«Азаматтық және эксперименттік авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 19 қарашадағы 529 бұйрығының күшін жою турал

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 29 қыркүйектегі № 653 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Азаматтық және эксперименттік авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 19 қарашадағы 529 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6672 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 17 шілдеде № 187(2253) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апта мерзім ішінде бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                         А. Жұмағалиев