Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерек қорға беруінің нысандары мен ережелерін бекіту туралы" 2

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 27 ақпандағы N 110 бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің келесі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
      1) "Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерек қорға беруінің нысандары мен ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 18 ақпандағы № 80 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2751  болып тіркелген);
      2) "Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерек қорға беруінің нысандары мен ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 18 ақпандағы № 80 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 25 мамырдағы № 216 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5711 болып тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті
(Ә.С. Жұмаділдаев) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апталық
мерзімде бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                                    Б.Жәмішев