Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 02.02.2023 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.) бұйрығымен.
Темір жол көлігі объектілерінде құқықтық тәртіпті нығайту, қылмыстар мен құқық бұзушылардың алдын алу және жолын кесу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жолаушылардың және поезд бригадалары жұмыскерлерінің жеке меншігін сақтауды, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Көліктегі ішкі істер органдарының патрульдік полициясы саптық бөліністерінің жолаушылар поездарына ілесіп жүруін ұйымдастыру туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
1) көліктегі ішкі істер органдары мен бөліністері жеке құрамының осы Нұсқаулықты зерделеуін қамтамасыз етсін;
2) Нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы бойынша барлық жүру бағыты бойында полиция жасақшаларының жолаушылар поездарына ілесіп жүруін ұйымдастырсын.
3. "Көліктегі ІІБ-нің жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі патрульдік полиция бөлімшелері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 664 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1340 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В.Кулиничке және Әкімшілік полиция комитетіне жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | С. Баймағанбетов |
"Келісілген" | |
Қазақстан Республикасының | |
Көлік және коммуникация | |
министрі Ә. Құсайынов |
2009 жылғы 21 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 485 бұйрығымен бекітілген |
Көліктегі ішкі істер органдарының патрульдік полициясы саптық бөліністерінің жолаушылар поездарына ілесіп жүруін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық алыс және жақын жерлерге қатынайтын поездарда (бұдан әрі - "жолаушылар поездары" немесе "поездар") құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі патрульдік полициясы саптық бөліністері жасақшаларының өзара іс-қимыл жасасуын және жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Жолаушылар поездарына ілесіп жүру бойынша патрульдік полиция саптық бөліністерінен бөлінетін полиция жасақшаларының жолаушылар поездарына ілесіп жүруі қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу, жолаушылардың жеке және мүліктік, вагон жабдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі полиция жасақшасының құрамына жедел жағдайға байланысты көліктегі ішкі істер органдарының басқа да бөліністерінің қызметкерлері кіреді.
3. Жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі патрульдік полиция саптық бөліністерінің қызметкерлері қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 10 қбпү бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуі жөніндегі нұсқаулық (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13410 болып тіркелген) және осы Нұсқаулық құрайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.02.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі полиция жасақшаларын ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етуді және жалпы басшылық жасауды Көліктегі ішкі істер департаментінің (бұдан әрі - КІІД) Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы (бұдан әрі - ҚҚБ) жүзеге асырады.
2. Жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі полиция жасақшаларының негізгі міндеттері
5. Жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі полиция жасақшаларының міндеттері:
1) жолаушылар поездарында қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
2) қылмыстардың, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, оларды жасаған немесе іздестірудегі адамдарды (қашқындарды) анықтау, табу және ұстау, заңда белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау;
3) жолаушылар мен поезд бригадалары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауы кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылардың жеке басын анықтау;
4) темір жол көлігі жұмысшыларымен бірігіп (станция, вокзал бойынша кезекшілермен, поездардың бастықтарымен, қала маңы поездары вагондарының аға жолсеріктерімен) поезд жүріп келе жатқанда жолаушылардың отыруына және түсуіне, азаматтардың басқышта, тіркемеде, төбелерде және вагондардың жұмыс істемейтін тамбурларында жол жүруіне жол бермеу шараларын қабылдау;
5) поезд соңғы станцияға келген соң вагондарды қарап, тексеру жүргізу, олардан бөгде адамдарды түсіру, заңды негіз болған жағдайда оларды тексеру және хаттама толтыру үшін желілік ішкі істер бөліміне (бұдан әрі - ЖІІБ), желілік ішкі істер бөлімшесіне (бұдан әрі - ЖІІб), желілік полиция пунктіне (бұдан әрі - ЖПП);
6) поезда дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы хабарламалар мен арыз алған кезде оқиға болған жерге уақтылы келу және құқық бұзушыларды іздестіру және ұстау шараларын қабылдау, зардап шеккендерге көмек көрсету;
7) қылмыстың ізі бар заттарды және басқа да заттай айғақтарды сақтау мақсатында оқиға болған жерді күзетуді қамтамасыз ету;
8) куәгерлер мен жәбірленушілерді (тегі, аты, әкесінің аты, тұратын жері мен жұмыс орны, телефон нөмірі), жасырынған қылмыскерлердің, ұрланған заттардың белгілерін, қылмыстың басқа да мән-жайларын анықтау және осы мәліметтерді жақын жердегі КІІД-нің, ЖІІБ-нің, ЖІІб-нің, ЖПП-ның кезекші бөлімдеріне беру;
9) оқиға болған жердің сызбасы мен тексеру хаттамасын толтыру, жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алу;
10) қылмыстарды тез арада ашу және қылмыскерлерді ұстау үшін басқа да күттірмейтін қажетті іс-әрекеттер жүргізу;
11) ден қою шараларын қабылдау үшін поезд бастығын, қала маңына жүретін поезд вагонының аға жолсерігін, поезд бригадасы қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықты бұзғандығының анықталғаны туралы ақпараттандыру;
12) егер қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандығына жеткілікті негіздер болса, темір жол көлігі қызметкерлерінен қажетті мәліметтер, сондай-ақ олардың қызметтік құжаттамасын алу;
13) жат қылық көрсететін (өзімен бірге алып жүрген заттардан тез арада құтылғысы келетін, полиция қызметкерлерімен кездесуден қашқақтайтын) адамдарды бақылау;
14) егер міну кезінде немесе жүру жолында қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған немесе жасау кезінде ұсталған жолаушылар мен поезд бригадасының жұмыскерлерін поездан аялдау бекеттерінде белгіленген тәртіппен түсіру. Поездан жолаушылар мен поезд бригадасының жұмыскерлерін түсірумен байланысты әрбір құқық бұзушылық туралы күнін, уақытын, түсіру, ұстау орны мен негізін көрсете отырып, КІІД, ЖІІБ, ЖІІб, ЖПП бастығының атына баянатпен хабарлайды. Баянат пен басқа да жиналған материалдар ұсталғандармен бірге КІІД, ЖІІБ, ЖІІб, ЖПП бойынша жедел кезекшіге, кезекші полицейге тапсырылады;
15) жолаушы поездарында қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі профилактикалық шаралар туралы дыбыс жазбалары бар аудиотаспалармен тасымалдаушыларды қамтамасыз ету;
16) поезд бастығымен, қала маңы поездары вагонының аға жолсерігімен немесе оның орнындағы адаммен бірге поезд радиосы арқылы профилактикалық сипаттағы, оның ішінде поездағы полиция наряды және оның орналасқан орны туралы ақпаратты үнемі хабарлауды қамтамасыз ету;
17) вагондарда спирттік ішімдіктер ішуді, қол жүктерінің сақталуына жауапкершілігін арттыру, құжаттар мен бағалы заттарды арнайы жасалған қорапшаларда немесе өзімен бірге ұстап жүруін ескерту, түнгі уақыттарда купенің есігі ілгішпен жабуды, сондай-ақ заттарын қараусыз қалдырмауды ескерту мақсатында жолаушылармен жеке профилактикалық әңгімелер өткізу. Бұл ретте аса қажеттілік болмаса жолаушылардың мазасын алуға болмайды;
18) жару құрылғылары қойылуы мүмкін деген орындарды тексеру, көріп шығу, сонымен қатар сезікті заттар тапқан жағдайда қырағылықты күшейту және әрекет ету туралы поезд бригадалары қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары арқылы террористік актілердің алдын алу.
19) адамдарды құтқару, қирау, апат, өрт, табиғи зілзаладан және басқа да төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдау, оқиға болған жерді, жолаушылардың мүліктерін күзетуді қамтамасыз ету, жақын жердегі ішкі істер органдары мен төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаларға (қызметтерге) оқиға туралы ақпарат беру.
3. Жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі патрульдік полиция саптық бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру
6. Жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі патрульдік полициясы саптық бөліністеріне республикалық (жергілікті) және мемлекетаралық құрылымдағы бағытта жүретін жолаушылар поездары мен қызмет көрсететін бағдарлары (учаскелер) негізінде КІІД-нің бастығы немесе олардың қызмет жөніндегі орынбасарлары, ЖІІБ-нің бастықтары немесе қызмет жөніндегі орынбасарлары бекітетін ай сайын әзірленетін бірыңғай үлгі кестесі бекітіледі. Кестеде ілесіп жүрілетін поездардың нөмірі, оларға ілесіп жүру бағыттары (учаскелері), поездардың бағытында қарастырылған жасақшылардың ауыстырылатын орны мен уақыты көрсетіледі.
Жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі патрульдік полициясы саптық бөліністерінің орналасатын жерін, штат санын қызмет көрсететін учаскенің ұзақтығы мен жүктемесін ескере отырып, КІІД-нің бастығы белгілейді.
7. Полиция жасақшалары поездарға ілесіп жүруді аралық әдіспен, яғни КІІД-нің қызмет көрсететін учаскесі шегінде бір полиция жасақшасының поездың қалыптасу пунктінен шекаралық пунктіне дейін немесе эстафеталық түрде, яғни КІІД, ЖІІб-нің қызмет көрсететін учаскелері шегінде бірнеше полиция жасақшаларының қызмет көрсетуі арқылы жүзеге асырылады.
8. Поезға ілесіп жүру жөніндегі әр полиция жасақшасына осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес нысан бойынша үлгі бағыт парағы беріледі, онда:
1) полиция жасақшасының шығу мақсаты;
2) кімге берілгені (қызметкердің тегі, аты, жөні, лауазымы, атағы);
3) станциядан станцияға дейін және кері қарай полиция жасақшасының жолаушылар поездарына ілесіп жүру бағыты көрсетіледі.
Бағыт парағының артқы бетінде КІІД, ЖІІБ, жолаушылар паездарына ілесіп жүру жөніндегі саптың бөліністері басшыларының қайсысы нұсқама өткізгені көрсетіледі, поезд бастығының, қала маңы поезы вагонының аға жолсерігінің жолаушылар поезындағы жағдайдың жай-күйі туралы белгісі, ілесіп жүру бағытына орналасқан ЖІІб, ЖІІБ кезекшісінің белгісі, сонымен қатар полиция жасақшаларының қызмет өткеруі жөніндегі тексерушілердің белгілері мен ескертулері көрсетіледі.
9. Жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі полиция жасағы бағыт парағында көрсетілген поездың бүкіл жүру бағыты бойынша тегін жүреді.
10. Поездарға ілесіп жүру жөніндегі жасақшалардың қызметін ұйымдастыруды ЖІІб-нің бастығы немесе оның орынбасары жүзеге асырады, олар саптық бөлімше командирінің ұсынысымен полиция жасақшасының құрамын белгілейді, егер полиция қызметкерлері екі бағытта 12 сағатқа дейін жолда болған жағдайда саны кем дегенде 2 полиция қызметкері, 12 сағаттан асатын болса кемінде 3 және саны 4-еуден аспайтын қызметкер болу керек. Жасақша басшысына ең тәжірибелі қызметкер тағайындалады.
11. Полиция жасақшасының жұмыс кестесін бір уақытта кем дегенде 2 қызметкер қызмет өткеретіндей лайық етіп жасайды.
Көліктегі ішкі істер органдарының жедел-тергеу топтарының құрамына қызметкерлерді жіберуді қоспағанда, барлық жүру бағыты бойынша басқа КІІД-нің, ЖІІб-нің нарядтары ілесіп келе жатқан поездарға жасақшалар жіберілмейді.
12. КІІД ҚҚБ бастықтары барлық жүру бағытында полиция нарядтарының ілесіп жүруі туралы мәліметті уақтылы қорытындылауын және осы поездар жүретін учаскелер бойынша басқа КІІД-ге ақпараттар жолдауын ұйымдастырады.
13. Полиция қызметкерлері поездарға ілесіп жүру жөніндегі жасақшалардың құрамында нысандық киіммен қызмет өткереді және тиесілік нормалары бойынша қажетті жабдықпен, арнайы құралдармен, табельдік қарумен жабдықталады.
14. Жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі нарядқа тағайындалған қызметкерлер рейстердің жүруіне 1 сағат қалғанда ЖІІБ-нің, ЖІІб-нің кезекші бөліміне келуі тиіс. ЖІІБ-нің, ЖІІб-нің жедел кезекшісі келгендерді посттық ведомоске белгілейді, сырт бейнесін қарайды, тиесілік нормасына сәйкес табельдік қару береді, жарақталғанын тексереді, денсаулық жағдайын сұрайды, жасалған қылмыстармен таныстырып, іздеудегі адамдардың белгілерін, ұрланған мүліктер мен басқа да хабарлармен таныстырады, қызметтік кітапшадағы жазылған мәліметтерді бақылайды, өкімдерді рәсімдеп береді. Полиция жасақшаларының қызмет өткеруге дайындығы бойынша кемшіліктер тапқан жағдайда ЖІІБ, ЖІІб бойынша жедел кезекшісі оларды жоюға шара қабылдайды және ЖІІб, ЖІІб басшылығынан түскен жауаптыға полиция жасақшасының қызмет атқаруға дайындығы туралы баяндайды. Бағыт парағын жолаушылар поездарына ілесіп жүруге жауапты қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкері толтырады, КІІД, ЖІІБ-нің бастықтары немесе олардың орынбасарлары және ішкі істер органдарының аты көрсетілген дөңгелек бедерлі мөрмен расталады.
15. ЖІІБ, ЖІІб басшылығынан түскен жауапты адам жасақшыларға нұсқама өткізеді, функционалдық міндеттері бойынша білімдерін, нормативтік актілердің жекелеген ережелерін, атыс қаруын, арнайы құралдар мен дене күшін, сонымен қатар осы нұсқаулықты қолданудың ережесін тексереді, нақты міндеттер қояды.
16. Поездың жүруіне кемінде 30 минут қалғанда полиция жасақшасының басшысы қызмет атқаруға кіріскенде поезд бастығына өзін таныстырады, қызметтік куәлігі мен бағыт парағын ұсынады, жағдайды анықтайды, қызмет көрсететін поездың екі жағы да полиция қызметкерлерінің ұдайы бақылауында болатындай есеппен жолаушыларды отырғызу кезінде перрондағы және поездардың жүру уақытындағы жұмыс тәртібін келіседі.
17. Поезд бастығы, қала маңына қатынайтын поезд вагонының аға жолсерігі, рейстік журналға поездарға ілесіп жүру жөніндегі полиция жасақшасына кіретін қызметкерлердің аты-жөнін, олардың қызмет куәліктері мен бағыт парағының нөмірін жазады.
18. Жолаушылар поездары жүргеннен кейін полиция жасақшалары бүкіл құрамды тексеріп шығады, құқық бұзушылық жасалуы, тасымалдауға тыйым салынған мүліктер мен заттарды жасыруы мүмкін деген орындарды қарайды, вагонның жолсеріктерімен, поезд бригадасының басқа да қызметкерлерімен, вагон-ресторанының жұмысшыларымен өзара іс-қимыл жасасуды белгілейді, жүру жолында полиция жасақшаларымен байланысу тәртібі туралы оларды ақпараттандырады.
19. Полиция жасақшасы жүру жолында құрам бойынша қозғала отырып, жағдайды ұдайы бақылау және оның өзгеруіне жедел ден қою мақсатында патрульдеу жолымен қызмет өткереді.
20. Аялдайтын пункттерде полиция жасақшасының басшысы ілесіп жүру бағытында орналасатын ЖІІБ-нің, ЖІІб-нің, ЖПП-нің кезекші полиция нарядтарының өзара іс-қимыл жасасуын белгілейді, бұл туралы поездарға ілесіп жүру жөніндегі полиция жасақшасының бағыт парағына белгі қояды. Сонымен қатар полиция жасақшасы поездардың тұрған және жүрген кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысады.
21. Ілесіп жүру поездарының жүру бағытында орналасқан ЖІІБ, ЖІІб, ЖПП бойынша жедел кезекшісі, кезекші полицейі жедел жағдайдың өзгеруі туралы ұдайы ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді, поездардың аялдау уақытында полиция жасақшасының өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастырады, олардың бағыныштылығына қарамастан белгіленген тәртіппен поездарда патрульдік полиция жасақшасының қызмет өткеруін бақылауды жүзеге асырады.
22. Жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі полиция жасақшалары ведомстволық байланыс құралдарын қызметтік мақсатта кедергісіз пайдалана алады.
23. Поездарға ілесіп жүру жөніндегі полиция жасақшасының құрамына кіретін қызметкерлер мына жағдайларда:
1) станцияларда, разъездерде, жарыс пункттерінде қылмыстардың жолын кесуде;
2) оқиға орнын күзетуде және құқыққа қарсы жасалынған іс-әрекеттерді құжаттауда;
3) жасырынған қылмыскерлердің ізіне түсуде және оларды ЖІІБ-ға, ЖІІб-ға, ЖПП-ға жеткізуді жүзеге асыруда;
4) темір жол көлігі жұмысшылары мен полиция қызметкерлеріне, станцияда жұмыс істейтіндерге әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесуде, оқиғалар қылмыстар болған кезде және қайғылы оқиғалар кезінде, сонымен қатар объектілерде және темір жол көлігінде төтенше жағдай орын алғанда зардап шеккендерге көмек көрсетуде поезды тастап кете алады.
24. Полиция жасақшасының басшысы поезды қалдырғаны туралы өкім береді, ал жекелеген жағдайларда КІІД-нің, ЖІІБ-нің, ЖІІб-нің жедел кезекшілері поездың бағыт алған учаскелері бойынша қызмет көрсетеді, бұл туралы соңында бағыт парағына белгі қояды. Осы пунктте көрсетілген жағдай туындағанда қызмет көрсететін учаскелерде әрі қарай полиция жасақшасының (жеке қызметкерлердің) ілесіп жүру тәртібін КІІД-нің, ЖІІБ-нің, ЖІІб-нің, ЖПП-нің басшылары белгілейді. Полиция жасақшасының басшысы өзінің тұрақты қызмет орнына оралғаннан кейін КІІД-нің, ЖІІБ-нің, ЖІІб-нің, ЖПП-нің бастықтарына, жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі саптық бөліністердің командирлеріне полиция қызметкерлерімен ілесіп жүру поезын қалдыру себебі және қолданылған шаралар туралы баянатпен мәлімдейді.
25. Поезға эстафеталық түрде ілесіп жүру кезінде полиция жасақшасының басшысы, поезды одан әрі қарай ілесіп жүруге басқа полиция жасақшасына тапсырғанда жағдайы туралы, күдік тудырған адамдар, поездың бригада қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті сақтауға қарым-қатынасы туралы ақпарат береді. Полиция жасақшасының бағыт парағына поезды қабылдайтын және рейс журналына поезға ілесіп жүруді жаңа полиция жасақшасына өткізгені туралы жазу енгізеді.
26. КІІД-нің, ЖІІБ-нің, ЖІІб-нің, ЖПП-нің басқа қызметкерлерімен поезға ілесіп жүру жөніндегі полиция жасақшасының басшысы жолаушылар поездарында жедел жұмыс жүргізу кезінде қызмет кітапшасына осы топ басшысының аты-жөнін енгізуге міндетті, оны поездағы жағдайлар туралы хабардар етеді, қажетті жағдайда қызметтік міндетін орындауда практикалық көмек көрсетеді.
27. Ауысып отыру станциясына келгенде, ол жерде ЖІІБ, ЖІІб, ЖПП болмаса, полиция жасақшасының басшысы вокзал аумағында (станцияда) қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді. Полиция жасақшалары вокзалдың (станцияның) перронында ауысып отыруға және жолаушыларды отырғызу (түсіру) кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуға, ілесіп жүруге жататын поездың келуіне кемінде 10-15 минут қалғанда болуы тиіс.
28. Әрбір жолаушылар поезына ілесіп жүру нәтижесі туралы, анықталған кемшіліктер мен ескертулер туралы полиция жасақшасының басшысы рейстік журналға жазу енгізеді.
4. Жолаушылар поезына ілесіп жүру жөніндегі патрульдік полиция саптық бөліністеріне көмек көрсету кезінде темір жол көлігі қызметкерлері қабылдайтын шаралар
29. Темір жол көлігі жұмысшылары қызметтік міндеттерін орындау кезінде жолаушылар поездарына ілесіп жүруді қамтамасыз ететін патрульдік полиция бөліністерінің жасақшаларына жан-жақты көмек көрсету қажет. Осы мақсатта:
1) вагондарда тәртіп сақтау жөнінде шаралар қабылдау, жол жүруде жеке заттарды және бұйымдардың тиісті сақталуын ұйымдастыру мақсатында жолаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
2) барлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы поезд бастығына, қала маңына қатынайтын поезд вагонының аға жолсерігіне және полиция жасақшаларына тез арада хабарлауы тиіс. Егер полиция жасақшалары ілесіп жүрмейтін болса, онда жақын жердегі КІІД-нің, ЖІІБ-нің, ЖІІб-нің, ЖПП-нің кезекші бөліміне тиісті ақпарат беру;
3) қылмыс орнына полиция жасақшасы немесе көліктегі ішкі істер органдарының жедел-тергеу тобы келгенге дейін жағдайды және қылмыс іздерін сақтау, қылмыскерлердің белгілерін, зардап шегушілер мен куәгерлер, ұрланған заттар туралы мәліметтерді нақтылау, бұл ақпаратты полиция жасақшасына беру, олар жоқ болған жағдайда поездың жүру бағыты бойынша жақын орналасқан КІІД, ЖІІБ, ЖІІб, ЖПП-нің кезекші бөліміне беру;
4) республика ішілік бағыттағы штаб вагонындағы 35 және 36 орындар және жоғары комфортты поездардан ("Patenes Talgo S.A" және басқалары) 19 бен 20 орындар жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі полиция жасақшасына ұдайы бөлінсін, сондай-ақ қызметтік қажеттілік туындаған жағдайда ведомстволық байланыс құралдарын пайдалану құқығын ұсыну;
5) бағыт парағы негізінде қызмет көрсету учаскесі шеңберінде көліктік полиция қызметкерлеріне тегін жол жүруді қамтамасыз ету;
6) жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі полиция жасақшаларына қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде міндеттерді орындауда қажетті көмек көрсету;
7) полиция нарядтарына тексеру үшін қызметтік құжаттарды, сондай-ақ жасалған (жасалып жатқан) қылмыс немесе өзге құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, сондай-ақ қару, оқ-дәрі, жарғыш заттар, жару құрылғылары немесе психотроптық заттар, ерекше құндылығы бар заттар, заңсыз пайдаланатын авторлық және аралас объектілер, Қазақстан Республикасында айналымы шектелген контрофакті өнімдер, порнографиялық сипаттағы материалдар немесе тыйым салынған басқа да заттар және контробандалық тауарлары қызметтік және техникалық бөлмелерді тексеру үшін кіруге рұқсат беру;
8) поездағы радио арқылы алдын алу сипатындағы ақпараттық жазбалардың трансляциясын қамтамасыз ету.
30. Поезд бастығы, қала маңына қатынайтын поезд вагонының аға жолсерігі қызметтік міндеттерін орындау кезінде:
1) полиция жасақшаларының бағыт парағына поездағы жедел жағдай туралы ақпарат, қызметкерлердің өз міндеттерін орындауда ескертулер және оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) полиция жасақшаларына тағайындаған ЖІІБ-нің, ЖІІб-нің бастықтарын, қажет болған жағдайда поезд жүретін қызмет көрсету учаскесі бойынша КІІД-нің бастықтарын жол жүру кезінде поезда ілесіп жүру жөніндегі қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны туралы ақпараттандыруға;
3) жолаушылар қоғамдық тәртіпті бұзған және олар қылмыс жасаған жағдайда егер поездың бригада мүшелерінің заңды талаптарына бағынбаса, поездан жолаушыларды еріксіз түсіру кезінде полиция нарядынан көмек сұрауға;
4) жолаушылардың және поезд бригадасы қызметкерлерінің жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шаралар қабылдау туралы КІІД-нің, ЖІІБ-нің басшыларына тиісті темір жолдар (бөлімшелер) мен жолсерік резервтері арқылы ұсыныстар енгізуге құқылы.
5. Жолаушы поездарына ілесіп жүру жөніндегі патрульдік полиция саптық бөліністері нарядтарының жұмысын бақылау
31. Поезға ілесіп жүретін патрульдік полиция саптық бөліністері жасақшаларының жұмысына бақылау жүру жолында КІІД-нің, ЖІІБ-нің жолаушылар поездарына ілесіп жүру бойынша саптық бөліністерінің басшы және инспекторлық құрамына бағыныштылығына қарамастан, станцияларға тоқтаған уақытта КІІД, ЖІІБ орналасқан жерде жүзеге асырылады.
32. Тексеру кезінде полиция жасақшаларымен қызметтік тәртіпті, табельдік қаруды және арнайы құралдарды сақтауына, осы Нұсқаулықты және нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындауына ерекше көңіл бөлінеді. Жүргізілген тексерістердің нәтижелері туралы тексерушілер полиция жасақшасының бағыт парағына белгі жасайды және бағынышты басшыларға баяндайды.
33. КІІД, ЖІІб орналасқан станцияларда поездардың ұзақ аялдамасы кезінде (20 минуттан артық) полиция жасақшаларының басшысы немесе оның тапсырмасымен наряд құрамына кіретін полиция қызметкерлері поездағы қоғамдық тәртіптің жай-күйі туралы КІІД, ЖІІБ бойынша жедел кезекшіге баяндайды. КІІД, ЖІІБ бойынша жедел кезекші полиция жасақшаларының бағыт парағына кезекші бөлімнің мөртаңбасын қойып, ол туралы белгі жасайды.
34. Полиция жасақшалары бағыттың соңғы пунктіне келгенде поездағы құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы ЖІІБ, КІІД бойынша жедел кезекшіге баяндайды. Поездардың тұратын паркінде поездарды күзетуге және жақын аумақта құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты емес уақытта табельдік қарулар мен арнайы құралдар КІІД, ЖІІБ-нің кезекші бөліміне уақытша сақтауға тапсырылады.
35. КІІД, ЖІІБ бойынша жедел кезекші келген полиция жасақшаларының құрамы, келген уақыты, ілесіп жүрген және ілесіп жүруге тиіс поездардың нөмірлері, қарулар мен арнайы құралдар туралы мәліметтерді жұмыс дәптеріне жазады, поездар тұратын парктен тапқан кезде олармен байланысу тәсілдерін айқындайды және олардың жұмысына бақылауды қамтамасыз етеді.
36. Полиция жасақшаларының поездар тұратын паркте болуына бақылауды КІІД, ЖІІБ-нің басшы және инспекторлық құрамы жүзеге асырады. Тексеріс нәтижелері полиция жасақшаларының бағыт парағында, сонымен қатар КІІД-нің, ЖІІб-нің посттық ведомостерінде көрсетіледі.
37. Полиция жасақшаларын қайтатын жолға жіберер алдында КІІД-нің, ЖІІБ-нің қызмет басшылығынан түскен жауапты адам және жедел кезекші жасақшаларға нұсқама өткізеді, кезекші бөлімге полиция нарядтарының уақытша сақтауға тапсырған қарулары мен арнайы құралдары беріледі. Бұл туралы бағыт парағына белгі қойылады.
38. КІІД ҚҚБ-ның, ЖІІБ-ның бастықтары полиция жасақшаларының поездарға ілесіп жүру кезінде қызмет өткеру тексерістерінің нәтижелері туралы ақпаратты жинауды, қорытындылауды және тоқсан сайын жолаушы поездарына ілесіп жүру жөніндегі тиісті саптық бөліністерге жіберуін қамтамасыз етеді.
39. Полиция жасақшалары немесе олардың құрамына кіретін жеке қызметкерлер осы Нұсқаулықтың талаптарын өрескел бұзған немесе қылмыс жасаған жағдайда олардың жұмыстарына бақылау жүктелген адамдармен одан әрі қызмет өткеруден шеттетіледі. Ол туралы ақпаратты тез арада тиісті КІІД-ге жібереді.
40. Полиция жасақшаларының бағыт парағына ілесіп жүрудің аяқталғаны жөнінде поезд бастығының, қала маңына қатынайтын поезд вагонының аға жолсерігінің қолдарымен расталады.
41. Полиция жасақшалары сапардан қайтқан кезде КІІД, ЖІІБ бойынша жедел кезекшіге қызметтік тапсырманы орындағаны туралы баяндайды, толтырылған бағыт парағы мен поездарға ілесіп жүрудің нәтижелері туралы баянатты тапсырады.
42. КІІД, ЖІІБ бойынша жедел кезекші полиция жасақшаларының тәулік бойғы жұмыс нәтижелерін КІІД-нің, ЖІІБ-нің басшыларына баяндайды және оларға толтырылған бағыт парағы мен баянатарды қарауға береді. Толтырылған бағыт парақтары тиісті номенклатуралық істе белгіленген тәртіпте сақтауға жатады.
43. Полиция жасақшаларының жұмыс нәтижелерін Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген тәртіппен КІІД-нің, ЖІІБ-нің басшылары мен патрульдік полиция саптық бөліністерінің командирлері есепке алады және бағалайды.
44. КІІД ҚҚБ-ның бастықтары поездарға ілесіп жүру жөніндегі патрульдік полициясы саптық бөліністерінің жұмыс нәтижелерін тоқсандық есепке алуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетіне ақпаратты уақтылы жолдауды қамтамасыз етеді.
Көліктегі ішкі істер органдарының патрульдік полициясы саптық бөліністерінің жолаушылар поездарына ілесіп жүруін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа қосымша |
|
(нысан) |
________________________________________________________________________
Ішкі істер органдарының атауы
200___ жылғы "___"____________ _______________________ қаласы
№ ____ БАҒЫТ ПАРАҒЫ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.02.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ішкі істер министрінің ____ жылғы №___ бұйрығымен бекітілген патрульдік полициясы саптық бөліністерінің жолаушылар поездарына ілесіп жүруін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында жолаушылар поездарына ілесіп жүруді жүзеге асыратын ІІО-ның қызметкерлерінде жазбаша (осы) бағыт парағы болған кезде, шығатын жеріне қарамастан, жүрдек, жолаушылар, қала маңында қатынайтын және жүк поездарында, сондай-ақ КПД-нің барлық қызмет көрсету учаскелері бойынша локомативтерде кідіріссіз және тегін жүруге құқықтары бар.
_______________________________________________________________ берілді
(лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)
Сапар _______________________ бағытындағы № _______________
ж/п__________________ станциясынан ________________________ ст. дейін және
кері _________________________ бағытындағы № __________ ж/п
____________________ станциясынан _________________ ст. дейін ілесіп жүру
үшін берілді. Шығу мақсаты: _______________________________
Көліктегі полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы темір жол учаскелерінде поездарға ілесіп жүру кезінде:
- Ресей Федерациясы аумағы арқылы өткенде 1996 жылғы 18 қазандағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы темір жол көлігі кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеу ерекшеліктері туралы келісім нормаларын;
- Қырғыз Республикасы аумағы арқылы өткенде 1997 жылғы 8 сәуірдегі Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы темір жол көлігі кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеу ерекшеліктері туралы келісім нормаларын басшылыққа алады.
Көліктегі полиция департаментінің бастығы
__________________________________
лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә.(елтаңбалы мөр)
Нұсқаманы өткізген:
1._______________________________________________________
2._______________________________________________________
Сыртқы жағы
_________________________________________________________
КПД-нің қызмет көрсететін учаскесін ЖПБ және ЖПБП жедел кезекшісінің белгісі (тел.______)
№ р/с | ЖПБ, ІІО-ның ЖП | Күні | Т.А.Ә. | Қолы | Күні | Т.А.Ә. | Қолы |
1. | |||||||
2. | ст. | ||||||
3. | ст. | ||||||
4. | ст. | ||||||
5. | ст. | ||||||
6. | ст. | ||||||
7. | ст. | ||||||
8. | ст. | ||||||
9. | ст. | ||||||
10. | ст. |
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
№ р/с | Ұсталғандардың тегі, аты, әкесінің аты | Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптары | Кім ресімдеді | Кім қабылдады |
1. | ||||
2. | ||||
3. | ||||
4. | ||||
5. | ||||
6. | ||||
7. | ||||
8. | ||||
9. | ||||
10. |
Поезд бастығының белгісі __________________________________ ________________
Қала маңына қатынайтын поезд вагонының аға жолсерігінің белгісі _______________
Тексерушінің белгісі _______________________________________________________