"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 25-ө бұйрығ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 21-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6068 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 237-ө бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 30.09.2016 № 405 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кәсіпорындармен ұйымдарға, меншік түріне қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасы белгіленсін.
      2. Кәсіпорындармен ұйым басшылары мүгедектердің шектеулі мүмкіндігіне орай, жеке ерекшелігіне сай келетін қажетті жұмыс орнын қамтамасыз етсін.
      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (А.Диханбаева):
      1) жұмысқа орналастыру туралы көмек сұраған мүгедектерді әлеуметтік жұмыс орындарын пайдаланып, жұмысқа орналастыру;
      2) мүгедектерге кәсіптік оқуды ұйымдастыру және жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын ұйымдастыру жүктелсін.
      4. Кербұлақ аудандық әділет басқармасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 12 ақпан N 2-13-89 болып тіркелген (аудандық "Кербұлақ жұлдызы" басылымында 2009 жылдың 27 ақпанындағы N 9 санында жарияланған), аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" N 13-ші қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Момбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      Аудан әкімі Н. Жантілеуов