Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдауын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-I бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2810 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережелерінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жолаушылар поездарына жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу қол технологиясы бойынша немесе АБЖ терминалының көмегімен жүргізіледі.
Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату билет кассаларында және/немесе электрондық жүйесі арқылы жүргізіледі. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) талап ету орны бойынша жеткізу қосымша ақы үшін жүзеге асырылады.»;
12-тармақта «депутат куәлігі» деген сөздерді «босқын куәлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
«32-1. Өзіне өзі қызмет көрсететін транзакциялық терминалдардың жол жүру құжаттарын, осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бланкіде жолаушылардың өздерімен тікелей жол жүру құжаттарын ресімделу процесін жүзеге асыруға арналған.»;
мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
«33-1. Электрондық жол жүру құжаты дегеніміз жолаушының теміржол тасымалы туралы ақпаратты электронды-цифрлық үлгіде ұсынатын жолаушыны тасымалдау шартын растау үшін қолданылатын құжат, онда келесідей ақпарат көрсетіледі:
1) тапсырыс беру уақыты мен күні;
2) поездың нөмірі;
3) жөнелту мен тағайындалған станциясы;
4) поезды жөнелту уақыты және күні;
5) вагонның түрі мен нөмірі;
6) вагондағы орынның нөмірі;
7) тасымалдаушының СТН-і (БСН болған жағдайда);
8) купе белгісі (әйел, ер немесе аралас - егер қолданылса);
9) жолаушы туралы ақпарат – тегі, аты, әкесінің аты (немесе басты әріптері), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және сериясының нөмірі;
10) тариф (билет, плацкарт);
11) тасымалдаудың құны;
12) төлем түрі;
13) жинақ (егер қолданылса);
14) электрондық билет тапсырысының сәйкестендіргіші.»;
91-тармақтың төртінші абзацындағы «Жолаушылар поезының вагон-мейрамханасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2987 тіркелген) талаптарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 550 бұйрығымен бекітілген «Жолаушы поезының вагон-мейрамханасына және ұйымдастырылған балалар ұжымдарын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық–эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6390)» деген сөздермен ауыстырылсын.
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген тәртіп бойынша осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Құсайынов
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрінің
2010 жылғы 28 қарашадағы
№ 541 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
темір жол көлігімен
жолаушыларды, багажды және
жүк багажды тасымалдау
ережесіне 6-қосымша