Азаматтық және эксперименттік авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 19 қарашадағы № 529 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 13 желтоқсанда № 6672 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 29 қыркүйектегі № 653 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.09.29 № 653 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 67-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық және эксперименттік авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                              Д. Көтербеков

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникация министрінің
міндетін атқарушысының    
2010 жылғы 19 қарашадағы № 529 
бұйрығымен бекітілген     

Азаматтық және эксперименттік авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тiркеу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық және эксперименттiк авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тiркеу қағидасы (бұдан әрi - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігiн пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 67-бабына сәйкес әзiрлендi.
      Осы Қағида азаматтық және эксперименттiк авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) (меншiк нысанына қарамастан) мемлекеттiк тiркеудi жүргiзудiң, Азаматтық және эксперименттік авиация әуеайлақтарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (бұдан әрi - Куәлiк) берудiң тәртібiн белгiлейдi.
      Азаматтық және эксперименттік авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттiк тiркеудi және куәлiк берудi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
      2. Сыныпталмаған және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) қоспағанда, азаматтық авиация мақсатында пайдаланылатын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) мемлекеттiк тiркеуге жатады.
      3. Әуе кемелерiнің ұшуын, қонуын, рульдеуiн, тұрағын және оларға қызмет көрсетудi қамтамасыз ету үшін арнайы дайындалған және жабдықталған құрылыстар кешенi ретiндегi азаматтық және эксперименттік авиацияның әуеайлақтары (тікұшақ айлақтары) мемлекеттiк тiркеудiң объектiлерi болып табылады.
      4. Азаматтық және эксперименттiк авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) тiркеу үшiн ұсынылатын құжаттардың тiзбесi осы Қағиданың 5-тармағында белгіленедi.

2. Өтiнiштер беру және әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттiк тiркеу тәртiбi

      5. Әуеайлақты (тікұшақ айлақты) мемлекеттiк тiркеу үшiн оның иесi (пайдаланушы) уәкiлеттi органға (iлеспе хатпен бiрге) мынадай құжаттарды:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiштi (осы Қағидаға 1-қосымша);
      2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн, жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн және тиiстi мемлекеттiк орган берген заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн құжаттың көшiрмесiн;
      3) заңды тұлғаның статистикалық карточкасының көшірмесін, жеке тұлға үшiн - салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру туралы куәлiктің көшiрмесiн;
      4) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) орналасқан жер учаскесiне немесе басқа объектіге берiлген құқық туралы (жердi тұрақты немесе уақытша пайдалану) құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесiн;
      5) әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) меншiк құқығын немесе иелену құқығын растайтын құжаттардың (сатып алу-сату шарты, қабылдау-тапсыру актiсi, теңгерiмге беру туралы бұйрық, меншік, мүліктік жалдау, сенімгерлікпен басқару құқықтары және басқа) көшiрмелерiн;
      6) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) техникалық сипаттамалары, географиялық координаттары мен орналасқан орны туралы (елдi мекен) ақпаратты ұсынады.
      6. Уәкілетті орган өтiнiш түскен сәттен бастап 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде осы Қағиданың 5-тармағында көзделген құжаттардың толықтығын, сәйкестігін (бap болуын) тексередi.
      7. Егер өтiнiш және/немесе оған қоса берiлген құжаттар осы Қағиданың 5-тармағының талаптарына сәйкес келмесе немесе толық көлемде ұсынылмаса, уәкiлеттi орган қайтарудың себебiн көрсетiп, оларды өтініш түскен сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде өтiнiш берушiге қайтарады.
      8. Осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген уәкiлеттi органның өтiнiштi және барлық қажеттi құжаттарды тiркеген күнi өтінiштің түскен күнi деп есептеледі.
      9. Ұсынылған өтініштердегі және/немесе осы Қағиданың 5-тармағында көрсетiлген құжаттардағы мәлiметтер өзгерген жағдайда өтiнiш беруші уәкілетті органның өтінішті және барлық қажетті құжаттарды тіркеу сәтінен бастап 5 күнтізбелiк күннен аспайтын мерзiмде уәкiлетті органға жазбаша түрде хабарлайды.
      10. Қоса берілген құжаттар түпнұсқалардың көшірмелері болып табылады, бұл жағдайда өтінішке қол қоятын тұлға олардың растығы мен толықтығын жазбаша (ілеспе хатта) растайды.
      11. Уәкілетті органға болған өзгерістер туралы уақтылы хабарламау және жалған мәлiметтер ұсыну әуеайлақты (тікұшақ айлағын) мемлекеттік тiркеуден бас тартуға әкеп соқтырады.
      12. Әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) құқықтар өзгерген жағдайда (меншік, мүліктік жалдау, сенімгерлік басқару құқықтары) өтініш беруші әуеайлақ (тікұшақ айлағы) құқығы өзгерген сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде уәкілетті органды хабардар етеді.
      13. Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) тіркеу белгіленген нысандағы (осы Қағидаға 2-қосымша) Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі - Тізілім) ресімделеді.
      Тізілімді жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
      14. Тізілімге мынадай ақпараттар енгізіледі:
      1) заңды тұлғаның атауы, мекенжайы, байланыс телефоны (факсы) немесе жеке тұлғаның аты-жөні, мекенжайы мен байланыс телефоны;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен берілген күні, жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні, сондай-ақ тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нөмірі мен берілген күні;
      3) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) иелену құқығына арналған нұсқау (меншік, мүліктік жалдау, сенімгерлік басқару құқықтары, қабылдау-тапсыру актісі, теңгерімге беру туралы бұйрық және басқа);
      4) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) класы;
      5) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) техникалық сипаттамасы;
      6) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) географиялық координаттары және орналасқан орны (елді мекені);
      7) ескертпелер.
      15. Тізілім тігіледі және нөмірленеді, Тізілімнің соңына, оның сыртқы бетіне ол туралы тиісті жазба жазылады және уәкілетті органның мөрі қойылады.

3. Куәлiк берудiң тәртiбi

      16. Барлық құжаттар толық (бар) болған және осы Қағиданың  5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкiлетті орган Тізілімге әуеайлақ (тікұшақ айлағы) туралы тиiстi мәлiметтердi енгiзедi және өтiнiш берушiге Куәлiк (осы Қағидаға 3-қосымша) бередi.
      17. Өтінiш берушiге берiлетiн Куәлiктiң бланкiсi қатаң есеп беру бланкiсi болып табылады және оның уәкiлетті орган беретiн тиiсті сериялық нөмiрi болады.
      18. Өтінiш берушi Куәлiктi алған кезде (өтiнiш берушiнiң өкілі - тиiсті сенiмхат бойынша) уәкiлетті органда сақталатын куәлiктiң көшiрмесiне (мұрағаттық нұсқада) қол қояды.
      19. Куәлiк жоғалған (ұрланған) немесе бүлiнген жағдайда өтінiш берушi (әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) иесi) уәкiлетті органға куәлiктiң телнұсқасын беру туралы еркін түрдегі өтiнішпен (куәлiктiң жоғалу немесе ұрлану фактісiн растайтын құжаттарды қоса берумен) жүгiнедi.
      Мұндай жағдайда, уәкiлеттi орган 20 күнтiзбелiк күнге дейiнгi мерзiмде өтiнiш берушiге сол нөмiрiмен және күнмен Куәлiктiң телнұсқасын бередi және «ескертпе» бағанында Тізілімге тиiстi жазба жасайды.

Азаматтық және эксперименттік
авиация әуеайлақтарын (тікұшақ
айлақтарын) мемлекеттiк тiркеу
қағидасына 1-қосымша     

нысаны

Азаматтық және эксперименттiк авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттiк тiркеуге арналған өтiнiш

1. __________________________________________________________________
(өтiніш берушi - заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөнi)  _____________________________________________________________________
Мекенжай (заңды мекенжай - жеке тұлға үшiн) _________________________
Телефон _____________________________
Факс ____________________________
_____________________________________________________________________
      (заңды тұлға үшін - заңды тұлға басшысының аты-жөнi)
_____________________________________________________________________
(әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) атауы, орналасқан жерi, елдi мекенi, географиялық
_____________________________________________________________________
координаттары)
атынан тіркеуді сұрайды.
2. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ________________________________________
           (әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) берiлген құқық (меншiк,
_____________________________________________________________________
  жедел басқару, мүлiктiк жалдау, сенiмгерлiк басқару құқықтары,
_____________________________________________________________________
өзге де құқықтар, осы құқықтарға ауыртпалық түсiру, сондай-ақ кепiлдiк туралы ақпарат)
3. Өтініш беруші әуеайлақты (тікұшақ айлағын) мемлекеттік тіркеу кезінде әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) берген құқықтар өзгерген жағдайда уәкілетті органды белгіленген мерзімде хабардар етуге міндетті.
4. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) қызметінің саласын қысқаша сипаттау: ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Қосымша мәлiметтер: _____________________________________________

M.O.     _________________________________
     (қолы, аты-жөнi)

Азаматтық және эксперименттік
авиация әуеайлақтарын (тікұшақ
айлақтарын) мемлекеттiк тiркеу
қағидасына 2-қосымша      

нысаны

Азаматтық және авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) мемлекеттік тізілімі

Р/с №

Заңды тұлғаның атауы, ресми мекенжайы, байланыс телефоны (факсы) немесе жеке тұлғаның аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефоны

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі және берілген күні, жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжат, тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нөмірі мен берілген күні

Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) иелену құқығына арналған нұсқау (меншік, жедел басқару, мүліктік жалдау, сенімгерлік басқару құқықтары)

Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) класы

Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) техникалық сипаттамалары

Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) географиялық координаттары және әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) орналасқан орны (елді мекен)

Азаматтық және эксперименталдық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) тіркеу куәлігінің нөмірі мен берілген күні

Ескертпе










Азаматтық және эксперименттік
авиация әуеайлақтарын (тікұшақ
айлақтарын) мемлекеттiк тiркеу
      қағидасына 3-қосымша    

нысаны

ЕЛТАҢБА

_______________________________________________________________
                          УӘКIЛЕТТІ ОРГАН
________________________________________________________________

Азаматтық және эксперименттiк авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттiк тiркеу туралы
КУӘЛIК

№ __________ сериясы _______

      Астана қаласы                       20___жылғы «___»________

__________________________________________________________________
Азаматтық авиация және эксперименттік авиация әуе айлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тiркеу туралы осы куәлік ___________________
______________________________________________________ берiлдi және     (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөнi)
__________________________________________________________________
       (әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) атауы, орналасқан орны)
әуеайлақтың (тікұшақ айлақтың) мемлекеттiк тiркелуiн растайды.

      Азаматтық және эксперименттiк авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттiк тiркеу туралы осы куәлiк аталған әуеайлақты (тікұшақ айлағын) жою немесе көшіруге дейін қолданылады.

      М.О.                                              Уәкiлетті
                                                 органның басшысы
                                        _________________________
                                                 (қолы, аты-жөні)