Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 22

Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 63 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6284 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 147 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 328 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктерін қоспағанда, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне заңнамада белгіленген тәртіппен Шығыс Қазақстан облысындағы 2010 жылғы көктемгі су тасқыны салдарынан қираған тұрғын үйлерді, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіруге 2010 жылға арналған тиісті жергілікті бюджеттен 50000000 (елу миллион) теңгеден Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне аудару ұсынылсын.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов