"Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерек қорға беруінің нысандары мен ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы N 216 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 25 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5711 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 27 ақпандағы N 110 бұйрығымен

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2010.01.15 № 2/83 хаты.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7, 20-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысы негізінде, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту мақсатында және жұмысқа орналасуда қиындық көріп отырған халықтың әртүрлі тобын қолдау үшін Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2009 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 330 қаулыға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 30 желтоқсанда № 15-19-86 тіркелген, 2009 жылғы 4 қаңтарда «Уба-Информ» газетінің № 4 жарияланған) 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 444 «2009 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 330 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 06 мамырда № 15-19-95 тіркелген, 2009 жылғы 08 мамырда «Уба-Информ» газетінің № 19 жарияланған) қаулымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен мынадай толықтырулар енгізілсін:
      «Мақсатты топтарға жататын тұлғалардың тізбесі» 2-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес 14, 15, 16, 17-тармақтармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі                 Г.Ермолаев 

Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 26 мамырдағы
№ 490 қаулысына қосымша 

Мақсатты топтарға жататын тұлғалардың тізбесі

      14. Босатылған азаматтар;
      15. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан аса);
      16. Өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге, оның ішінде жұмыс көлемінің қайта ұйымдастыру және (немесе) қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні тәртібімен жұмыс істейтін тұлғалар;
      17. Жалақысы сақталынбайтын демалыстағы тұлғалар.