Сотталғанды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау, қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге шаралары және шартты сотталған адамдарға бақылау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 172 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6053 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 141 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
      «Облыстың, Алматы, Астана қалаларының әкімі орынбасарларының саны (бірлік)» деген бағанда:
      «Қарағанды» деген жолдағы «4» деген сан «5» деген санмен ауыстырылсын;
      «ЖИЫНЫ:» деген жолдағы «70» деген сандар «71» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Қарағанды облысының әкімі:
      1) өзінің бұрын шығарған актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов