"Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 қазандағы № 526 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 1 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6611 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 27.02.2018 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 ж. № 3, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2009 ж., № 6, 345-құжатта (10-қосымшаға дейін қоса алғанда); 2009 ж., № 7, 345-құжатта (11-ден 54-қосымшаға дейін қоса алғанда); 2009 ж., № 8, 345-құжатта (55-тен 82-қосымшаға дейін қоса алғанда) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережелерінде:

      370-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "370. Негізсіз өсімақыларды, сондай-ақ салық төлеушінің кінәсінен емес өсімақылар сомасын негізсіз есептеуге алып келген салық немесе басқа да міндетті төлемдер сомалары қате немесе дұрыс емес көрсетілсе, салық органының шешімімен, есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды тұлға осы шешімді шығарған күннен екі жұмыс күні ішінде дербес шотта тиісті жазба жасалады, ал көрсетілген салықты, басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың сомалары түзетіледі."

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жәмішев