Учаскелік полиция инспекторларын әкімшілік учаске тұрғындарының пікірін ескере отырып тағайындау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 538 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 9 ақпанда № 6770 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 438 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 21.10.2016 № 912 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесінің 9-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4376 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысаны мындай мазмұндағы 8 және 9-бағандармен толықтырылсын:

8.

жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді


9.

сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін).»;


      2. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты аумақтық әділет органдарының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

      Қазақстан Республиканың
      Әділет Министрі                            Р. Түсіпбеков