Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы N 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6199 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 108 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 2011.08.26 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы бухгалтерлік есепті одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 140 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3270 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартында:
      1 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Стандарт «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3870 тіркелген «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі – брокер) қаржылық есеп жасаған кезде қолдануына арналған.»;
      «9. Брокер клиенттерге тиесілі бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің есебін баланстық шоттарда көрсетпей-ақ қосалқы есепте жүргізеді. Брокердің атына ашылған шотқа есептелген клиенттің ақшасы брокерде баланстық шоттарда, өзге жағдайларда баланстық шоттарда көрсетілместен есепке алынады.
      Клиенттерден алынған ақшаны брокердің бухгалтерлік балансына қосу туралы шешім бұл ақшаның «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағында келтірілген активтің анықтамасына сәйкес келуіне байланысты.
      Кәсіпорынға активпен байланысты болашақ экономикалық пайда түсуінің күтілуін не күтілмеуін белгілеу активтің бар екендігін айқындауға негіз болып табылады.
      Клиенттердің ақшасын бухгалтерлік балансқа қосу туралы шешімді қабылдау кезінде брокер мен клиент арасындағы шарт талаптарын бағалау қажет.
      Егер брокер клиенттің агенті ретінде ғана болса және мәміленің нәтижесімен байланысты пайда алмайтын болса, ол клиенттен алынған ақшаны өзінің бухгалтерлік балансында активтер ретінде танымайды.
      Егер клиентпен жасалған келісімнің талаптары бойынша брокердің мәміленің нәтижесімен байланысты белгілі бір экономикалық пайдасы немесе қарастырылатын ақшаны брокер үшін әлеуеті қолайлы талаптармен басқа экономикалық активтерге ауыстыру мүмкіндігі болса, онда ол клиенттерден алынған ақшаны меншікті бухгалтерлік балансында меншікті активтері ретінде таниды.».
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                         Г. Марченко

        «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      2010 жылғы 16 сәуір