Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Магистральдық темір жол желісі мен кірме жолдар қызметтерін көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 472-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3300, "Ресми газеті" газетінде 2005 жылғы 22 қаңтарда № 4 (213) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық темір жол желісі мен кірме жолдар қызметтерін көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықта:
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"rf - тәуекелсіз ставка Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасының деңгейіне тең қабылданады.";
он бірінші абзац алып тасталсын.
2. Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдарының, "Резерв", "Қолдау" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы", "Көлік сервис орталығы", "Қазвторчермет", "Теміржол жөндеу", "Досжан темір жолы" акционерлік қоғамдарының, "Батыс Транзит ХХІ век", "Жол жөндеуші" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Н. Алдабергенов |