РҚАО-ның ескертуі!
Осы бұйрық 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (4-т.)
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті (Б.Е. Қазбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысына (Ж.М. Қасымбек) жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы А. Бектұров
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
2010 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 440 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1948 тіркелген, «Ресми газеттің» 2002 жылғы 31 тамыздағы № 35 санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесінде:
көрсетілген Ереженің 4-қосымшасындағы:
«СТН (ЖСН,БЖН)» деген аббревиатуралар «ЖСН/БСН» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.07.2015 № 809 бұйрығымен.
3. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы бұйрығымен бекітілген, № 2810 болып тіркелген, Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 324-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3069 тіркелген, «Ресми газеттің» 2004 жылғы 2 қазандағы № 40 (196) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы бұйрығымен бекітілген, № 2810 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
көрсетілген Ереженің 2-қосымшасындағы:
«СТН» деген аббревиатура «ЖСН/БСН» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын.
4. <*>
Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. <*>
Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.