"Мұнай мен табиғи көмірсутек газы кенорындарының қорларын, перспективалық және болжамдық ресурстарын сыныптау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 27 қаза

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрдің м.а. 2009 жылғы 30 қазандағы N 299 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5865 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 2 ақпандағы № 71 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.02.2023 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мұнай мен табиғи көмірсутек газы кен орындарының қорларын, перспективалық және болжамдық ресурстарын сыныптау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 27 қазандағы N 283 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 3945 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 17 наурыздағы N 47-48 (854) санында жарияланған), мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мұнай мен табиғи көмірсутек газы кенорындарының қорларын, перспективалық және болжамдық ресурстарын сыныптау жөніндегі нұсқаулыққа:

      10-тармақта:

      1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "А категориясы қорларының шекарасын А категориясының және басқа категориялардың қорлары бар ұңғымалардың арасындағы ортасы арқылы немесе радиусы пайдаланылатын ұңғымалардың арасындағы шоғырдың арақашықтығының жартысына тең шеңбер арқылы жүргізеді";

      2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "В категориясы қорларының шекарасын В категориясының және басқа категориялардың қорлары бар ұңғымалардың арасындағы ортасы арқылы немесе радиусы пайдаланылатын ұңғымалардың арасындағы шоғырдың арақашықтығының жартысына тең шеңбер арқылы жүргізеді".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның кейін ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін


атқарушы

Д. Тұрғанов