"Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 635 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 2 шілдедегі N 284 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 29 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5730 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 16.02.2018 № 208 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 635 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда N 5453 тіркелген, 2009 жылғы 20 наурызда N 42 (1639) Заң газетінде жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5676 тіркелген "Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 635 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 172 бұйрығымен енгізілген толықтырумен бірге) мына толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшаны мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 115, 116 жолдармен толықтырылсын:

      "115. Аура-01ФР-KZ (3.0.633-нұсқа)

      116. РауVKP – 80KZ" (664-нұсқа)".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Қаржы министрі

Б. Жәмішев