Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 09 шілдедегі N 17/14 қаулысы. Қарағанды облысы Жезқазған қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 05 тамызда N 8-2-93 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы N 15/05 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 01.06.2016 N 15/05 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғау шараларын кеңейту мақсатында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      еңбек рыногындағы талап етілмейтін және ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
      жас отбасылар (29 жасқа дейінгі ерлі-зайыптылар);
      жұмысқа орналасуға қиындық көріп жүрген, 45 жастан асқан әйелдер;
      қоғамдық жұмыстарға тартылған, бірақ жұмысқа орналастырылмаған адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.М. Ахановқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жезқазған қаласының әкімі
Қ. Балмағамбетов