"Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 172 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 14 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5676 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 02.03.2018 № 193 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 6 бабына және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 422 бабының 1, 2тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық мәслихаттың Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 20 ақпанда N 3-2-70 санымен тіркелген 2009 жылы 5 наурызда аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінің N 11-12 (1522-1523) сандарында жарияланған 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 98 "Тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын "Әйтеке би ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен базалық ставкаларының мөлшері N 1 қосымшаға сәйкес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін".

      2. Осы шешім ресми басылымда жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың

Аудандық мәслихаттың

сессия төрағасы

хатшысы

С.ТОЙШЫМАНОВ

А.ЕРМАҒАМБЕТ


  Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
21-ші сәуірдегі N 123 шешіміне
N 1 қосымша

Әйтеке би ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен базалық ставкаларының мөлшері

N

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төмен мөлшері
(АЕК)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған,ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3