сапасына зиянды әсер етпейтіндей, жол берілген түсірілістердің саны;
      42) рекреация – жаппай демалыс, туризм және спортқа арналған, жақын орналасқан жағасы бар су объектісі немесе оның учаскесі;
      43) сел – таулы өзендердің арнасында күрт тасқын салдарынан пайда болатын балшық немесе балшық-тасты ағындар;
      44) селден қорғау - елді мекенді, құрылыстарды сел ағынымен бұзылудан қорғауға арналған іс-шаралар, арнайы құрылыстар;
      45) тұстама – су деңгейінің көтерілуін қамтамасыз ететін және оның тегеурінін қабылдайтын гидроторап құрылыстары орналасатын өзен учаскесі;
      46) кемер - өзен, көл немесе жасанды су қойманың сулы бетінің құрлық бетімен қиылысу сызығы;
      47) бірінші санаттағы суқойма – орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған су шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көзі ретінде пайдаланылатын үстіртін су объектілері;
      48) екінші санаттағы суқойма - жаппай демалыс, туризм және спортқа арналған, елді мекендер шегінде орналасқан үстіртін су объектілері;
      49) магистральдық арна – суды бір бассейннен екіншісіне және бір өзен жүйесінен басқасына ауыстыруға арналған жасанды құрылыс;
      50) бассейн – жүзуге арналған жасанды суқойма;
      51) жүзіп шығу орны – себезгіден бассейн ваннасына сүңгуге арналған суы бар арна;
      52) қызыл жолақ – көше, жол, магистраль, алаңдардың жүру бөлігін құрылыс аумағынан бөлетін шартты шекара;
      53) бұрма жол – бассейн ваннасының ернеуі бойындағы жол;
      54) су айнасының ауданы – бассейн су бетінің шаршы метрмен берілген ауданы;
      55) шығын өлшеуіш – су шығынын өлшеуге арналған құрал;
      56) кері айналым – суды тазалау, зарарсыздандыру, сонымен қатар таза судың шығынын толтырумен бірге бірнеше рет пайдалану.

2. Халықты ауыз сумен жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      4. Осы ереже орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерімен берілетін, халықтың ауызсу ретінде және тұрмыстық мақсатта пайдалануына, тағамдық шикізатты қайта өңдеу және тағамдық өнімдерді өндіру, оларды сақтау және сату процестерінде пайдалануға, сондай-ақ, ауызсу сапасына ие судың қолданылуын талап ететін өнімдерді өндіруге арналған ауыз суға қатысты қолданылады.
      5. Ауыз судың химиялық құрамының аймақтық ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштер сумен жабдықтаудың әрбір жүйесі үшін осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес жеке белгіленеді (ауызсу сапасының микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері).
      6. Суқұбырда ауызсу сапасының және халықты сумен жабдықтау жағдайының нашарлауына әкелетін немесе әкелуі мүмкін апатты жағдайлар немесе техникалық бұзылулар орын алған жағдайда, сумен жабдықтау жүйесін пайдаланатын ұйым оларды жою және сәйкес аумақтардағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарын хабарлау бойынша шара қолданады.
      7. Ауызсу сапасына өндірістік бақылау жүргізетін ұйым (зертхана) гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін су сынамаларын зертханалық зерттеудің әрбір нәтижесі туралы сәйкес аумақтардағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына бірден хабарлайды.
      8. Бірден жойылуы мүмкін емес табиғи сипаттағы құбылыстармен немесе апаттық жағдайлармен байланысты жағдайларда ауызсу сапасының тек органолептикалық қасиеттерге әсер ететін химиялық құрамның көрсеткіштері бойынша гигиеналық нормативтерден уақытша ауытқулар жол берілуі мүмкін.
      9. Гигиеналық нормативтерден уақытша шегіну туралы шешім қабылдануымен қатар халықты гигиеналық нормативтерге сәйкес келетін балама ауызсумен жабдықтау бойынша іс-шаралар жоспары олардың орындалу мерзімдері мен қаржыландыру көлемдерімен бірге бекітіледі.
      10. Ауызсу сапасының гигиеналық нормативтерінен ауытқулардың, олардың пайдалану мерзімдерінің енгізілуі туралы, сондай-ақ, ауыз суды пайдалану жөнінде нұсқаулар жөнінде халыққа хабарланады.

3. Ауызсу сапасына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен нормативтер

      11. Ауызсу эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттерге ие болуы тиіс.
      12. Ауызсудың сапасы оның таратқыш желіге түсер алдында, сонымен қатар, сыртқы және ішкі суқұбыр желісінің су талдау нүктелерінде гигиеналық нормативтерге сәйкес келуі тиіс.
      13. Ауызсудың эпидемияға қатысты қауіпсіздігі оның микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштер бойынша нормативтерге сәйкес келуімен анықталады, осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес, аталған көрсеткіштер әр сынамада тексеріледі.
      14. Ауызсу сынамасында термотолерантты колиформдық бактериялар және (немесе) жалпы колиформдық бактериялар, және (немесе) колифагтар анықталған жағдайда, қайта зерттеу өткізіліп, хлорид, аммоний азоты, нитраттар мен нитриттер анықталады.
      15. Қайта алынған су сынамаларында жалпы колиформдық бактериялар 100 миллилитрде (бұдан әрі – мл) 2-ден артық табылса, және (немесе) термотолерантты колиформдық бактериялар, және (немесе) колифагтар табылса, ішек тобындағы патогенді бактерияларды және (немесе) энтеровирустарды анықтау үшін, су сынамалары зерттеуден өткізіледі.
      16. Ауызсуды ішек тобындағы патогенді бактериялар мен энтеровирустарға зерттеулер, сонымен қатар, эпидемиологиялық көрсетулер бойынша сәйкес өткізіледі.
      17. Суды патогенді микроорганизмдерге зерттеулер тек патогендіктің сәйкес тобының қоздырғыштарымен жұмыс жасауға рұқсаты бар және аталған қызмет түріне лицензия алған зертханаларда ғана өткізіледі.
      18. Ауызсудың химиялық құрамы бойынша зиянсыздығы оның табиғи суларда неғұрлым жиі кездесетін зиянды химиялық заттар, антропогендік жынысты заттар, суды, сумен жабдықтау жүйесінде өңдеу барысында келіп түсетін және қалыптасатын зиянды химиялық заттардың, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде сумен жабдықтау көздеріне келіп түсетін зиянды химиялық заттар құрамының көрсеткіштері бойынша нормативтерге сәйкестігімен анықталады.
      19. Ауызсуда қауіптіліктің 1 және 2-сыныптарына жататын және зияндылығының санитариялық-уыттылық белгісі бойынша мөлшерленетін бірнеше химиялық заттар анықталған жағдайда, олардың әрқайсысының суда анықталған қатынастарының рұқсат етілген шекті шоғырланудың (бұдан әрі – РШШ) мөлшері 1-ден аспауы тиіс.
      Есептеулер мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      С1 нақ      С2 нақ           Сп нақ
      ------- + -------- +......+ ------- </= 1
      С1 ж.б      С2 ж.б           Сп ж.б

      мұндағы С1, С2, Сп - қауіптіліктің 1 және 2-сыныптарына жататын жеке химиялық заттардың шоғырлануы: нақ – нақты, ж.б – жол берілген.
      20. Судың органолептикалық қасиеттері осы санитариялық ережеге 2-қосымшадағы 3-кестеге сәйкес көрсеткіштер ретінде және осы Ережеге 2-қосымшадағы 1 және 2-кестелерге сәйкес органолептикалық қасиеттерге әсер ететін заттардың көрсеткіштері ретінде анықталады.
      21. Ауызсуда қорғалмаған көзбен көрінетін су ағзаларының және жұқа қабық бетінің болуына жол берілмейді.
      22. Ауызсудың радиациялық қауіпсіздігі оның көрсеткіштер бойынша нормативтеріне сәйкестігімен анықталады (осы санитариялық ережеге 2-қосымшадағы 4-кестеге сәйкес a және b – активтілігі).
      23. Судағы радионуклеидтерді сәйкестендіру және олардың жеке шоғырлануын өлшеу жалпы нормативтердің активтілігінің артуы кезінде жүргізіледі. Анықталған шоғырлануды бағалау радиациялық қауіпсіздіктің қолданыстағы нормаларына сәйкес жүргізіледі.
      24. Сумен жабдықтау объектілерін пайдаланатын заңды және жеке тұлғалар ауызсу сапасының бақылауын аккредитацияланған өндірістік зертханаларда немесе көрсетілген қызмет түріне лицензиясы бар басқа зертханаларда жүргізуі тиіс.
      25. Суқұбырдың пайдаланылуын жүзеге асыратын ұйым су сапасын өндірістік бақылаудың жұмыс бағдарламасын әзірлейді (бұдан әрі – бағдарлама) ол тиісті аумақтағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органымен келісіледі.
      26. Тұрақты өндірістік бақылаудан өткізілуі тиіс ауызсудың бақыланатын көрсеткіштерін таңдау, сумен жабдықтау көздерінің су құрамын бағалаудың нәтижелері, сондай-ақ, сумен жабдықтау жүйесіндегі ауызсуды өндіру технологиясы негізінде, сумен жабдықтаудың әрбір жүйесіне арнап жүргізіледі және екі кезеңде өткізіледі: кеңейтілген зерттеулер және жұмыс бағдарламасы бойынша зерттеулер.
      27. Бірінші кезеңде сумен жабдықтау жүйесін пайдаланатын ұйымның кеңейтілген зерттеулерді әзірлеуі барысында келесі материалдар талданады:
      1) ұйымдардың мемлекеттік статистикалық есептілігі, сонымен қатар, сумен жабдықтау көздеріне су жинау аумағы шегіндегі су жинау орындарынан жоғары тұсынан келіп түсетін ағынды сулардың құрамы мен көлемі туралы ресми мәліметтер;
      2) қоршаған ортаны қорғау органдарының, гидрометеоқызметтің, су қорлары, геология және жер қойнауын пайдалану басқармасының, ұйымдардың су сапасын мониторингілеуі және өндірістік бақылауының нәтижелері бойынша сумен жабдықтау жүйесіндегі жер беті, жер асты сулары мен ауызсудың сапасы;
      3) шаруашылық қызметті жүзеге асыратын және жерүсті, жерасты суларының ластану көздері болып табылатын ұйымдардың санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулерінің нәтижелері, сонымен қатар, халықтың суды пайдалану және сумен жабдықтау жүйелеріндегі су сапасы зерттеулерінің нәтижелері;
      4) ауылшаруашылық ұйымдары мен басқару органдарының санитарлық қорғаныс аймағы шегіндегі (жер асты көздері үшін) сужинау аумағында (жер бетіндегі көздер үшін) қолданылатын пестицидтер мен агрохимикаттардың ассортименті және жалпы көлемі туралы.
      28. Өткізілген талдау негізінде сумен жабдықтаудың нақты көзінің микробиологиялық көрсеткіштері және химиялық құрамы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасы құрылады.
      29. Судың кеңейтілген зерттеулері химиялық заттардың жасалған тізімі бойынша және осы Ережеге 2-қосымшадағы 1-кестеге сәйкес көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
      30. Суды өңдеудің реагенттік әдістерін пайдаланатын сумен жабдықтау жүйелері үшін, судың таратқыш желіге берілуі алдында кеңейтілген зерттеулерін өткізу барысында, осы Ережеге 2-қосымшадағы 2-кестеге сәйкес көрсеткіштерді де қосады.
      31. Судың кеңейтілген зертханалық зерттеулері сумен жабдықтау жүйесінің су жинау орындарында, ал су өңделген жағдайда немесе түрлі су жинау орындарының суын араластыру барысында – ауызсуды таратқыш желіге берер алдында өткізіледі.
      32. Жыл бойына судың сапасы туралы ақпарат алудың біркелкілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сумен жабдықтау көздерінің түріне байланысты, зерттелетін су сынамаларының ең аз мөлшері ретінде саналады: жер асты көздері үшін – бір жылда әр маусым сайын таңдалатын 4 сынама; жер бетіндегі көздер үшін – бір жылда ай сайын таңдалатын 12 сынама.
      33. Судың химиялық құрамы мен оның құрамындағы заттардың шоғырлануының динамикасы туралы толық және нақты ақпарат алу қажет болған жағдайда, зерттелетін су сынамаларының саны және олардың мерзімділігі ұлғаяды.
      34. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары судың химиялық құрамының кеңейтілген зерттеулерінің нәтижелерін әрбір сумен жабдықтау жүйесі бойынша талдайды және халықтың ауызсуды пайдалануының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын және аумақтағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, су құрамындағы химиялық заттардың халық денсаулығына төндіретін әлеуетті қаупі анықталады.
      Жүргізілген бағалау негізінде бақыланатын көрсеткіштер тізімі, мөлшері және тұрақты өндірістік бақылауға арналған ауызсу сынамаларын таңдау мерзімділігі бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      35. Ауызсудың сапасын бақылаудың жұмыс бағдарламасын әзірлеу кезінде төмендегілерді қамтиды:
      1) мыналарды қамтитын түсіндірме хат: су көзі туралы ақпарат, су дайындау технологиясы, пайдаланылатын реагенттер, олардың сәйкестілік сертификаттары, суды тасымалдау және бөліп тарату туралы мәліметтер, өндірістік зертхананың жұмыстарды өткізуге дайындығы, ауызсуды дайындау бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманың болуы;
      2) су құбыр паспорты,
      3) су сапасының бақыланатын көрсеткіштерінің тізімі;
      4) бақыланатын көрсеткіштерді анықтау әдістемесі;
      5) суды су құбырдың таратқыш желісіне (таза су резервуарында) берілуі алдында су жинау орындарындағы және суқұбырдың сыртқы және ішкі желісінің су талдау орындарындағы су сынамаларын алу нүктелерінің жоспары;
      6) сынамалардың таңдалу мерзімділігі, зерттелетін су сынамаларында анықталатын көрсеткіштердің тізбесі;
      7) су сынамаларын алудың күнтізбелік кестелері.
      36. Бірнеше су жинау орындары бар сумен жабдықтау жүйелері үшін, жұмыс бағдарламасы әр су жинау орны үшін жасалады. Жалпы санитарлық қорғаныш аймағымен біріктірілген және бір сулы көкжиекті пайдаланатын жер асты су жинау орындары үшін бір жұмыс бағдарламасы жасалады.
      37. Зерттелетін су сынамаларының мөлшері және оларды алу мерзімділігі сумен жабдықтаудың әр жүйесі үшін анықталады.
      38. Жұмыс бағдарламасында су сапасын бақылаудың нәтижелеріне ай сайын талдау өткізу қарастырылады және бақылау нәтижелері бойынша ақпараттарды санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органына жіберу тәртібі белгіленеді.
      39. Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органына келісу үшін жіберіледі, жергілікті атқару органымен бекітіледі.
      40. Сумен жабдықтау жүйелерін жұмыс бағдарламасымен сәйкес пайдаланатын ұйым судың таратқыш желіге (таза су резервуарында) берілуі алдында су жинау орындарындағы және су құбырдың сыртқы және ішкі желісінің су талдау нүктелеріндегі судың сапасын бақылайды.

4. Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған құрылыстардың құрылысын салуға жер учаскесін таңдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      41. Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты сулары пайдаланылады. Оларды пайдалану су жинау құрылыстарының арнайы жабдығын орнату арқылы жүзеге асырылады (таратушы жүйелері жоқ ұңғымалар, шахталық және құбырлық құдықтар, бұлақтарды ашу).
      42. Тарату тораптары жоқ ұңғымалар, құдықтар және бұлақтарды ашу тұрғындар тобын және шаруашылық-тұрмыстық объектілерін ауыз сумен жабдықтау үшін ұйымдастырылады.
      43. Ұңғымаларды, құдықтарды және бұлақты ашу құрылғылары үшін орын таңдау геологиялық және гидрогеологиялық мәліметтердің негізінде белгіленген тәртіппен жүргізілуге тиіс.
      44. Құдықтарды және бұлақты ашу құрылғылары үшін орын ластанған немесе ластануы мүмкін мынадай көздерден келетін жер асты суларының тасқынан 50 метрге (бұдан әрі - м) жоғары алыстатылған, ластанбаған биіктеу учаскеде таңдайды: әжетханалар, қоқыс төгілетін орын, тыңайтқыштардың және улы химикаттардың қоймалары, өндірістік ұйымдар, канализациялық құрылыстар, ескі қараусыз қалған құдықтар, мал қоралар, адамдарды және жануарларды көметін орындар.
      45. Су жинау құрылыстарын мыналарда орнатуға жол берілмейді: тасқын су басатын учаскелерге, төменгі, батпақ жерлерге; көшкін және топырақтың пішінін өзгертетін басқа түрлері болатын жерлерге; көліктің қарқынды қозғалысы бар магистральдан 30 м жақын жерлерге.
      46. Құдықтар тұрғын үйлерден 100 м алыс қашықтықта орналасуы тиіс.
      47. Су жинау құрылыстарын жабдықтау барысында Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдар (сүзгіштер, қорганыш торлар, сорғыштардың бөлшектері және басқалар), реагенттер және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған шағын габаритті тазартқыш қондырғылар пайдаланылады.

5. Ұңғымаларға және құбырлық құдықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      48. Ұңғыманың құрылымы судың дебиттерін өлшеу, сынамалар алу және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
      49. Ұңғыма басының (жердің үстіндегі бөлігі) құрылымы ластануларды және беткі судың ұңғымадағы құбыр аралық және құбыр сыртындағы кеңістігіне енуін болдырмайтын толық саңылаусыздықты қамтамасыз етуге тиіс.
      50. Іргелес жатқан аумақта ұңғыманың санитариялық қорғаныш аймағы көзделеді және жерасты суларын ластанудан қорғау жөнінде шаралар жүргізіледі.
      51. Құбырлық құдықтарды орнату үшін үстінен су өткізбейтін жыныстармен қорғалған су жиектері пайдаланылады.
      Құбырлық құдықтың басы жер бетінен 0,8-1,0 м-ге жоғары болуға, саңылаусыз жабылуға, қаптамасы және шелекті іліп қою үшін ілмекпен жабдықталған төгетін құбыры болуға тиіс.

6. Шахталық құдықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      52. Шахталық құдық алғашқы тегеурінсіз сулы қат-қабаттан су алу үшін орнатылады. Басын, бағанын және су өткізбейтін бөлігін қамтитын құдықтың дөңгелек немесе төртбұрыш формалы шахтасы болады.
      53. Шахтаның қабырғалары тығыз, саңылаусыз болуы тиіс, құдық беткі ағындардың және қалқыма сулардың енуінен жақсы оқшаулануы тиіс.
      54. Құдықтың қабырғаларын әрлеу үшін бетондалған немесе темір бетондалған сақина, тас, кірпіш, тал қолданылады. Құдықтың қабырғаларын қаптауға суды боямайтындай және қоспаларсыз арналған тас қажет.
      55. Шегендерді орнату кезінде ағаштардың рұқсат етілген жыныстары пайдаланылады.
      56. Шахталық құдықтардан суды көтеру үшін әртүрлі құрылымы бар (қолмен және электрлік) сорғыштар пайдаланылады. Бір немесе екі тұтқасы бар қақпа, бір немесе екі шелекке арналған дөңгелегі бар қақпа, мықты бекітілген шелегі бар «қол шығар ағашын» қондыруға болады.

7. Бұлақтарды ашуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      57. Каптаждар сызашықтарды қайнар немесе тұма бұлақтардан (көздерден) үстіңгі қабатқа жинау үшін арналған. Қайнар бұлақтан су алу каптаждық камераның түбінен, тұма бұлақтан су алу – камера қабырғасының тесігі арқылы жүзеге асады.
      58. Құдыққа (каптажға) жақын маңдағы аумақ қоршалады, жабдықталады, тазалықта сақталады.
      59. Құдықтан (каптаждан) 20 м жақын радиуста кір жууға, машина және әртүрлі заттарды жууға, жануарларды суаруға болмайды.
      60. Құдықтан суды көтеру үшін қоғамдық шелектер, сорғыштар пайдаланылады. Құдықтан (каптаждан) суды тұрғындардың әкелетін шелектерімен көтеруге болмайды; үйден әкелінген шөміштерді қоғамдық шелекке батырып су алуға жол берілмейді.
      61. Құдықтарды қатып қалудан қорғау үшін таза сабан, пішен, жаңқа пайдаланылады, олар құдыққа (каптажға) түспеуі тиіс. Бұл мақсаттар үшін тезек, шыны мақта және басқа синтетикалық материалдарды қолдануға жол берілмейді.
      62. Жылына бір рет құдықты (каптажды) жыныстардың толып кетуінен және үйілуінен тазарту, ағымдағы бекіту, нығайту жөндеу жүргізіледі.
      63. Әрбір тазартудан және жөндеуден кейін құдықты (каптажды) зарарсыздандыру жүргізіледі.
      Судың сапасы нашарлағанда, сонымен қатар су факторларымен берілетін жұқпалық аурулар тіркелген жағдайда, осы санитариялық ережеге 7-қосымшаға сәйкес кейінгі акт толтырумен тазарту, жуу және зарарсыздандыру жүргізіледі.
      64. Құдықтарды дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар пайдаланылады.
      65. Ауыз су қажеттілігіне жарамсыз суы бар құдықтарды жояды.
      66. Егер су сапасының нашарлаған себептері микробиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталмаса және (немесе) жойылмаса, құдықтағы (каптаждағы) су тұрақты залалсыздандырылады. Су тұрақты химиялық ластанған жағдайда құдықты жою туралы шешім қабылданады.

8. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйелерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      67. Су дайындау үрдісінде қолданылатын реагенттер және құрылымдық материалдар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілуге тиіс. Қолданылатын реагенттердің судағы қалдық мөлшері гигиеналық нормативтерден аспауы тиіс.
      68. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйелерінде сынап толтырылған бақылау-өлшегіш аспаптарын қолдануға жол берілмейді.
      69. Су жинау орындарындағы ыстық судың температурасы, жылумен жабдықтаудың қолданылатын жүйелеріне қарамастан, плюс 60оС төмен және плюс 75оС жоғары болмауға тиіс. Мырышпен қапталған құбырлардағы ыстық сумен жабдықтау жүйелері үшін жылумен қамтудың жабық жүйелері жағдайында судың температурасы плюс 50оС төмен және плюс 60оС жоғары болмауға тиіс. Бұндай жағдайларда жүйелердегі жөндеу жұмыстарын немесе апаттық жағдайларды жоюды жүргізгеннен кейін, 48 сағат бойы температураны плюс 75оС деңгейде ұстауы тиіс.
      70. Суды дайындаудың және халыққа жеткізудің барлық кезеңдерінде судың сапасын зертханалық-өндірістік бақылау ыстық сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын ұйымның зертханаларымен немесе осы зерттеулерді жүргізу құқығына лицензиясы бар және белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      71. Ыстық сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйелеріндегі судың сапасына мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бастапқы судың келіп түскен орындарында желіге және үлестіруші торапқа түспестен бұрын таңдаулы түрде жүзеге асады.
      72. Жылу көзінің жылулық қуаттылығы елді мекендерді дамытудың келешегін ескере отырып, ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің есептік жылулық күшін қамтамасыз етуге тиіс.
      73. Ыстық сумен жабдықтаудың әртүрлі жүйелерін қолдану мүмкіндігі бастапқы судың сапасын, су бөлгіш нүктелеріндегі суға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптарды және техникалық-экономикалық негіздерді басшылыққа ала отырып, жобалық ұйыммен анықталады. Жобалау барысында жылумен қамтамасыз етудің жабық жүйелеріне немесе ыстық сумен жабдықтаудың жеке желілері бар жүйелеріне ерекше көңіл бөлген жөн.
      74. Ыстық судың эпидемиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жылумен қамтудың ашық жүйелері жағдайында плюс 100оС кем емес температурада ауасыздандыру жүргізіледі.
      75. Ыстық сумен жабдықтау жүйелеріндегі бак-аккумуляторлардың құрылымы апаттық жағдайларды, газ шығару қондырғылары арқылы бак ішінің ластануын, сонымен қатар бактың төменгі бөлігіндегі тұнбалардың ыстық сумен жабдықтау желілеріне шығып қалуын болдырмауға тиіс. Ыстық судың бак-аккумуляторларын тұрғын үй аудандарында орналастыруға жол берілмейді. Жылу көзі бар аумақтан тыс орналасқан бак-аккумуляторлар кемінде 2,5 м биіктікпен қоршалады, қашықтығы - резервуарлардың қабырғаларынан 10 м кем емес. Бөгде адамдардың бактерге кіруіне тиым салынады.
      Бак-аккумуляторлардың ішкі беті Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жабындыларды қою тот басудан қорғалады.
      76. Жылулық желілер, жылумен қамтуды салу тәсіліне және жүйесіне қарамастан, қорымдардың, қоқыс тастайтын жердің, мал қорымының, егіншілікті суару, ассенизация егістіктері аумақтарының бойымен және ыстық судың химиялық және биологиялық ластану қаупін тудыратын басқа учаскелерде жүргізілмеуі тиіс.
      77. Ыстық сумен жабдықтаудың жылулық желілерін тұрмыстық және өндірістік кәріздеу желілерімен біріккен каналдарға салуға жол берілмейді.
      78. Ыстық сумен жабдықтау желілерін басқа мақсатқа тағайындалған суқұбырларымен байланыстыруға жол берілмейді.
      79. Ыстық сумен жабдықтау желілерінен суды кәрізге бұру ағыстарды ажыратумен жүргізіледі және май құйғыш, раковина немесе шұқырша арқылы жүзеге асады.
      80. Салынатын желінің трасса бойындағы аумағы күні бұрын тазартылады және салынуға дайындалады. Қазылған қоқыс төгілетін жойлатын шұңқырлар жұмыстың басталуына дейін тазартылады, дезинфекцияланады және таза топырақ себіледі, трассаға жақын орналасады.
      81. Ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің ластану мүмкіндігін алдын ала сақтандыру мақсатында оларды дайындау, сақтау, тасымалдау және монтаждау барысында оның жеке элементтерін қорғау бойынша шаралар қарастырылады.
      82. Жылу беру жүйелерімен байланысты жылумен қамту жүйелерінің жаңа жылу желілері жылумен қамту жүйелерінің түріне қарамастан, сонымен қатар күрделі жөндеу, апаттық-қалпына келтіру жұмыстарынан кейін кейіннен дезинфекциялау арқылы гидропневматикалық жуылады.
      Дезинфекция жанасу уақыты 6 сағаттан кем емес уақытта кубтық дециметрге (бұдан әрі – мг/дм3) 75-100 миллиграмм дозасымен белсенді хлоры бар шаруашылық-ауыз сумен толтырумен жүзеге асады.
      83. Жуу барысында су-ауалық қоспаның жылдамдығы әрбір жуу учаскесінде есептікті секундына 0,5 метрге (бұдан әрі – м/сек) асыруға тиіс.
      Қалдық хлоры бар жуғыш суларды елді-мекендердің кәріз желісіне, ол болмаған жағдайда жердің бет-бедеріне немесе үстіңгі беттегі суды ластанудан қорғауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаған жағдайда су қоймаларына жібереді.
      84. Жылумен жабдықтаудың ашық жүйелеріндегі, сонымен қатар ыстық сумен жабдықтау жүйелеріндегі жылу желілерін жуу және дезинфекциялау тиісті лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен, сапасын бақылау өндірістік зертханамен жүргізіледі.
      85. Жылумен және ыстық сумен жабдықтаудағы ашық жүйелердің диаметрі 200 миллиметрге дейін (бұдан әрі - мм) және ұзындығы 1 километрге дейін (бұдан әрі - км) желілерін, сонымен қатар калориферлері, қыздырғыш панельдері бар жылыту және желдету жүйелері хлорлауға емес, температурасы плюс 85-90оС-тан төмен емес ыстық сумен жуу арқылы дезинфекциялауға жол беріледі.
      86. Жылыту жүйесінің жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін жылумен жабдықтаудың ашық жылыту жүйелері тексерілуге, жөнделуге және жылу беру маусымының алдында кәріз желісіне жіберілетін, тотығудың ингибиторын қамтитын, кейіннен су құбырының сумен толтыру арқылы гидропневматикалық тәсілмен жуылуы тиіс.
      87. Жыл сайын жүргізілетін алдын алу жөндеу жұмыстары кезеңінде ыстық сумен жабдықтау жүйелерін 15 күннен артық ажыратуға болмайды. Эпидемиялық маңыздылығы жоғары нысандар (қоғамдық тамақтану, тағамдық өнеркәсіп, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының, сонымен қатар ауруханалық ұйымдардың нысандары) жөндеу кезеңінде жылудың басқа көздерінен немесе меншікті қордағы көздерден алынатын ыстық сумен қамтамасыз етілуге тиіс.
      88. Бак-аккумуляторлар тұнбалардан және шөп басып кетуден қайта-қайта тазартылуға тиіс.
      89. Суды қаққа қарсы өңдеу химиялық және физикалық әдістермен жүзеге асырылады.
      90. Су құбырларын және жабдықтарды тотығуға қарсы қорғау үшін суды Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген реагенттер пайдаланады.
      91. Силикатты өңдеу сұйық натрийлі әйнекті (натрий силикатын) суқұбырлық суға салумен жүргізіледі.
      92. Мөлшері 0,5 мг/л көп емес екі валентті темірдің иондары бар жерасты суларын пайдалану кезінде суды темірсіздендіру жүргізілуі тиіс.
      93. Маусымдық жылу беру кезеңінде жөндеуден және жылумен қамтудың жаңа жүйелерін қосқаннан кейін тиісті аумақтардағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының келісімі бойынша жылумен қамтудың ашық жүйелеріне қосылған ыстық сумен жабдықтау жүйелеріндегі темірдің құрамы 1 мг/л дейін және түстілігінің көрсеткіші плюс 70оС дейінгі көрсеткіштер бойынша ауыз судың орталықтандырылған жүйелеріндегі судың сапасына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындамауға жол беріледі.
      94. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау желілеріне ыстық судың келіп түсуіне және жылу беру жүйелерінен ыстық суды таратуға жол берілмейді.
      95. Ыстық судың сапасын зертханалық өндірістік бақылау:
      1) жылумен қамтудың жабық жүйелерінде – бастапқы судың (суқұбырлық) келіп түскен орындарында және су қыздырғыштардан кейін;
      2) жылумен қамтудың ашық жүйелерінде – бастапқы судың (су құбыры немесе су көздері) келіп түскен орындарында, суды дайындағаннан кейін (қоректендіргіш су) және ыстық сумен жабдықтау желісіне түсер алдында;
      3) ыстық сумен жабдықтаудың жеке желілері бар жылумен қамту жүйелерінде – бастапқы судың (суқұбырлық) келіп түскен орындарында және су қыздырғыштардан кейін жүзеге асырылады.
      96. Ыстық судың сапасына зертханалық өндірістік бақылау мемлекеттік санитариялық қызмет органдарымен келісілген нүктелердегі үлестіргіш тораптарда жүзеге асырылады.
      97. Ыстық судың сапасын өндірістік зертханалық бақылау мына төмендегі көрсеткіштерді қамтиды: температурасы (оС); түсі (градус), лайлылығы (мг/л), иісі (балл), рН реакциясы, темір (мг/л), су дайындау процесінде қолданылатын реагенттердің қалдық мөлшері (мг/л), ыстық сумен жабдықтау құбырларының (мыс, мырыш және басқа элементтер мг/л-мен) материалынан жуылуы мүмкін химиялық заттардың жол берілетін мөлшері, микробиологиялық.

9. СҚА және санитариялық-қорғаныш жолақтарын жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      98. Елді-мекеннің құрылысын жоспарлау жобасының немесе негізгі жоспарының сатысында сумен жабдықтау көзін таңдау кезінде СҚА ұйымдастырудың мүмкіндігі қаралады және жоспарлық шектеулер сұлбаларында көрсетіледі.
      99. СҚА сумен жабдықтау көздерінде және шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне жер бетіндегі және жерастындағы көздерден су жеткізетін суқұбырлық құрылыстарда қарастырылады.
      100. СҚА жобасы шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жобасының құрамдық бөлігі болуға тиіс және бір уақытта жетілдіріледі. Белгіленген санитариялық қорғаныш аймақтары жоқ қолданыстағы су құбырлары үшін СҚА жобасы арнайы әзірленуге тиіс.
      101. СҚА үш белдеуден тұрады:
      1) бірінші белдеу (қатал режим) су жинау, суқұбырлық құрылыстардың орналасқан жерінің аумағын қамтиды және су жинау орындарын және суқұбырлық құрылыстарын ластанудан және бүлінуден қорғау үшін қызмет етеді;
      2) су көздерінін екінші белдеуін қорғау (шектеу зонасы) және үшінші белдеу (шалғай қорғау зонасы) шаруашылық-ауыз суға арналған сумен жабдықтау су көздерінің микробиологиялық және химиялық ластануын алдын алуға арналған аумақты қамтиды. Сутартқыштардың санитариялық-қорғаныш жолағы шаруашылық-ауыз суға қолдануға арналған суқұбырлық суды ластанудан қорғайды.
      102. Бұлақтардың және суқұбырлық құрылыстардың СҚА үш белдеулерінің әрқайсысында және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау сутартқыштарының санитариялық-қорғаныш жолағының шегінде, олардың қолданылуына сәйкес, арнайы режим белгіленеді және су сапасының нашарлағанын алдын алуға бағытталған шаралар жиыны анықталады.
      103. Жобаны әзірлеудің алдында СҚА және санитариялық-қорғаныш жолағы ұйымдастырылады, жоба мыналарды:
      1) аймақтар шегін және оның белдеулерінің құрауыштарын анықтауды;
      2) СҚА аумағының санитариялық жағдайын жақсарту және бұлақтардың ластануын алдын ала ескерту бойынша шаралардың жоспарын;
      3) СҚА үш белдеулерінің аумақтарын шаруашылық пайдаланудың ережесі және режимін қамтиды.
      104. Арналық сужинағышы бар суқұбырларында СҚА-ды сумен жабдықтаудың беткі көздеріне арналғандай етіп ұйымдастырады.
      105. СҚА және оның белдеулерін құрауыштардың, сутартқыштардың санитариялық-қорғаныш жолағының белгіленген шекараларын сумен жабдықтау көздерін пайдалануда пайда болған (болатын) өзгерістер жағдайларында (соның ішінде жерасты суларындағы су жинаудың өнімділігі) немесе жергілікті санитариялық эпидемиологиялық жағдайда қарап шығады. СҚА жаңа шекараларын жобалау және бекіту бастапқы тәртіппен жүргізіледі.

10. Жерасты су көзінің суымен жабдықтаудың СҚА белгілеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      106. Жерасты су көзін сумен қамтитын СҚА бірінші белдеу шекаралары оңашаланған бас тоғандардан (ұңғыма, шахталық құдық, жиғы) немесе топталған су бөгетінің бас тоған құрылысы шегінен қорғалған жер асты суларын, 50 м жеткіліксіз қорғалған жер асты суларын пайдалану кезінде 30 м қашықтықта орнатылады.
      107. Сіңіретін бас тоғандардың СҚА шекарасының белдеуіне бас тоған арасындағы жағалау аумағы және сумен қамтитын көз беті, егерде олардың аралығы 150 м кем емес болса қамтиды.
      108. Жерасты суларының қорын жасанды толтыру кезінде бас тоғандарға арналған бірінші белдеу шекарасы бас тоғаннан 50 м кем емес және сіңіретін құрылыстардан кемінде 100 м аралықта (су алаптары, каналдар және басқалар) орнатылады.
      109. Екінші және үшінші белдеулер шекарасын анықтау кезінде, сулылық деңгей жиегінен бас тоғанға жерасты суларының құйылымы бас тоғанның қорек аймағынан шығатыны есепке алынады.
      110. Жер асты суларын сіңіретін бас тоған үшін және оны қоректендіретін суқоймасы беті үшін, осы санитариялық ереженің 13-тарауына сәйкес СҚА екінші және үшінші белдеуін орнату қажет (екінші және үшінші белдеулер шекарасы).
      111. Әртүрлі гидрогеологиялық есептеулер үшін жерасты су көзінің суымен жабдықтаудың СҚА-ның екінші және үшінші белдеулерінің шекараларын айқындау гидрогеологиялық есептеулердің әдістеріне сәйкес жүргізіледі.

11. Жерүсті су көзінің суымен жабдықтаудың СҚА белгілеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      112. Жерүсті су көзінің шаруашылық-ауызсуымен жабдықтаудың СҚА бірінші белдеу шекарасы мынадай шектермен орнатылады:
      1) су ағыстары үшін (өзендер, каналдар) ағысы бойынша жоғары – бас тоғаннан 200 м кем емес, бас тоғаннан 100 м кем емес ағысы бойынша төмен, бас тоғанға жағаның жалғасып жатуы бойынша – жаз-күзгі сабасы кезінде су кемері шегінен 100 м кем емес аралықта.
      Бас тоғаннан жағаға қарсы беттегі бағытта өзен немесе каналдың ені 100 м кем емес – жаз-күзгі сабасы кезінде су кемері шегінен 50 м енді барлық айдын және қарсы беттегі жаға, 100 м артық енді өзен және каналдар – бас тоғаннан 100 м кем емес енді айдын жолақ;
      2) шөміш түріндегі су жинау орнының бірінші белдеу шекарасына барлық шөміш айдыны кіруге тиісті;
      3) суқоймалары үшін (бөген, өзен) бірінші белдеу шекарасы жергілікті санитариялық және гидрологиялық жағдайға байланысты, бірақ 100 м кем емес су жинау қоймасы бойынша барлық бағыттарда және жаз-күзгі сабасы кезінде су кемері шегінен су жинауға жататын жағаға орнатылған болуға тиісті.
      113. Ағын сулардың (өзендер, каналдар) және суқоймалары (бөген, өзен) СҚА екінші белдеу шекаралары табиғаттық, климаттық және гидрологиялық жағдайларына байланысты анықталуға тиісті.
      114. Ағын судағы СҚА екінші белдеу шекарасының микробтық өздігінен тазаруы мақсатында тазартылуға тиісті:
      1) судың ағысымен жоғары қарай ағын судың ені мен ұзындығының немесе оның жеке учаскедегі орташаланған жылдамдығын және белдік шегінен су жинау орнына дейінгі судың ағу уақытын ескере отырып, жаз-күзгі сабаның орташа айлық су шығынын IА, Б, В, Г және IIА климаттық аудандары үшін кем дегенде 5 тәулік және қалған климаттық аудандар үшін 3 тәулік бойына 95% қамтамасыз етілуі барысында;
      2) ағыс бойынша төмен – сужинағыштан 250 м кем емес, кері ағыстарға желдің әсерін қоса есепке алғанда;
      3) бүйір шекаралары - жаз-күзгі сабасы кезінде су кемері шегінен аралықта болуға тиісті: жазық рельефті жер – 500 м кем емес, таулы рельефті жер – сумен қамту көздері жаққа айналған бірінші баурайдың шыңына дейін, 750 м кем емес жамылғы баурайда және тікте 1000 м кем емес.
      115. Суқоймасының СҚА екінші белдеу шекарасы айдын бойынша барлық жағынан сужинағыштан 3 км аралықта – жел бөгеті болған жағдайда 10% дейін және 5 км - желбөгет бар болған кезде 10% артығырақ.
      116. Жекеленген жағдайларда, нақты санитариялық–эпидемиологиялық жағдайларды есепке ала отырып және сәйкесетін негіздемелерде екінші белдеу аумағын мемлекеттік санитариялық–эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісіп ұлғайтуға болады.
      117. Ағын судағы жоғары және төмен ағыс бойынша жерүсті су көзінің суымен жабдықтаудың СҚА үшінші белдеу шекарасы, екінші белдеу шекарасымен тура келеді, бүйір шекаралары – суайрық сызығы бойынша салаларды қоса алғанда 3-5 шақырым шегінде өтуге тиіс.

12. Су құбыр құрылыстарының СҚА белгілеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      118. Су жинайтын аумақтан тыс орналасқан шаруашылық–ауыз суға арналған су құбыры құрылыстарының СҚА, бірінші белдеумен (қатал тәртіпті) әкеліп өткізілген, сутартқыштар үшін – қорғаныш жолағымен.
      119. Суқұбыры құрылыстарының СҚА бірінші белдеу шекарасы аралықта қабылданады:
      1) қордағы және реттейтін сыйымдылықтар, сүзгіштер және жанасатын мөлдірлеуіштердің қабырғасынан - 30 м кем емес;
      2) тегеуірінді су мұнарасынан - 10 м кем емес;
      3) қалған ғимараттардан (тұндырғылар, реагенттік шаруашылық, хлор қоймасы, насостық станциялар және басқалар) - 15 м кем емес;
      120. Санитариялық-қорғаныш жолағының енін суқұбыры шегінің шетінен барлық жағынан қабылдау қажет:
      1) грунтты сулар болмаған жағдайда – 10 м кем емес, сутартқыштар 1000 м дейін диаметрде және 1000 мм көбірек сутартқыштар 20 м аз емес диаметрде;
      2) грунт сулары бар болған кезде – сутартқыштардың диаметріне байланысты емес – 50 м аз емес.
      121. Су құбыры құрылысы аумағында хлордың шығын қоймасы бар болған кезде санитариялық-қорғаныш аймағының көлемдері тұрғын үй және қоғамдық ғимаратқа дейін 300 м кем емес қабылдануы тиіс.

13. Жерасты су көздерінің суымен жабдықтаудың СҚА аумағын күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      122. Жерасты су көздерінің суымен жабдықтаудың СҚА бірінші белдеу аумағы көгалдандырылуы, қоршалуы және күзетпен қамтамасыз етілуі, жерүсті суын оның жиегінен бұру үшін жоспарлануы тиіс. Су құбыры құрылысын пайдалануға, бірінші белдеу аумағына және суқұбыры құрылысы аумағына қатысы жоқ адамдар кіруге рұқсат етілмейді. Елді мекен аумағындағы су жинағыштың бірінші белдеу аумағы темір бетонды немесе болат тормен, елді мекен аумағынан тысқары – биіктігі 1,6-2,5 м тікенек сымдармен қоршалған болуға тиісті. Құрылысқа баратын жолдардың қатты жабындары болады.
      123. Сорғыш станциясы, резервуарлар және тегеуірінді су мұнарасы су дайындайтын станция алаңдары СҚА–мен 2,5 м биіктікте саңылаусыз қоршаулар бар. Саңылаусыз биіктігі 2 м және 0,5 м тікенек сымдармен немесе металл торлармен қоршауға жол беріледі. Өтпелі және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттардан басқа, құрылыстарды қоршап жанастыру жол берілмейді.
      124. Жерасты және жерүсті суын жинайтын, сорғыш станциясының бірінші көтерілуі және өңделмеген суды тартып құятын құрылыс алаңына арналған, сонымен қатар ұйымның аумағында орналасқан, қоршауы және күзет қорғанысы бар шаруашылық-ауыз суы суқұбыры құрылысы алаңына арналған, қоршау түрі жергілікті жағдай есебімен қабылданады.
      125. Елді мекендерден және ұйымдардан тысқары орналасқан суқұбыры құрылысына және ғимараттарға, сонымен қатар сужинағыш СҚА бірінші белдеу шегінде жеңілдетілген жақсартылған жабындармен кіре беріс және жол бойы алдын ала қарастырылады.
      126. Шаруашылық-ауыз сумен қамту (жерүсті және жерасты) су көздерінің СҚА бірінші белдеу аумағында биік ағаштар, суқұбыры құрылысын пайдалануға, реконструкциялауға және кеңейтуге тікелей қатысы жоқ құрылыстың барлық түрлері, соның ішінде әртүрлі мақсаттағы құбырлар төсеніші, тұрғын үй және шаруашылық-тұрмыстық ғимараттарда адамдарды орналастыру, улы химикаттар және тыңайтқыштарды қолдануға жол берілмейді.
      127. Сужинау құрылысының ғимараты тұрмыстық және өндірістік канализациялар жүйесіне ағынды суды бұрумен кәрізденіп жабдықталады. Кәріздеу болмаған жағдайда СҚА аумағының ластануынан шығарылған орындарда орналасқан жуынды-шайынды және тұрмыстық қалдықтар су өткізбейтін қабылдағыштарда реттеледі.
      128. СҚА бірінші белдеуінде орналасқан, су жинау құрылысы баулықтар және ұңғымалар сағасы, люктер және резервуарлардың және сорғыштар құятын қондырғы құбырлар арқылы ауыз судың ластануына жол бермеу есебінде жабдықталады.
      129. Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін жерасты су көздерінің СҚА-да мынадай шаралар жүргізіледі:
      1) тығындау (консервілеу) немесе барлық ескі қолданылмайтын, ақаулы немесе дұрыс пайдаланылмайтын, сулы қат-қабат ластану мүмкіндігін келтіретін ұңғымаларды анықтау;
      2) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының оң қорытындысы болған кезде, кеннің үстіңгі қабатының бұзылуына байланысты жаңа ұңғымаларды бұрғылау;
      3) объектілердің аумағын санитариялық абаттандыру бойынша шаралар ұйымдастыру (кәріздеумен, су өткізбейтін күресіндер қондырғылары, жер бетіндегі суағарларды бұруды).
      130. СҚА-нда:
      1) жер асты қат-қабаттарына пайдаланылған суларды құю, қатты қалдықтарды және жер қойнауын қазуды қоймалау;
      2) бейіттерді, мал қорымдары, ассенизациялау өрісі, сүзілу өрісі, көң қоймалар, сүрлеме орлар, мал шаруашылығы және құс өсіретін шаруашылық субъектілері және жер асты суларының микробтық, химиялық ластану қауіпіне себепші болатын басқа да нысандарды орналастыру, тыңайтқыш және улыхимикаттарды пайдалану; орманды кесу;
      3) жанар-жағар май материалдары, улыхимикаттар және минералдық тыңайтқыштар, шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсіптік ақаба сулар жинауыштар, шламқоймасы және басқа объектілерге жол берілмейді.

14. Жерүсті су көзінің суымен жабдықтаудың СҚА аумағын және сутартқыштардың санитариялық-қорғаныш жолақтарын күтіп ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      131. СҚА-нда судың сапасына әсер көрсететін ағынды сулар, соның ішінде су көлігінің ағынды сулары, сондай-ақ шомылу, кір жуу, мал суаты, суды пайдаланудың басқа түрлеріне жол берілмейді.
      132. Сумен қамтамасыз ететін жер үсті көзінің СҚА бірінші  белдеуінің аумағында осы санитариялық ереженің 31, 35 және 36-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар жүргізіле алады.
      133. СҚА айдынының шегінде құм, қиыршық тас пен тереңдету жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
      134. Сумен қамтамасыз ететін жерүсті су көздерінің СҚА шегінде осы Ереженің 133-тармағының 3-тармақшасына сәйкес іс-шаралар орындалады. Сондай-ақ мыналарға:
      1) негізгі пайдалану мен қайта жаңартылған ормандардағы ағаш кесу, сондай-ақ тамырланған сүрек пен ұзақ мерзімді пайдаланатын кеспе ағаш қорын ағаш дайындау ұйымдарына беру. Тек күтім жасайтын және санитариялық ағаш кесуге;
      2) Қотандарды орналастыру, мал жаю, жағалауға жақын 500 м-ден кем емес сумен қамтамасыз ететін көздің су сапасының нашарлауына немесе көлемінің азаюына әкелетін суқойма мен жер телімдерін басқа мақсаттарда пайдалануға;
      3) өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, қалалық және нөсерлік ағынды суларды жіберуге жол берілмейді.
      135. Сутартқыштардың санитариялық-қорғаныш жолағының шегінде жер қыртысы мен грунттық суларды ластайтын нысандар (дәретханалар, қоқыс төгетін орлар, қи қоймалары, қоқыс қабылдағыштар және басқалар) болмауы тиіс.

15. СҚА мен санитариялық-қорғаныш жолақтарын
Белгілеуі

      136. СҚА белдеулерінің шекараларын белгілеу:
      1) сумен жабдықтау көзінің түріне (жерүсті немесе жерасты);
      2) ластану сипаттамасына (химиялық, ағзалық);
      3) үстіңгі қабатты ластанудан қорғау деңгейлеріне (жер асты көзі үшін);
      4) гидрогеологиялық және гидрологиялық жағдайларға байланысты болады.
      137. СҚА екінші және үшінші белдеулерінің көлемін белгілегенде, мыналар ескерілуі тиіс:
      1) 2-ші белдеу үшін - микроағзалардың тіршілік етуге бейімділік уақыты;
      2) 3-ші белдеу үшін – судағы химиялық құрамды тұрақты алғанда ластанудың таралу ұзақтығы;
      138. СҚА белдеуінің көлемін анықтағанда, микроағзалардың таралу мүмкіндігін шектейтін (абсорбция, су температурасы және басқалары) факторлар, химиялық ластанулардың трансформацияға бейімділігі мен олардың қойырлығының сумен жабдықтау көздерінде жүретін заңдылығы толық зерттелген жағдайында химиялық-физикалық процестердің (сорбция, шөгіндінің пайда болуы) әсерінен азаюы есепке алынады.
      139. Сумен қамтамасыз ететін жер асты көзінің СҚА екінші белдеуінің шекаралары екінші белдеу шегіндегі су қабатында болатын микроағзалық ластану сужинауға жетпейтін шартпен белгіленуі тиіс.
      140. Химиялық ластанудан қорғауға арналған СҚА үшінші  белдеуінің шекарасы гидродинамикалық есептеулермен тиіс.
      141. Сумен қамтамасыз ететін жер асты және жер үсті көзінің СҚА анықтау үшін, белгіленген тәртіппен су нысанының (ашық және жер асты) жағдайын, шаруашылық-ауыз су мақсатында пайдалануға жарамдылығын бағалау керек.
      142. Сумен қамтамасыз ететін жер асты көзінің СҚА анықтау үшін мынадай мәліметтер болуы тиіс:
      1) су көзінің су сапасы;
      2) су көзінің орналасқан территориясының жалпы гидрогеологиялық сипаттамасы; таңдалған су қабат (артезиандық – арынды, грунттық – арынсыз) түрі бойынша мәліметтер, оның шатырының тереңдігі, күштілігі, сусыйымдылық жынысы; сулы қат-қабаттың қоректену және босатылу жағдайлары мен орны, су молдылығы (қордың іске қосылатын); сулы қат-қабаттың сумен жабдықтау және басқа мақсатта қолданылуы және келешекте пайдаланылуы;
      3) Ауданның (кен орнының) гидрогеологиялық жағдайлары туралы жалпы мәліметтер, Сумен жабдықтау үшін ұсынылатын қабаттың қоректену жағдайлары, сужинау территориясының топографиялық, жер қыртысы және санитариялық сипаттамасы, іске қосылатын су қабатының сипаттамасы (литологиялық құрамы, қуаты, бөгеу сипаттамасы) су алуды есептеудегі судың динамикалық деңгейі);
      4) Қабаттардың, бөгелетін қабаттардың өткізгіштік деңгейі, қоректену зонасының су сапасына әсер ету мүмкіндігі мәліметтері;
      5) сужинауға іргелес орналасқан елді мекеннің санитариялық сипаттамасы; сужинаудан бастап ықтимал ластану көздеріне: жұмыс істемейтін ұңғымаларға, сіңіргіш шұңқырларға, ойылып түскен жерлерге, құдықтарға, ескі тау-кен орындарына, жинауыштарға дейінгі орналасу мен арақашықтық.
      143. Сумен қамтамасыз ететін жер үсті көзінің СҚА анықтау үшін, келесідегідей мәліметтер болуы тиіс:
      1) су көзінің су сапасы;
      2) гидрологиялық мәліметтер: сужинаудың қоректену бассейнінің көлемі, үстіңгі қабаттағы ағынды режимі, максимальды, ең төменгі және орташа шығындар, сужинау орнындағы судың жылдамдығы мен деңгейі, мұзқұрсау мен ашудың орташа мерзімдері, көздегі күтілетін шығын, көтерілу-қайту ағыстарының сипаттамасы мәліметтері;
      3) бассейннің сужинау тұсында су сапасына әсер ететін бөлігіндегі жалпы санитариялық сипаттама: басейннің геологиялық сипаттамасы, жер қыртысы, ормандардың, жыртылатын жерлердің, елді мекендердің бар болуы, өндірістік кәсіпорындар (олардың саны, мөлшерлері, орналасуы, өндіріс сипаттамасы);
      4) су көзінің су сапасының нашарлауына әсер ететін немесе әсер ете алатын себептер, су көзінің орналасуы ауданындағы қатты және сұйық қалдықтарды жою тәсілдері мен орындары; суқойманы ластайтын тұрмыстық, өндірістік ағындылардың бар болуы, жіберілетін ағынды сулардың көлемі, оларды тазарту қондырғылары мен орналасқан жерлері; ағындыларды жіберу орнынан бастап сужинауға дейінгі арақашықтық, су көзінің ластануына әсер ететін басқа себептер (кеме қатынасы, ағаш ағызу, суат, қыста мұзға тастау, шомылу, су спорты, мелиоративтік жұмыстар, ауыл шаруашылығында тыңайтқыштар мен улы химикаттарды пайдалану);
      5) суқойманың өздігінен тазару қасиетінің симаттамасы,
      6) айдын мен суқойма көлемі, пайдалы және «өлі» көлем;
      7) суқоймадағы су пайдалану мен өңдеу режимі;
      8) суқойма жоспары, оның максимальды және ең төменгі тереңдігі, тереңдік, жағалаулар, тереңдік шөгінділердің сипаттамасы, көктенудің, шөп басудың, лайланудың бар болуы;
      9) күшті желдер мен ағыстардың бағыты;
      10) су нысанының қозғалысының жылдамдығы;
      11) СҚА жекелеген белдеулері бойынша шекараларын анықтау;
      12) көздің суын өңдеу қажеттілігі туралы мәліметтер (залалсыздандыру, мөлдірлеу, темірсіздендіру және басқалар);
      13) бірдей қоректену аумағы бар аралас сужинаулар туралы мәліметтер (орналасуы, өнімділігі, су сапасы);
      144. СҚА жобасына мәтіндік бөлім, картографиялық материал мен жер пайдаланушылармен орындалу мерзімдері мен орындаушылар бойынша келісілген іс-шаралар тізімімен бірге жергілікті басқару органдарының шешім жобасы кіреді.
      145. Жобаның мәтіндік бөлімі мыналардан тұрады:
      1) су көздерінің санитариялыққ жағдайының сипаттамасы, осы санитариялық ережелермен ескерілген көлемдегі су сапасын сараптау нәтижелері;
      2) сумен жабдықтау көзі бойынша – гидрологиялық мәліметтер (негізгі параметрлер мен олардың уақыт динамикасы) немесе жер асты көзі бойынша - гидрогеологиялық мәліметтер;
      3) жерасты көзі мен жерүсті суқоймасы арасында гидравликалық байланыс бар жайғдайда өзара байланысты сипаттайтын мәліметтер;
      4) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздері орналасқан аудандағы болашақ құрылыстар, соның ішінде тұрғын үйлер, өндіріс пен ауылшаруашылық нысандар туралы мәліметтер;
      5) сәйкес негіздемемен бірінші, екінші, үшінші СҚА  белдеулерінің шекараларын анықтау және орындау мерзімдері және қаржыландыру көздерімен бірге жауапты орындаушылар көрсетілген іс-шаралар тізімі;
      6) барлық белдеулердің санитариялық аймағына кіретін аумақтарды шаруашылық мақсатта пайдалану ережелері мен тәртібі;
      146. Жобаның картографиялық материалы мына көлемде ұсынылады:
      1) СҚА екінші және үшінші белдеулерінің жобалаумен және сужинау орындары мен суқұбыр құрылыстарының алаңдарын, сумен жабдықтау көзі мен оның қоректену бассейнін түсірумен бірге жасалған ситуациялық жоспар;
      2) сужинаудың қоректену көлемінің шегіндегі – сумен жабдықтау көзінде ерекшелік бағыттар бойынша гидрологиялық кескіндер;
      3) СҚА бірінші белдеулерінің масштабы 1:500 – 1: 1000;
      4) СҚА екінші және үшінші белдеулерінінің масштабы сумен жабдықтау жер асты көздері үшін 1:10000 - 1:25000, берілген аумақта орналасқан барлық нысандарды түсіргенде жер үсті су көзі үшін – 1:25000-1:50000.

16. Шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану объектілерінің су сапасына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      147. Пайдалану мақсатына байланысты суқоймалар екі санатқа бөлінеді. Бірінші санатқа орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз су сумен жабдықтау көзі ретінде пайдаланатын суқоймалар жатады. Екінші санатқа мәдени-тұрмыстық, рекреация, спорт мақсатында пайдаланылатын, сондай-ақ, елді мекендердің шегінде орналасқан суқоймалар жатады.
       148. Мүмкін болатын ластану көздеріне жақын бірінші және екінші санаттағы су пайдалану орындары су нысандарын шаруашылық мақсатта және ауыз сумен жабдықтау және мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалану мүмкіндіктерінің ресми мәліметтерін есепке ала отырып мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің органдарымен белгіленеді.
      149. Су объектілерінің құрамы мен қасиеттері ағыс бойынша жақын су пайдалану пунктерінен бір километр жоғары орналасқан тұстамадағы талаптарға (шаруашылық мақсатта және ауыз сумен жабдықтау сужинауы, шомылу, ұйымдасқан демалу орындары, елді мекендер территориялары) сәйкес болуы, ал ағынсыз суқоймаларда су пайдалану пунктінің екі жағынан бір километр болуы тиіс.
      150. 1-ші және 2-ші санаттағы суқойма суының құрамы мен қасиеттері осы Ережеге 3-қосымшадағы нормативтерге сәйкес болуы тиіс.
       151. Су объектілеріне қауіптіліктің 1 және 2-тобына жататын бірдей шектеулі зияндылығы бар бірнеше заттар түскенде және жоғары орналасқан объектілерден түскен қоспаларды есепке ала отырып, су объектісіндегі әрбір зат шоғырлануларының (С1, С2,...Сn ) ЖБШК-ның сәйкестіктеріне қатынастарының сомасы мынадай бірліктерден аспауы тиіс:

С1 + С2  +…+ Сn  Ә1.
ПДК1 ПДК2    ПДКn

17. Әртүрлі шаруашылық қызмет барысында суды қорғауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

       152. Су объектілеріне мыналарды жіберуге тыйым салынады:
       1) ЖБШК немесе болжамды жол берілген деңгейлер белгіленбеген заттардан немесе өнімдерден, судағы заттардың трансформацияларынан тұратын ағынды сулар. Сондай-ақ сараптамалық бақылау тәсілдері қолданылмайтын заттар;
      2) ағындысыз өндірістер ұйымдастыру, тиімді технологияны, өнеркәсіпте айналмалы және қайталанатын сумен жабдықтау жүйелерінде және қалалық шаруашылықта тазарту мен залалсыздандырудан кейін максимальды пайдаланылатын және ауылшарушылығында суару үшін пайдалану арқылы ағынды суларды жою;
      3) залалсыздандырылмаған, тазартылмаған немесе жеткілікті тазартылмаған, шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулар және өнеркәсіптік алаңдардың аумақтары мен елді мекендердің үстіңгі қабатты ағындысы;
      4) инфекциялық аурулардың қоздырғыштары бар ағынды сулар. Эпидемия тұрғысынан қауіпті ағынды сулар су объектілеріне тек сәйкестендірілген тазарту мен коли-индексі 1000-нан кем емес және коли-фага индексі 1000-нан кем емес текше дециметрлі түймешек құраушы бірліктерге дейін (бұдан әрі - ТҚБ) (бұдан әрі – дм3) залалсыздандырудан кейін;
      5) тіндерді, қойыртылған текшелік қалдықтарды, тоспа суларды залалсыздандыру нәтижесінде пайда болған, радионуклеидтері бар шөгінділерді және басқа да технологиялық және тұрмыстық қалдықтар;
      6) мұнай және өнім құбырларынан ағу, мұнай кәсіпшілігінің ысырап болуы, қоқыстың, тазартылмаған ағынды, тақтатас асты, қорыс суларының төгілуі және су көлігінің жүзетін құралдарынан басқа да заттардың ағуы;
      7) ағаштың, кеме тарту күшінсіз түйінділердегі және қаптардағы ағаш материалын тізбектеп ағуы;
       8) су және шипалық балшықпен емдеу үшін пайдаланылатын суқоймаларға ағатын ағынды сулар;
      9) тазарту қондырғыларынан шығатын шайынды сулар.
      152. Құрылыс, тереңдету және жару жұмыстарын жүргізу, пайдалы қазбаларды өндіру, кабельдерді, құбырларды және басқа коммуникацияларды жүргізгенде, ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізу және су нысандарындағы және (немесе) су қорғау аймақтарындағы гидротехникалық құрылыс жұмыстарын қосқанда, басқа жұмыстарды жүргізу кезінде, судың үстіңгі қабатының ластануына жол берілмейді.
      153. Суқоймалардың үстіңгі қабатының қолайлы су тәртібін сақтау мақсатында, оның лайлануы мен тұнбалануы, топырақ қабаттарының су эрозиясының, су жануарлары мен құстарының тіршілік ету жағдайларының нашарлауының, ағынды су тербелістерінің азаюының алдын алу үшін, су қорғау аймақтары мен жолақтары белгіленеді.

18. Ағынды суларды су объектілеріне жіберу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      154. Ағынды суларды жерүсті су объектілеріне шығару жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мыналарға қойылады:
      1) меншік нысанына қарамастан өндірістік, ауылшаруашылық, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың, коммуналдық, емдеу-профилактикалық, көлік нысандарынан шығарылатын ағынды сулардың барлық түрі, елді мекендер мен өндірістік нысандар, өнеркәсіптік ұйымдар, шахта және рудалық сулардан, су салқындату жүйелерінен, гидрокүл шығарулардан, мұнай өндірісінен, гидроашу жұмыстарынан, суарылатын және құрғатылатын, соның ішінде улы химикаттармен өңделетін ауылшаруашылық территориялардан келетін ағынды және дренажды сулардан шығарылатын үстіңгі қабатты ағындылар;
      2) өндірістік технологияны өзгерту мақсатында құрылысы жаңадан жүргізіліп жатқан, қайта қалпына келтірілген және құрылысы кеңейтілген ұйымдардың, ғимараттар мен құрылыстардың жобаланған ағындылары, жергілікті мекендер және жеке тұрған нысандардың канализациясынан шығарылатын жобаланған ағындылар.
      155. Елді мекендер орналасқан шегінде ағынды суларды жіберуге рұқсат етілмейді.
      156. Ағынды суларды жіберу орны елді мекеннің шекарасынан және желбөгеттер кезінде кері ағу мүмкіндігін есепке ала отырып, халықтың су пайдаланатын орындарынан төмен өзен ағысы арқылы орналасады. Тұнбалы және ағуы баяу суқоймаларға (өзендер, суқоймалар) ағынды суларды жіберу орны халықтың су пайдалану жағдайларына ол суларды жіберудің кері әсер етпеу мақсатымен санитариялық, метеорологиялық және гидрологиялық (ауыспалы режимде жұмыс істейтін гидроэлектростанциялардың режимі кенеттен өзгергенде кері ағу мүмкіндігін қосқанда) жағдайларын есепке ала отырып белгіленеді.
      157. Елді мекендер шегіндегі су объектілеріне су сағалары арқылы ағынды суларды жіберу тек ерекше жағдайларда ғана техникалық-экономикалық негізде жүзеге асырылады.
      158. Су объектілеріне ағынды суларды жіберу шарттары мыналарды есепке алады:
      1) ағынды суларды жіберу орнынан бастап халықтың суды шаруашылық, ауыз су, мәдени және тұрмыстық мақсатта пайдалану жақын пунктерінің есептік (бақылаулық) тұстамаларына дейінгі жер теліміндегі су нысанының ағынды сулармен қосылу және араласу мүмкіндігінің деңгейлері;
      2) екі жылдық талдау бойынша ағынды суларды жіберу орнынан жоғары су объектісінің фондық су сапасы. Қарастырылатын және жақын су пайдаланатын пункт арасындағы басқа (бар және (жобадағы) ағынды сулардың көрсетілген тармақтарында фондық су сапасы ретінде ағынды сулардың көрсетілген тармақтарын есепке ала отырып су нысанының ластану деңгейі қолданылады;
      3) су пайдалану түріне қолданылатын су нысанының су сапасының нормативтері, осы санитариялық ережелер мен мөлшерлер.
      159. Белгіленген нормативтер жоқ жағдайда су пайдаланушылар ЖБШК немесе судағы ЖББД белгілеу бойынша қажетті зерттеулер жүргізуді, сондай-ақ оларды ЖБШК деңгейінде анықтау тәсілдерін қамтамасыз етулері тиіс.
      160. Су объектісінің су пайдалану есептік (бақылаулық) тұстамасында ағынды сулардың араласу жиілігін анықтағанда судың орташа сағаттық шығыны мен ағынды сулардың іс жүзінде жіберу бойынша есептеулер жүргізіледі.
      Есептік гидрологиялық жағдайлар болып мыналар есептеледі: реттелмеген су ағыстары үшін – гидрометео қызмет органдарының мәліметтері бойынша жылдың ең төменгі орташа тәуліктік су шығыны 95 % - тік қамтамасыздық; реттелген су ағыстары үшін – төменгі бьефтегі кері ағыс мүмкіндігін міндетті есепке алмағанда бөгеттен төмен белгіленген шығын; өзендер, және басқа баяу ағатын су қоймалар үшін жел әсері, ашық және мұзасты режиміндегі тайыздануы мен толуы жағдайлары үшін есептер салыстыру арқылы анықталатын қолайлы режим.
      161. Ерекше су аз болған жылдары ең аз орташа тәуліктік су шығыны 95 % - тік қамтамасыздықтан кем жағдайда тазартылған ағынды суларды жіберу санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде анықталады.
      162. Әр ағынды суларды шығару және әр ластайтын зат есептері негізінде су нысандарындағы ШЖБҚ нормалары анықталады. Оларды сақтау осы санитариялық ережелердің талаптарына сәйкес су объектісіндегі есептік (бақылау) тұстамасындағы судың осы санитариялық ереженің талаптарына нормативтік сапасын қамтамасыз етуі тиіс.
      163. Су объектілеріне ағынды суларды жіберуді келісу мыналар арқылы жүзеге асуы тиіс:
      1) су жағдайына әсер ететін ұйымдардың, ғимараттардың, қондырғылардың және басқа нысандардың құрылысына арналған алаңдарды таңдау, қайта салу (кеңейту) мәселесін қарастыру, ұйымның техникалық қайта жабдықталуы немесе өндіріс технологиясының өзгеруі;
      2) ағынды суларды канализациялау, тазарту, залалсыздандыру және қайта салынатын (кеңейтілетін) нысандардың жобаларын қарастыру;
      3) Арнайы су пайдалану материалдарын және жұмыс істейтін нысандардың ШЖБҚ жобаларын қарастыру.

19. Жерүсті суының жағдайына әсер ететін ұйымдарды, ғимараттарды және құрылыстарды орналастыруға, жобалауға, салу,  реконстукциялауға (қайта жабдықтауға) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      164. Жаңа және реконстукцияланатын және жұмыс істейтін объектілерді орналастыру, жобалау, салу, іске қосу, техникалық қайта жабдықтауда аз қалдықты және қалдықсыз технология, қайта және айналымды сумен жабдықтау, сондай-ақ ағынды сулар мен өндірістік қалдықтарды тазарту, залалсыздандыру, ағындысыз және қалдықсыз өндірістер ашу негізінде суқоймалар мен су ағыстарындағы ластайтын заттардың ШЖБК сақтау қамтамасыз етіледі. Үстіңгі қабаттағы және жер асты суларының ластануының алдын алатын қондырғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және қайта салынатын нысандарды іске қосуға жол берілмейді.
      165. Техникалық-экономикалық дәлелдемелерді және есептерді жасау кезінде ағынды суларды жіберуді және жоспарланатын су қорғау іс-шараларын бағалау құрылысқа арналған алаңды (трассаны) таңдау сатысында жүзеге асады.
      166. Толық аяқталмаған, келісілген жобадан немесе судың нормативтік сапасын қамтамасыз етпейтін іске қосу кешенінің құрамынан ауытқушылықтары бар, сондай-ақ олардағы қондырғылар мен механизмдер жұмысын сынау мен тексерусіз нысандарды іске қосуға рұқсат етілмейді.
      167. Су пайдаланушылар санитариялық-эпидемиялогиялық қызмет органымен келісілген тазарту қондырғыларының үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ететін және технологиялық, санитариялық-техникалық, ұйымдастырушылық-шаруашылық және су объектілерінің су сапасының гигиеналық нормативтерін сақтау іс-шараларын жүргізеді.
      168. Ағынды сулардың көлемін ұлғайтатын және (немесе) ағынды суларды тазартатын қондырғылардың өнімділігін бір уақытта көбейтпеген кезде зиянды заттарды жинайтын технологиялық агрегаттардың өнімділігін арттыруға жол берілмейді.
      169. Су пайдаланушылар тазарту қондырғыларының жұмысына, ағынды суларды шығаратын жерден және халықтың су пайдаланатын жақын жердегі пункттерінен жоғары орналасқан суқойманың немесе су ағысының су сапасына жүйелі зертханалық бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді.
      170. Апат тудыратын нысандар мен қондырғыларда (мұнай және өнім құбырлары, қоймалары, ағынды суларды жинақтаушылар, канализациялық коллекторлар мен тазарту қондырғылары, кемелер мен басқа жүзу құралдары, мұнай ұңғымалары, бұрғылау платформалары, жүзу құралдарына май құю пункттері) мынадай мәліметтер бар апатты жою жоспарлары жасалынуы тиіс:
      1) қызығушылығы бар қызметтер мен ұйымдарға хабарлау нұсқаулары;
      2) ластанудан арнайы қорғалатын қондырғылар мен аумақтар (су жинағыштар мен жағажайлар);
      3) апаттық жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер тәртібі;
      4) талап етілетін техникалық құралдар мен залалсыздандыратын реагенттердің апаттық қоры;
      5) ластайтын заттарды жинау мен жою және аумақты залалсыздандыру тәсілі;
      6) су нысанының апаттық ластануы жағдайындағы су пайдалану тәртібі.
      171. Бақылау пунктіндегі су объектісінің су сапасының көрсеткіштерінің нашарлауы жағдайында, сондай-ақ апаттық жағдайлар пайда болғанда су пайдаланушылар бұл туралы мемлекеттік санитариялық-эпидемиялогиялық қызмет органына хабарлауы тиіс.
      172. Су объектісінің апаттық ластануы жағдайларында шаруашылық-ауыз су су құбырларының иелері санитариялық-эпидемиялогиялық қызметтің мемлекеттік органдарымен келісілген іс-шаралар жоспарларын жасайды.

20. «Ауыз судың радиациялық қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

      173. Ауыз су құрамында сәулененудің әсерлі мөлшері 0,1 миллиЗиверт/жылдан (бұдан әрі-мЗ/жылдан) кем емес табиғи және жасанды радионуклидтер болған кезде радиоактивтіліктің төмендуі жүргізілмейді. Су құрамында тәулігіне стандартты 2 кг су пайдаланғанда араласу деңгейінен төмен жеке радионуклидтер болған кезде көрсетілген мөлшер асырылмайды. Суда бірнеше радионуклидтер біріккен кезде халықтың сәулелену мөлшері 0,1 мЗ/жылдан кем болмауы тиіс.
      174. Ауыз суды радиациялық-гигиеналық бағалауға келесі негізгі сатылар кіруі тиіс:
      1) Радионуклидтердің үлестік сомалы aльфа- және бета-белсенділігін анықтау, жер асты және үстіңгі қабатты су көздері үшін радонды анықтау;
      2) Ауыз судағы радионуклидтердің үлестік белсенділігін анықтау;
      3) халықтың және/немесе халықтың критикалық топтарының сәуленену мөлшерлерін бағалауды қосқанда радиациялық қауіпсіздік критериялары бойынша гигиеналық бағалау;
      Ауыз судағы табиғи радионуклидтер араласу деңгейлерінен 10 есе асса, ол суды пайдалануға рұқсат етілмейді.
      175. Ауыз суды өндірістік радиациялық бақылау халықты сумен қамтамасыз ететін ұйымдар арқылы жүргізілуі тиіс. Судағы радионуклидтердің тізімі, сондай-ақ бақылау тәртібі сумен қамтамасыз ететін көздің түрін, мүмкін болатын ластану көздерін, судағы іс жүзіндегі радионуклидтерді және олардың маусымдық өзгерулерін есепке ала отырып белгіленеді. Өндірістік радиациялық бақылау көлемі табиғи радионуклидтердің көбеюіне байланысты ұлғаяды.
      Өндірістік радиациялық бақылау жүргізгенде ауыз су пайдалану кезінде халықты сәулелендірудің сомалы үлесі 80 % немесе одан жоғары радионуклидтерді ғана анықтауға жол беріледі.
      176. Артезианды көздерден су алатын сумен қамтамасыз ететін станцияларда радиациялық бақылау сүзгі-тазартқыштар, тұндырғылар, гамма-сәулелену күштілігінің мөлшері бойынша аэраторлар орындарында, сондай-ақ радон изотоптары және олардың ауадағы еншілес өнімдері бар жұмыс орындарында жүргізіледі.
      177. Радиациялық бақылау (бұдан әрі - бақылау) су бөлетін торапқа жіберу алдында су жинағыш орындарында және суқұбырлық торапқа жіберудің алдында жүргізілуі тиіс.
      178. Радиациямен ластанған аумақтарда ластану ерекшелігін есепке алып бақыланатын радионуклидтер тізімі жасалуы тиіс.
      179. Радионуклидтердің үлестік активтілігі тоқсанына 1 рет анықталуы тиіс.
      180. Бақылау тәртібіне мыналарды қамтуы тиіс:
      1) есептік үлгілердің дайындалуы;
      2) жалпы a-белсенділігін және b-белсенділігін өлшеу;
      3) радионуклидтердің ұқсастығы мен олардың жеке қойырлықтарын өлшеу;
      4) өлшеу мен зерттеулер қателіктерінің нәтижелерін есептеу;
      5) ауыз суды радиациялық қауіпсіздік критериялары бойынша бағалау;
      181. Бақылау кезінде мыналар жүргізілуі тиіс:
      1) судың сынамасының жалпы a-белсенділігін және b-белсенділігін радон-22 (ары қарай – 222 Rn) қысқа мерзімді тіршілік ететін өнімдермен (полоний-218, қорғасын-214, висмут-214, полоний-214) бірігуін есепке алмай анықтау;
      2) Суда кездесу мүмкіндігінде жеңіл ұшатын радионуклидтердің (йод-131, 222Rn) үлестік белсенділігін анықтау;
      3) жеке мөлшерленетін радионуклидтерді анықтағанда осы радионуклид үшін судың араласу деңгейінен (ары қарай – СДсу) 0,1 аспайтын Амин анықталуы тиіс.
      182. Зерттеулер жүргізгенде радионуклидтерді концентрациялаудың бірыңғай тәсілі (булау) және калий сульфаты («Бета» стандарты) мен гомогенді бөлінген плутоний-239 (ары қарай – 239Pu) кальций сульфатын («Альфа» стандарты) салыстырудың бірыңғай стандарттары қолданылуы тиіс.
      183. Сомалы альфа белсенділігін және бета белсенділігін өлшеудің радиометриялық шарттары келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
      1) белгіленген стандарттар үшін ең төменгі өлшенетін Амин (еa) альфа-белсенділік белгіленген стандарттар үшін 0, 01 Беккерельден (ары қарай Бк) жоғары болмауы тиіс;
      2) белгіленген стандарттар үшін ең төменгі өлшенетін Амин (еb) бета белсенділік белгіленген стандарттар үшін 0, 2 Бк-ден жоғары болмауы тиіс;
      3) альфа-белсенділік пен бета-белсенділіктің көрсеткіштерін салыстырғанда олардың айырмасы 0, 2 Бк-ден жоғары болмауы тиіс.
      184. Бақылау кезінде радионуклидтерді тікелей өлшеудің селективті (таңдамалы) тәсілдері, сондай-ақ ҚР ДСМ-і бекіткен жанама және есептік тәсілдері қолданылуы тиіс.
      185. Сенімді мүмкіндігі 95 % (ары қарай - Р = 0, 95) болғанда үлестік белсенділік пен өлшеу кінәраты ауыз су қауіпсіздігінің критериялары болып табылады.
      Абсолютті қателікті кездейсоқ (статистикалық) дельта -DS және жүйелі (тұрақты) дельта - D0 құрайды.
      Өлшеудің жалпы қателігі төмендегідей анықталады:
      
      Жүйелі қателік – D0 төмендегідей қосындылау принципіне байланысты анықталуы тиіс:
      
      D1 - тексеріс куәлігінде көрсетілген өлшеу құралдарының аттестатталған метрологиялық сипаттамаларының қателігі, D2 - есептік үлгі дайындауының әдістемелік қателігі. Көрсету әдістемесінде соңғы қателік болмағанда, ол 0, 10-ға (10 %) теңеледі.
      186. Радиациялық қауіпсіздік критерияларына сәйкестікті алдын- ала бағалау үшін үлестік жалпы a-белсенділігі мен b-белсенділігі SDӘнің көрсеткіштері мен оларды анықтаудың абсолютті қателері пайдаланылады.
      187. Сумен қамтамасыз ететін жер асты көздерінің ауыз суы үшін жалпы a-белсенділігі мен Я-белсенділігінің өлшемдерімен бір уақытта үлесті белсенділігі (DRn) және оны анықтаудың абсолютті қателігі бойынша - радон DRn анықталуы тиіс.
      188. a-белсенділігі мен b-белсенділігінің біреуінің немесе екеуінің көрсеткіші артқанда радионуклидті сараптау жасалуы тиіс.
      Толық радионуклидтік сараптама жасағанда мына критерия бойынша радионуклидтердің жалпы белсенділігі мен активтіліктері санының сәйкестігін бағалауды есептеу қажет:
      Da - еКі Аі Ә 0.2
      Da - a-белсенділік;
      Аі – судағы 1 радионуклидтің өлшенген үлестік белсенділігі;
      Кі  салыстыру стандартының энергетикалық спектрлерінің және нақты сынаманың сәйкес келмейтіндігін сипаттайтын коэффициенттер (15-ші қосымша 2-ші кесте);
      0, 2 – су сынамасында басқа да альфа – сәулеленуші нуклидтердің СДсу мәнінің 5 %-нен аспайтын деңгейде болатынын есепке алатын эмпирикалық коэффициент, оны анықтау талдау үдерісінде орындалмаған жағдайда (мысалы, 232Th, 230Th, 228Th, оның ыдырауындағы қысқа мерзімді өмір сүретін өнімдері 239+240Pu, 238Pu, 24Am болуы мүмкін).
      Егер (4) критерий шарты орындалса, одан кейінгі өлшеулер талап етілмейді.
      189. Су критерийге сәйкес келеді деп танылады, егер:

      Аa - 222Rn-ды қосқанда судағы 1 радионуклидтің өлшенген меншікті белсенділігі;
      СДі – ҚР территориясында қолданылатын нормативтерге сәйкес араласушылықтың тиісті деңгейі (СДсу);
      Аі - 1 радионуклидтің үлестік белсенділігін өлшеудегі абсолютті кінәраттылық.
      190. Критерий Ә 1 болған кезде су көзі үшін жергілікті жалпы бақылау деңгейлері және (немесе) мөлшері жылына 0, 1 микрозиверттен көп болмайтын деңгейіне кепілдік беретін b-белсенділік (ары қарай – мЗв/жыл) белгіленуі тиіс.
      191. Басқа критерий кезінде суға радионуклидтердің жыл бойы келіп түсуін анықтау бойынша зерттеулер жалғастырылуы тиіс:
      1) жерасты көздерінің суы әрбір маусымда алына отырылып, жылына 4 реттен кем емес; жер бетіндегі көздер – ай сайын, жылына 12 реттен кем емес зерттеледі;
      2) әр түрлі су тоспаларының суы араласқанда немесе суды өңдеу кезінде суқұбырлық торапқа жіберудің алдында жүргізіледі. Газ тәріздес немесе жартылай ыдырауының кезеңі аз радионуклидтерді (мысалы -222Rn) бақылау суқұбырлық торапқа жіберудің алдында жүргізіледі.
      192. Суда радионуклеидтердің араласу деңгейлерінен асып кететін мөлшерінің тұрақты болуы анықталған кезде ауыз сумен жабдықтау көзін одан әрі пайдалану туралы шешім қабылдануы тиіс.
      193. Ауыз суда тиімділік мөлшерін 0,1 мЗв/жылдан аз қалыптастыратын табиғи және жасанды радионуклидтер болған кезде оның радиоактивтилігін кемітетін іс-шаралар жүргізілмейді. Суда бірнеше радионуклидтер кездескен жағдайда радионуклид белсенділігінің қосындысы оның араласу деңгейіне байланысты е(Аі/СД1)Ә 1 болуы тиіс.
      194. Егер жалпы a-белсенділік пен жалпы b-белсенділіктің шамалары нормативтен төмен болғанда су ластанбаған болып есептеледі. Осы көрсеткіштер артқанда судың толық радионуклидті талдауы жүргізілуі тиіс.

«Су көздеріне, шаруашылық-ауызсумен   
жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық      
су пайдалану орындарына және       
су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» 
санитариялық-эпидемиологиялық ережесіне 
1-қосымша                 

Ауыз су сапасының микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Нормативтер

Жалпы микробтық сан2)

1 мл бактериялардың ортасында пайда болатын сан

кем дегенде 50

Жалпы колиформды бактериялар2)



жоқтығы

Термотолерантты коли-формды бактериялар



-

Колифагтар3)


-


20 мл

-

Лямблиялардың цисталары

50л-гі цисттердің саны

-

      1) термотолерантты колиформды бактерияларды анықтау кезінде 100  мл таңдап алынған су сынамасы бойынша үш мәрте зерттеу жүргізіледі;
      2) жалпы колиформды бактериялар бойынша нормативтің артуы сынамада 95%, 12 айдың ішінде су жүргізетін желілердің сыртқы және ішкі суды бөлетін орындарынан алынатын, бір жылда зерттелген сынамалар саны кезінде кем дегенде 100 рұқсат етілмейді;
      3) колифагтар және лямблияның цистарын анықтау бөліп тұратын желіге суды берер алдында көздердің үстінен тек сумен жабдықтау жүйелерінде өткізіледі.
      4) сульфитредуцирлегіш клостридийдің спорын анықтау суды өңдеу технологиясының тиімділік бағасы кезінде өткізіледі.

«Су көздеріне, шаруашылық-ауызсумен   
жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық      
су пайдалану орындарына және      
су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» 
санитариялық-эпидемиологиялық ережесіне 
2-қосымша               

Химиялық заттардың талдап қорытқыш көрсеткіштері

1-кесте

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Нормативтер (ЖБШК-жол берілген шекті концентрация) кем дегенде

Зияндылық көрсеткіштері

Қауіпсіздік класы

Талдап қорытқыш көрсеткіштер

Сутектік көрсеткіш

pH бірліктер

6-9 шегінде



Жалпы минералдау (құрғақ қалдық)

мг/л

1000 (1500)



Жалпы қаттылық

мг-экв./л

7,0 (10)



Перманганатты тотық

мг/л

5,0



Мұнай өнімдері, жинақ

мг/л

0,1




мг/л

0,5



Фенолды индекс

мг/л

0,25



Бейорганикалық заттар

Алюминий (А1 3+)

мг/л

0,5

с.-т.

2

Барий (Ва 2+)

мг/л

0,1

с.-т.

2

Бериллий (Ве 2+)

мг/л

0,0002

с.-т.

1

Бор (В, жиынтық)

мг/л

0,5

с.-т.

2

Темір (Fe, жиынтық)

мг/л

0,3 (1,0)

орг.

3

Кадмий (Сd, жиынтық)

мг/л

0,001

с.-т.

2

Марганец (Мn, жиынтық)

мг/л

0,1(0,5)

орг.

3

Мыс (Сu, жиынтық)

мг/л

1,0

орг.

3

Молибден (Мо, жиынтық)

мг/л

0,25

с.-т.

2

Күшән (Аs, жиынтық)

мг/л

0,05

с.-т.

2

Никель (Ni, жиынтық)

мг/л

0,1

с.-т.

3

Нитраттар (по NO.3)

мг/л

45

с.-т.

3

Сынап (Нg, жиынтық)

мг/л

0,0005

с.-т.

1

Қорғасын (Рb, жиынтық)

мг/л

0,03

с.-т.

2

Селей (Sе, жиынтық)

мг/л

0,01

с.-т.

2

Стронций (Sr 2+)

мг/л

7,0

с.-т.

2

Сульфаттар (SO4)

мг/л

500

Орг

4

Климатты аудандарға арналған фторидтер (F):









I және II

мг/л

1,5

с.-т.

2

III

мг/л

1,2

с.-т.

2

Хлоридтер (СL-)

мг/л

350

орг.

4

Хром (Сг 6+)

мг/л

0,05

с.-т.

3

Цианидтер (СN~)

мг/л

0,035

с.-т.

2

Цинк (Zn 2+)

мг/л

5,0

орг.

3

Органикалық заттар









g-ГХЦГ (линдан)

мг/л

0,002

с.-т.

1

ДДТ (өлшем соммасы)

мг/л

0,002

с.-т.

2

2,4-Д

мг/л

0,003

с.-т.

2

      1) норматив бойынша орнатылған заттардың лимиттік зияндылық белгілері: с.-т-санитариялық-уытты, орг.-органолептикалық;
      2) жақша ішінде көрсетілген көлемі, елді - мекенде санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың бағасы негізінде сумен жабдықтаудың нақты жүйесі үшін аумаққа сәйкес бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы және қолданыстағы су дайындау технологиясы бойынша орнатылуы мүмкін;
      3) g-ГХЦГ (линдан) нормативтер, ДДТ (өлшеу соммасы), ДДҰ ұсыныстарымен сәйкес
      2,4-Д қабылданды.

Оларды өңдеу барысында суда пайда болатын химиялық заттар

2-кесте

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Нормативтер (ЖБШК-жол берілген шекті концентрация) кем дегенде

Зияндылық көрсеткіштері

Қауіпсіздік класы

Хлор:





қалдық бос

мг/л

0,3 – 0,5 шегінде

Орг.

3

қалдық бос

мг/л

0,8 - 1,2 шегінде

Орг.

3

Хлороформ (суды хлорлау кезінде)

мг/л

0,2

С.-т.

2

қалдық озон

мг/л

0,3

Орг.


Формальдегид (суды озондау кезінде)

мг/л

0,05

С.-т.

2

Полиакриламид

мг/л

2,0

С.-т.

2

Белсендірілген крем-қышқылы (Si бойынша)

мг/л

10

С.-т.

2

Полифосфаттар (РО4 ~ бойынша)

мг/л

3,5

Орг.

3

Алюминийдің қалдық саны және коагулянт құрамды темір

мг/л

Көрсеткіштер құрамы "Алюминий", "Темір" 1 кесте бойынша.



      1) бос хлормен суды зарарсыздандыру кезіндегі сумен жанасу уақыты кем дегенде 30 минутты, байлаулы хлормен кем дегенде 60 минутты құрауы керек. Бөліп тұратын желіге суды берер алдында қалдық хлор құрамына бақылау жүргізеді.
      Суда бір уақытта бос және байлаулы хлордың жоқтығы кезінде олардың жалпы концентрациясы 1,2 мг/л аспауы керек.
      Кейбір жағдайларда аймақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен сәйкес хлордың концентрациясы ауыз суда 1 мл/л дейін артуы мүмкін;
      2) ДДҰ ұсыныстарына сәйкес хлороформның нормативі қабылданды;
      3) Қалдық озонның құрамын бақылау араластыру камерасынан кейін  жанасу уақытын қамтамасыз ету кезінде кем дегенде 12 минут өткізіледі.

Ауыз судың органолептикалық көрсеткіш сапасы

3-кесте

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Нормативтер, кем дегенде

Иісі

баллдар

2

Жат иіс

баллдар

2

Түсі

градустар

20 (35)

Лайлылығы

ФЛБ (формазин бойынша лайлылық бірлігі ) немесе мг/л (каолин бойынша)

2,6 (3,5)
1,5 (2)

      1) жақша ішінде көрсетілген көлемі, елді-мекенде санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың бағасы негізінде сумен жабдықтаудың нақты жүйесі үшін аумаққа сәйкес Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы және қолданыстағы су дайындау технологиясы бойынша орнатылуы мүмкін;

Ауыз судың радиациялық қауіпсіздік көрсеткіштері

4-кесте

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Нормативтер

Зияндылық көрсеткіштері

Жалпы а-радиобелсенділік

Бк/л

0,1

Радиация

Жалпы b-радиобелсенділік

Бк/л

1,0

Радиация

«Су көздеріне, шаруашылық-ауызсумен
жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық    
су пайдалану орындарына және    
су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық-эпидемиологиялық     
ережесі мен нормаларына 3-қосымша  

Шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану пункттеріндегі су объектілерінің құрамы мен қасиеттеріне қойылатын гигиеналық талаптар

Су объектісі суының құрамы мен қасиеттерінің көрсеткіштері

Су пайдалану санаттары

Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған шаруашылық-ауызсумен жабдықтау (I санат)

Халық демалатын жердегі және елді-мекен аумағында орналасқан су қоймалары үшін (II санат)

Өлшенген заттар
(судағы өлшенген антропогендік заттардың: ағынды суларды тазалау кезінде пайда болатын гидроксид металлдың қауызының, асбест бөлшектерінің, әйнек талшықтарының, базальттың және басқалардың құрамы 177 және 205-тармақтарына сәйкес регламенттеледі.

Өлшенген заттардың құрамы: бір текше метрге 0,25 милиграмнан аспауы (бұдан әрі - 30 мг/дм3) 0,75 мг/дм3. Су қоймалары үшін табиғи минералдық құрамы 30 мг/дм3 астам болғанда өлшенген заттардың құрамы суда 5,0 % шегінде артуына жол беріледі. Ағынды су қоймалар үшін секундына 0,4 миллиметрден (бұдан әрі мм/сек) астам және су сақтау қоймалар үшін 0,2 мм/сек астам жылдамдықпен түсу кезінде жіберуге тыйым салынады.

Жүзбелі қоспалар
(заттар)

Су қоймасының бетінде жүзбелі пленкалар, минералдың майлардың дақтары анықталмауы және басқа қоспалар жиналмауы тиіс.

иісі

Суда тікелей немесе кейіннен тікелей хлорлау кезінде немесе өңдеудің басқа да тәсілдері кезінде анықталатын 1 баллдан астам қарқындылықпен оның өзіндік емес иісі болмауы тиіс.

түсі

20 сантиметр (бұдан әрі – см) қатарында 10 см болмауы тиіс

Температура

Судың жазғы температурасы ағынды суды жіберу нәтижесінде соңғы 10 жылдағы ең ыстық мезгілдегі орта айлық температурамен салыстырғанда 3 С аспауы тиіс.

Сутегі көрсеткіші
(рН)

6,5-8,5 шегінен аспауы тиіс

Минералдық құрамы

Құрғақ қалдығы 1000 мг/дм3 аспауы тиіс, оның ішінде: хлоридтер - 350 мг/дм3, сульфаттар - 500 мг/дм3.

Ерітілген оттегі

Жылдың әртүрлі мезгілінде бір күннің сағат 12 дейін алынған сынамада 4 мг/дм3 кем болмауы тиіс.

Толық БКТ

20 С кезінде мынадан аспауы тиіс:

3,0 мгО2/дм3

6,0 мгО2/дм3,

рекреация

аймағында - 4,0

ХКТ

Мынадан аспауы тиіс: 15 мгО2/дм3 30 мгО2/дм3

Аурулардың қоздырғыштары

Судың құрамында ауру қоздырғыштар болмауы тиіс.

Лактозиялық оң ішек таяқшалары

Жерүсті су көзінің класына байланысты 0-50000 в дм3 аспауы тиіс (орталықтанбаған шаруашылық-ауызсумен жабдықтау көздеріне қолданылмайды)

елді-мекен жайда 5000 дм3 асырмай, қайық-желкен спорт орындары үшін 10000 дм3, шомылу орындары үшін 1000 дм3.

Коли-фагтар (бляшка-құраушы бірліктерінде)

100 в дм3 аспауы тиіс орталықтанбаған шаруашылық-ауызсумен жабдықтау көздеріне қолданылмайды

100 в дм3 аспауы тиіс

Гельминттердің өмір сүруге қабілетті жұмыртқалары, (аскарида, власоглав, токсокар, фасциол), тениид онкосфералары және патогенді ішек қарапайымдыларының өмір сүруге қабілетті цисталары

1 текше дециметрде болмауы тиіс

Химиялық заттар

РШШ-дан және РШД-ден артатын шоғырлануда болмауы тиіс.

Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 28 шілдедегі  
№ 554 бұйрығына қосымша  

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылды деп танылатын кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 28 маусымдағы № 506 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2999 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік мекемелер нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2004 жылы № 37-40, 1029-құжат жарияланған) бұйрығы;
      2. «Су көздерінің және шаруашылық - ауыз су құбырларының санитарлық қорғау аумағын күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № 63 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3492 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2005 жылғы 7 желтоқсанда № 163-164 (788) жарияланған) бұйрығы;
      3. «Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 13 мамырдағы № 229 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3720 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2006 жылғы 2 маусымда № 99-100 (906) жарияланған) бұйрығы;
      4. «Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 13 мамырдағы № 229 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 437 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4445 тіркелген, «Заң газетінде» 2006 жылғы 1 желтоқсанда № 209 (1015) тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.