Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 87 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6374 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. «Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы қағидатын соттардың сақтауы туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 25 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 12-тармақтағы «403» деген сандар «396-1, 446-1» деген сандармен ауыстырылсын, «апелляциялық» деген сөзден кейін «және кассациялық» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 13-тармақ «апелляциялық» деген сөзден кейін «, кассациялық» деген сөзбен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                   М. Әлімбеков

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                       Ж. Бәйішев